«АКАДЕМИК С.А.ДЖИЕНКУЛОВ
АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»
БІЛІМ БЕРУ
МЕКЕМЕСІ
«КЕЛІСІЛДІ»
Директордың
оқу-әдістемелік
жұмысы жөніндегі
орынбасары
________Р.А.Турмаханова
«_____»_________2021ж
|
«БЕКІТЕМІН»
Директордың оқу
ісі
жөніндегі
орынбасары
______Ш.А.
Дауленбаева
«___»
________2021ж
|
|
|
Тақырыбы: «Тапқыр
информатиктер»
(Білімділер
сайысы)
Пән
оқытушысы: Г.Е.Баттал
Күні: 24.11.2021
Курс: 1
Дәрісхана: 206
«Жалпы пәндер»
бірлестігінің жетекшісі: _______
Темирханова
С.Т
Байқоңыр
қаласы
Информатика
пәні оқытушысы: Баттал Гулназ
Еркинкызы
Информатика пәнінен
пәндік шара
Тақырыбы:
«Тапқыр информатиктер»
білімділер сайысы
Мақсаты:
Білімділік: Жалпы информатика пәні бойынша
білімгерлердің білімдерін тиянақтау, ой- өрісін кеңейтетін
тұжырымдар жасату және пән бойынша білімдерін
тереңдету.
Дамытушылық:
Білімгерлердің пәнге
қызығушылығын арттыру, өз ойларын айта білуге үйрету, шығармашылық
қабілетін және ой ұшқырлығын
дамыту.
Тәрбиелік: Білімгерлерді бірлікке,
адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, бәсекелестік
қабілетікке, ұжымдық сезімге
тәрбиелеу.
Түрі:
Сайыс
Көрнекілігі:
Проектор,
слайд
Жүргізуші:
Баттал Гулназ
Еркинкызы
Жүргізуші:
Құрметті оқытушылар мен
білімгерлер! «Тапқыр
информатиктер» білімділер сайысымызға қош
келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған
білімгерлерге сәттілік тілейміз.
Информатика болашаққа
бастайды
Келешекке білім қуған
жастарды
Қадам басып 21- ші
ғасырға
Барлық әлем жаңалығын
тастайды,
-дей келе бүгінгі сайысымызды
бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыс
шарты: Сайысымызға 1 курс білімгерлерінен
құралған 2 команда қатысқалы отыр. Әр команда 3 ойыншыдан құралған.
Ойын 5 кезеңнен
тұрады.
І
кезең Таныстыру (Әр топ
топтың аты мен ұранын айтып
шығады)
ІІ
кезең
Дешифратор («Ия» және
«Жоқ» деп жауап береді)
ІІI
кезең Сандар
сөйлейді (Әр топқа санау
жүйелеріне байланысты жеңіл есеп
беріледі)
ІV
кезең Интернет көмектес
(Берілген әлеуметтік желінің шығу тарихын
түсіндіреді)
V
кезең Аниматорлар (Пәнге
қатысты термин немесе құралды іс –қимылмен
көрсетеді)
Жүргізуші:
Әділ халқым берерсің
әділ баға
Білімі мен білігін
салыстырып- дей келе алдымен
сіздерді осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен
таныстырып өтейін.
1.______________________________________
2.______________________________________
3.______________________________________
Жүргізуші:
Төрағасы, төбе билер,
жюрилер
Әділетпен кеңес
құра біліңдер –дей отырып сайысымыздың І
кезеңі «Таныстыру» кезеңін бастаймыз. Жақсы таныстырған топқа 5
ұпай.
Командалармен танысып
өтейік:
Ғ-121 тобы «Интернет»
командасы
Ұраны:
«Болашақтың ұрпағымыз
білімді
Сайыста көрсетпекпіз колледжде
алған білімді»
Ғ-221
тобы «Жас
программист»
командасы
Ұраны:
«Тапқырлық таныту
мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы
атымыз»
ІI кезең.
