400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Тақырыбы: Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшісі: Газизова Назгуль Маратовна

Тақырыбы: Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім

Мақсаты:Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды . Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету.

Әдіс – тәсілдер: Ойтолғау,  басқа адамнан сұрау, Қадағалау ,көрме (фото, сурет), ақпаратты кітаптардан, газет-журналдардан,сұрақ жауап, Акт қолдану,

Көрнекілігі:ҚР Рәміздері, суреттер, нақыл сөздер, бейне таспа

Музыкалық және бейне көркемдеу  «Қазақстаным –Отаным менің» әндерінің аудиожазбасы, «Astana EXPO – 2017» бейне

Барысы:

Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: « Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім »

Әнұран

«Мақалды тап» ойынын ойнайық.

Отан – ....  да ыстық.

Отан -…….нан басталады. Т.б

Карта бөліктерін құрау

Топтың аттары:Алматы –қызыл түсті

Астана- көк түсті

Өскемен –сары түсті

Осы қалаларға не ортақ?

Картамен жұмыс

Балалар, енді Қазақстан туралы не білетінімізді тексерейік. Кішігірім сұрақ-жауап өткізіп, сендердің білімдеріңді тексерейік.

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)

  2. Ұлттық валюта (Теңге)

  3. Ақындар жарысы (Айтыс)

  4. Қазақстан Республикасының тұңғыш ұшқыш-ғарышкері (Т.Әубәкіров)

  5. Қазақ фольклоріндегі, халық ертегілеріндегі әзіл әңгімелер кейіпкері (Алдар көсе)

  6. Қазақтардың ұлттық үйлері (Киіз үй)

  7. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)

  8. Ұлттық сусын (Қымыз)

  9. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (Н.Назарбаев)

  10. Қазақстан Республикасының Конституция күні (30 тамыз)

  11. Түйелер тізбегі (Керуен)

  12. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

  13. Қазақстан халықтарының бірлігі күні (1 мамыр)

  14. «Шаңырақ» ненің нышаны? (Шаңырақ – отбасы, жанұя)

  15. Ғарышты зерттеу бойынша қала-орталық (Байқоңыр)

16.Қазақтың ұлттық аспаптары (Домбыра, сыбызғы, қобыз

Енді Қазақстанның тарихына шолу жасап өтейік

1-кезең Лағыл

2-кезең Тоғжан

3-кезең Сабина

Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам ?


Топтық жұмыс                                              

  1. О Т А Н

  2. Патриот

3-Патриот адамдар кімдер?

Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға

–  өз мемлекетінің  жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам екенін  атап өту маңызды.

Патриотизм     – отанына деген сүйіспеншілік;

– өз халқының мүмкіндіктері мен күштеріне сену;

– өз ұлтына тиесілі болғанына мақтаныш;

– ұлттық мәдениетке деген махаббат;

– Отанын қорғауға дайын болу;

– Отан игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету;

– өз өміріне қауіппен Отан мүддесін қорғауға  шынымен дайындығы;

– сайлау, сауалнамалар, референдум кезінде патриоттық ұстанымын нақты білдіру;

 

2016 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі. Назарбаев Н.Ә.  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы.

  

Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған-туысқаның. Отан – бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

– Біздің Отанымыз қалай аталады?              

  – Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

– Қазақстан Республикасының президенті кім?

Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін EXPO көрмесі туралы білімдерін тереңдету. Елорданың көркіне көрік қосар тамаша заманауи ғимараттар бой көтереді. Ең бастысы, EXPO-2017 қазақ елінің, оның елордасы – ару Астананың абыройын асқақтата түсері анық.Біз соған қуанамыз!                                       «Astana EXPO – 2017» видео көрсету

 

«Мен кім болам?» тақырыбында  ауызша оқушыларға айтқызу.

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Қыздардың орындауында «Домбыра» биі

 ХОРМЕН  «Қазақстаным-Отаным менің» әндерін орындау

Рефлексия.

Қорытынды:  Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.Еліміздің жанашыр патриоты болайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
1783
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі