Маңғыстау облысы .Жаңаөзен қаласының. №5 «Сәуле
бөбекжай»
№5 «Қызғалдақ» ортаңғы
топ тәрбиешісі: Усенбаева Жадыра Женисовна
Білім беру салалары: Әлеуметтік
орта.
Бөлімі: Қоршаған ортамен
танысу.
Тақырыбы: «От – досымыз, от -
жауымыз»
Мақсаты:
Білімділік: Оттың пайдасы мен зияны туралы білімдерін және өрт
кезіндегі қауіпсіздік ережесімен
таныстыру.
Дамытушылық: Өрт кезіндегі
қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қабілеттерін және тілін дамыту.
Берілген сұраққа толық жауап беруге
үйрету.
Тәрбиелік: Өрт ережелерін сақтауға, ұқыпты, қырағы болуға
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:
Әңгімелесу, әңгімелеу,
сұрақ-жауап, ойын, қорытынды
мадақтау
Көрнекіліктері: Слайд, өрт сөндіру
балоны, өрт сөндіру машиналары, өрт сөндіру
құралдары.
Сөздік
жұмыс: өрт сөндіруші, өрт
қауіпсіздігі.
Билингвальды компонент:
өрт
сөндіруші — пожарник, от - огонь, өрт —
пожар, өрт қауіпсіздігі — пожарная
безопасность.
I.Кіріспе
бөлім
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа
тәрбиешілер келген. Қәне, қонақтармен
амандасайықшы.
Балалар: Саламатсыздар ма?!
Тәрбиеші: Балалар, біз қонақ келсе қуанамыз
ба?
Балалар: Қуанамыз!
Тәрбиеші: Қалай қуанамыз?
Балалар: Алақай! Қуанышты
жүзбен!
Тәрбиеші: Олай болса балалар, қонақтарға қалай
қуанатынымызды айтып жеткізейікші:
Шаттық шеңбері.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын кез келді.
Күлімдейді күн бүгін,
Қайырлы таң! Қайырлы
күн!
II.Негізгі
бөлім
Тәрбиеші: Балалар, біз өткен
сабақта не өттік? Қандай тақырып өттік? Біз өткен сабақта «Менің
туған өлкем» тақырыбын өттік.
Балалар менің сендерге жұмбақ
жасырғым келіп тұр, олай болса мұқият
тыңдаймыз.
Жалт-жұлт
етеді,
Жалмай-жалмай жұтады
(От)
Жарайсыңдар, балалар! От
қараңғы кезде жарық болады.
-
От – бізді жабайы аңдардан
қорғайды.
-
Отқа тамақ
пісіреміз.
-
Пешке от жағып, үйімізді
жылытамыз. Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам
күйіп қалады. Өрттің шығу себептеріне тоқталайық. Өрттің шығу
себептері туралы білгілерің келсе мына видео сюжетке назар
аударайық.
Видео сюжет: «Өрттің шығу
себептері»
Өрттің шығу себептері туралы не білеміз? Қане кім
айтады?
Балалар:
1. Шырпымен ойнаса;
2. Үтікті қосып кетіп қалса;
3. Газды ашық қалдырып кетсе;
Осы кезде есік
қағылады.
Тәрбиеші: Балалар, тыңдаңыздаршы, есік
қағылғандай болды ма? Қазір мен
қарайын.
Ішке өртсөндіруші
кіреді.
Өртсөндіруші: Саламатсыздар ма,
балалар?!
Балалар: Саламатсыз ба,
өртсөндіруші ағай!
Өртсөндіруші: Саламатсыз ба, апай?! Апай,
балалар, сіздер оттың пайдасын айтып, мақтап отырсыздар.
Дұрыс, «от –біздің досымыз, әрі
жауымыз».
Тәрбиеші: Қалай
сонда?
Өртсөндіруші: Отты дұрыс пайдаланбаса бір
сәтте ол бізідң жауымызға айналады. Қазір мен сендерге түсіндіріп
берейін. Мына суретке қараңдаршы.
Слайдпен жұмыс
жүргізіледі.
-
Шырпымен дос болма.
-
Өрт
қауіпсіздігін есте сақтау.
-
Электр бұйымдарына абай болу (үтік,
т.б.)
-
Түтін кезінде өрт қауіпсіздігін есте
сақтау.
-
Бенгаль шамдарына абай
болу.
Өртсөндіруші: Балалар, мына құралдар менің көмекшілерім. Өрт
сөндіру құралдарының маңызы туралы қысқаша айтып
өтейін.
-
Күрекпен құмды атып, өрт
сөндіреді.
-
Мынау көбік толы өртсөндіру
балондары.
-
Шелекпен су шашады.
-
Ырмақпен жанып жатқан затты
аластатады.
Өртсөндіруші:
Бұлардың бәрі менімен бірге мына бір әдемі үйде
тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, ана жерде өрт жанып
жатыр. Енді не істейміз? Қарап тұрмайық, өртті сөндірейік. Ол үшін
біз не істейміз? Қане, кім айтады?
Балалар: Үлкендерге айту
керек.
Тәрбиеші: Балалар, шаршап қалған боларсыңдар,
бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті
орындалады.
Өрт қауіпсіздігі туралы
қандай тақпақтар
білеміз?
Инжу: От жақпа күйерсің
Өртеніп жүрерсің
Сіріңкені ұстасаң
Бәлеге сен түсерсің
Раяна : Оттың ісі қуырмақ
Желдің ісі суырмақ
Қазір жанған жалынды
Алып ұшып қуалмақ
Анель: Кешір, досым,
қателестім.
Шырпыны ұстап, көктемеспін.
Ата – ананың рұқсатынсыз
Сіріңкеге беттемеспін.
Ермухан : Алыңдар ұғып,
балалар,
Істері кейде шалалар.
Шырпы, оттық, электрге
Шама келсе жоламаңдар.
От туралы қандай мақал –
мәтелдер білеміз?
Отпен ойнама, күйерсің.
* * *
Ойын түбі – от.
* * *
От жақпа - пісерсің,
Ор қазба – түсерсің.
* * *
Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – күйерсің.
* * *
От пен су – тілсіз жау.
Өртсөндіруші: Рахмет, балалар,
сендердің өрт сөндіру қауіпсіздігі ережесін білгендерің жақсы, олай
болса балалар, бәріміз бірге ойын
ойнайық.
Сюжетті – рөлдік
ойын: «Өрт ережесін
сақтайық»
Мақсаты: Балаларға өрт сөндіру
қауіпсіздік ережелеріне сәйкес суреттер таратылады. Сол суреттерге
қарап ойларын дамыту.
Өртсөндіруші: Балалар, мен сендерге
қатты риза болдым. Өртсөндіруші балалар мен қонақтармен қоштасып,
шығып кетеді.
III.Қорытынды
бөлім
-
Балалар бүгін біз нені
үйрендік?
-
Өрт сөндіруші ағай сендерге
нені түсіндірді?
-
Балалар естеріңде болсын, өрт
кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер
оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз
жеткіздіңдер.
-
Балаларды мадақтап сабақты
аяқтау.