«Дешифратор»
кезеңі
Әр топқа 10 сұрақ қойылады,
сұрақтың дұрыстығын «ия» немесе «жоқ» деген жауаптармен жауап беру
керек, әр дұрыс жауап 5 балл болып
есептеледі.
«Интернет» командасына
қойылады:
-
«Ақпарат» сөзі латын тілінен
аударғанда түсіндіру, баяндау,мәлімет дегенді білдіреді.
(ия)
-
Баспаға шығару құрылғысы
пернетақта деп аталады. (жоқ)
-
Адам ақпаратты сақтай алмайды.
(жоқ)
-
1
байт 8 битке тең. (ия)
-
Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.
(жоқ)
-
Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын
құрал.(ия)
-
Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу
құрылғысы. (ия)
-
Бит, байт ақпараттың өлшем
бірліктері. (ия)
-
Ақпараттың ең кіші өлшем
бірлігі килобайт деп аталады (жоқ)
-
Енгізу
операторы READ. (ия)
«Жас программист»
командасына қойылады:
-
«Информатика» пәні ЭЕМ-нің
көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын
зерттейтін ғылым. (ия)
-
1
Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
-
INTEGER
операторы нақты типке
жатады? (жоқ)
-
Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы
құрылғы (ия)
-
Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің
қажеті жоқ. (жоқ)
-
Паскаль тілін
Никлаус Вирт ұсынған. (ия)
-
MS
Word мәтіндік редакторының
кеңейтілімі doc.
(ия)
-
Процессор- ол компьютердің миы.
(ия)
-
MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған
Microsoft Office –тің құрамына кіретін
программа.
(ия)
-
Презентацияны әзірлейтін
бағдарлама MS
Access.
(жоқ)
Жүргізуші:
Ойын толқын жатқанда асып,
тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс
басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама
ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма
жасып.
Жүргізуші: Сонымен ІІI
кезеңіміз «Сандар
сөйлейді». Бұл кезеңде топтарға санау
жүйелеріне байланысты жеңіл есептер
беріледі. Үш білімгерге 3 есеп. Әр дұрыс
жауапқа 5 балл.
-
891/2
-
128/8
-
523/2
-
309/2
-
436/16
-
217/8
Жүргізуші:
Ойын толқын, айналған қатты
ағысқа
Табылғандай
танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста,
-дей келе келесі «Интернет
көмектес» кезеңімізді бастасақ. Екі топқа 2 әлеуметтік желі атауы
беріледі. Сол әлеуметтік желінің шығу тарихын интернет желісінен
іздеп, қарсы топқа түсіндіреміз. Жүйелі түсіндірген топқа 10
балл.
-
Вконтакте
-
Инстаграм
Жүргізуші:
Бұл бәйге ойдың
бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол
алда.
Біліммен ісі
сәйкессе,
Тапқыр болар
қашанда- дей келе соңғы кезеңімізді бастайық.
Жүргізуші: Бұл кезең «Аниматорлар» деп
аталады.
Ойынның
шарты: Әр командаға информатикаға
қатысты экранда құралдардың суреті немесе пәнге қатысты сөздер
беріледі. 1 студент экранға теріс қарап тұрады, қалған 2 білімгер
көрсетілген құралды іс- қимылмен көрсету қажет. Дұрыс жауап 10
баллмен бағаланады. Ал егер іс- қимылмен жеткізе алмаған жағдайда
балл қойылмайды. Әр білімгер 2 суреттен түсіндіру
қажет.
Ал командалар сіздерге
сәттілік, ойынның шарты түсінікті болса ойынды
бастайық.
Интернет
тобы:
-
Пернетақта
-
Әлеуметтік
желі
-
Тінтуір
-
Информатика
кабинеті
-
Веб
камера
-
Қауіпсіздік
ережесі
Жас программист
тобы:
-
Ак
халат
-
Роутер
-
Флешка
-
А4
парағы
-
Qr
-код
-
Интерактивті
тақта
Жүргізуші: Сонымен, әділқазылар
шешімі дайын болса, тыңдайық.
Жүргізуші: Осымен сайысымыз
аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен
алғысымызды айтамыз.