400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Тақырыбы: ««Тәуелсіз елдің баласы»»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ата-аналрға арналған интеллектуальдық ойын.«Не? қайда? қашан?»

Тақырыбы: ««Тәуелсіз елдің баласы»»

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер, балабақша бүлдіршіндері,бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған,сол жылда дүр сілкіндірген  Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған ««Тәуелсіз елдің баласы»» атты  интеллектуальдық ойынды бастаймыз.

Жүргізуші: Бүгінгі сарапшылар командасы «Еркетай», «Балдырған» ата-аналар тобынан тұрады. Ата –аналрға қарсы ойнайтын «Еркетай», «Балдырған» тобының бүлдіршіндері.

Ойын алдында Әр ата - ана өзін таныстыру керек, өзінің атына екі - үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу - Айсұлу.

Енді өздерін келісіп капитан командасын таңдандар.


Жүргізуші: Ал енді ойын ережесімен таныстырып кетейін: Сарапшылар командасы сұрақтарды алдында тұрған волчекті айналдырып таңдайды. Командаға ойлануға бір минут беріледі содан кейін капитан немесе ойын қатысушы жауап береді. Сұрақтан қиналған жағдайда аудиториядан көмек сұрауыңызға болады.

Ал енді ойынды бастаймыз. Капитанды волчекті айналдыруын сұраймыз.


Жүргізуші: 1- раунд.

Экранға назар аударыңыз бүл сұрақты сендерге Мират Мәлике қояды.

-Сәлеметсіздер ме құрметті сарапшылар сіздерге қоятын сұрағым:

Біздін балабақша қай көшеде орналасқан??

Ойлануға 1 минут беріледі.

Уақыт өтті дұрыс жауабы?

-----------------------------

Өте жақсы дұрыс жауап сіздердің қоржынызда 1 ұпай.


Жүргізуші: 2- раунд.

Сарапшыларға қарсы Шеныбай Аяжан ойнайды

-Амансыздар ма құрметті қонақтар менің мына сұрағыма жауап берінізші:

ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды?

Талқылап, сарапшылар жауап береді.

Жүргізуші : Дұрыс жауапты тыңдаймыз

Алпысбай Еркеназ: (1991 жыл)

Жақсы дұрыс жауап сізердін қоржынызда 2 ұпай.


Жүргізуші: Енді комана демалсын, ал біз көрермендермен ойын өткіземіз.

Ойынын ережесі: қойылған сұрақтарға тез жауап беру. Кім сұрақтарға дұрыс және тез жауап берсе сол көрермен залдың ең үздік ойыншысы атанып марапатталады.




Жанкүйерлерге сұрақтар:

1. Күз айларын ата? Кырүйек, қазан, қараша
2. Неше рәміз бар?
3
3. Туда не орналасқан?
Ою, күннін көзі, қыран құс
4. Қазақстан қандай мемлекет?
Тәуелсіз
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
Қазақ тілі
6. Мысық қай қыздын қаттығын төгіп тастады?
Мақта қыз
7. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Н.Назарбаев
8 Апта күндерін ата?
Дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

9Ертегілерде байларды алдайтын кейіпкер кім? Алдар көсе


Жүргізуші: 3- раунд.

Құрметті ойыншылыр сіздерді волчекті айналдырып келесі сұрақты таңдауынызды сұраймын

Сіздермен ойнайтын «Еркетай» тобының тәрбиешісі Мадина Жардемовна

-Сәлеметсіндер ме құрметті ойыншылар сіздерге қоятын сұрағым

Жоңғар шапқыншыларын талқандаған каһарман батырларын атандар.

Ойлануға 1 минут беріледі.

Уақыт өтті дұрыс жауабы?

-----------------------------

Жүргізуші: Дұрыс жауабын тыңдаймыз
Жауабы:  (Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай)


Жүргізуші: 4-раунд

Сіздерге Алпысбай Еркеназ сұрақ қояды

Сәлеметсіздер ме менің сіздерге қоятын сұрағым

Абайдың шын аты кім?

Ойлануға 1 минут беріледі.

Уақыт өтті дұрыс жауабы?

-----------------------------

Жауабы: (Ибраһим)


Жүргізуші: 5 - раунд.

«Қара жәшік»

Cұрақ: Ертеде қазақ халқы бұны бала кезде қолына алып, жас кезінен бастап ойнай бастайды. Тіпті бала тумай жатып, жас нәрестеге арнап бұны жинайтындар да болған. Бұл ойынының ерекшелігі үйде де, далада да ойнауға болады. Ертеде қазақтың қыз-келіншектері де ойнаған. Сондай-ақ бұрынғы аға буын өкілдерінде бұл ойынды ойнамай өскен бірде-бір адам жоқ.
Жауабы: Асық


Жүргізуші: 6-раунд.

Сіздермен ойнайтын Макзумов Мансұр

Қайырлы күн! Құрметті қатысушылар менің сіздерге қоятын сұрағым

ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?

Жауабы: (30 тамыз1995ж.)


Жүргізуші: Сарапшылар шаршаған шығар «Еркетай тобының балалары сізерге музыкалдық пауза силайды. Қарсалыңдаар «Еркетай» тобы «Атамекен» әнімен.


Жүргізуші: 7- раунд.

Экранға назар аударындар сіздермен ойнайтын Есенкелді Еснұр.

-Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар сіздерге қоятын сұрағым

Желтоқсан жұлдыздарын атаңдар.  

Ойлануға 1 минут беріледі.

Уақыт өтті дұрыс жауабы?

-----------------------------

Жауабы (Қайрат.Рысқұлбеков, Ляззат Асанова.)


Жүргізуші: 8 раунд.

Келесі сұрақты сіздерге қоятын Мырзагельді Еркежан

Сәлеметсіздерме менің сіздерге қоятын сұрағым Әнұран авторларын атаңдар.

Ойлануға 1 минут беріледі.

Уақыт өтті дұрыс жауабы?

-----------------------------


Жауабы: (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев,

әні: Ш.Қалдаяқов)


Тәрбиеші: Осымен тәуелсіздік күніне арналған Еркетай, Балдырған тобының сіздерге дайындаған ойыны аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

Бақтың құсы әр адамға қонып бір, -

О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын!

Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі