Материалдар / Тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік жетістіктері»Тәуелсіздік тарихына шолу жасау. Оқушыларды елжандылыққа , Отансүйгіштікке баулу. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова , Ербол Сыпатаевтың өмір жолдарымен танысу және артында қалған мұраларын қастерлеп, халық батырларының рухына тағзым ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
526
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»
Мақсаты:
Тәуелсіздік тарихына шолу жасау. Оқушыларды елжандылыққа ,
Отансүйгіштікке баулу. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова , Ербол Сыпатаевтың өмір жолдарымен танысу және артында қалған мұраларын қастерлеп, халық батырларының рухына тағзым ету.
Көрнекілігі: Желтоқсан оқиғасы туралы деректер беретін кітаптар көрмесі, баннер, қанатты сөздер, шарлар, ҚР-ның рәміздері, Н. Ә. Назарбаевтың суреті.
Барысы:


Мұғалім: Қазақстан тәуелсіз азат елім,
Кең байтақ , қасиетті туған жерім.
Таңдай қағып бар әлем тамсанатын,
Құдіретіңнен айналдым асыл елім.
Саламатсыздар ма оқушылар! Міне, алдымызда ҚР-ның тәуелсіздік мерекесі келе жатыр.

«Тәуелсіздік жетістіктері» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз

Оқушылар біздің тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл неше жыл толады?

Ендеше Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын!

Сол Тәуелсіздікке жетеміз деп қыршын кеткен жастарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

(1 минут үнсіздік)

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты дайындаған ашық тәрбие сағатымыздың маңыздылығымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұланғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз Тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар құрбан болды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап күні кешегі Қайрат Рысқұлбековке дейін сол елді қорғауды ұран еткен.

Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан еткен Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбираның аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.

Мақсат:Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.

Дильназ:ХVІІІ ғасырда «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманы еліміз үшін өте ауыр кезең болды. «Жау жеңетін жігітті жарағынан танимын, дау жеңетін жігітті талабынан танимын» дегендей адастырмас ақыл мен қара қылды қақ жарған, әділдік пен береке ұйытар бірлікке шақырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің орны ерекше.

Әділет:Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – «желтоқсан оқиғасы». Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақат алған 1283 адам қаланың медицина мекемелеріне барды.

Тәуелсіздік – қазақ елі үшін киелі ұғым.

Т - білдіреді теңдейді. Ә - әдептілік ерлікті. У - уайымсыз, уақытты. Е - егеменді, елдікті. Л - дейді лағып, лепірме. С - сенімділік , секілді ең. І - ілтипат пен ізет қой. З - зиялылық тілек қой. Д - шақырады достыққа. І -ілкімді бол сақтыққа. К - дейді күн боп көктегі.

Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың ерлігіңді сағың сынбай,
Көреріңді көрсең де азаппенен.

(«Көңіл толқыны» күйі орындалады, қазақ халқының басынан өткен тарихқа байланысты видеоролик көрсетіліп тұрады 2,37мин)

https://www.youtube.com/watch?v=dhACslPLK8I

Мұғалім: Міне оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

1986 жыл, 16-желтоқсан «Желтоқсан желі» видеороликті тамашалау.

https://www.youtube.com/watch?v=5o_swYUqUoo

Сонымен оқушылар, осы көрсетілген бейнебаяннан өзімізге қандай ой түйдік?

Ендігі кезекте оқушыларымыздың Тәуелсіздікке жету жолдарында айтылып кеткен өлең шумақтарын тыңдайық.

(Елімай әуені орындалып тұрады.)
Ернұр: Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртыңнан айрылған жаман екен ,
Екі көзден мөлдіреп жас келеді.
Қазақтың қайда жиын мерекесі?
Ел-ауыл, жердің кетті берекесі.
Ханзада, ханым болып өскен ұл-қыз,
Қай елдің болып кетті келекесі.
Ернар: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
Диана: Біз - қазақпыз!
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен,
Жетер енді, желпінейік, қарайық
Мына өмірге иегердің көзімен,
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған Тәуелсіздік күшпен өткен.
Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы
Олжа емес салбырап түскен көктен.
Қуаныш араласа қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндігін ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы өткен.

«Тарихи тұлғалар немесе әдеби кейіпкерлер» деп аталатын бұл бөлімде оқушыларымыздың білімдерін тексеріп көрейік

1. «Қарлығаш әулие» атанған шешен кім? (Төле би)

2. «Езілген қазақ елінің

Бағы үшін туған ер» деп кімді жырлаған? (Амангелді)

3. Қазақтың асқан ақылгөй жырауы кім? (Бұқар жырау)

4. «Ерлігіне ақылы сай батыр бастаған іс қашанда халық тілегінен шыққан. Үнемі жақсылықпен бітіп отырған». Бұл қай мәтіннен және кімге байланысты айтылған? («Ақжолтай Ағыбай батыр»)

5. «Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Арың үшін алыссаң, өлмейсің» деген қай батырдың сөзі? (Бауыржан Момышұлы)

6. «Үш бәйтерек» аталған қайраткерлер кімдер? (Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров)

7. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің авторы кім? (Абай)

8. «Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет, белді шеш те кешіп өт» деп өзінің күнделігіне жазған қазақтың батыр ұлы кім? (Қайрат Рысқұлбеков)

9. «Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім» деп жырлаған батыр ақын кім? (Махамбет Өтемісұлы)

10. ҰОС-да жауынгерлерге әсем әнімен рухын көтерген қазақтың қос бұлбұлы? (Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова)

Мұғалім: Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық дейтін ұғымның,
Желтоқсан тұр басында.
Мұғалім: Тарихта «Құйын – 86» мәңгі есте қалады.

Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерімізді араларымыздан алып кете барды. (Сахнаға шырақ жаққан 3 оқушы шығады. Олар өз сөздерін айтып шырақтарын кезектеп сөндіреді)
Бекзат: 1986 жылы 19желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді. 23 желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол ата-анасының жалғыз баласы еді. «Құйын – 86» операциясының құрбаны болды.

Елімнің садағасы жаным менің,
Жігері от, намысшыл ұлың едім.
Желтоқсанның алауы жанды мұзда,
Мәңгі жасай берсін тек қазақ елім!

Сабыржан: Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс, тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де нәзік үнің естіледі. Сен тірі болсаң қазағымның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.

Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды,

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды.

Айналайын атыңнан қазақ елім ,
Жазықсыз жапа шеккен жаным менің.
Намыстан жаным күйді, жүрек жылап
Сен үшін шыбын жанды қиып бердім.

Даяна: Желтоқсан қаһарманы Қ. Рысқұлбеков жиырма екі-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.

Елбең, елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден.
Алатаудай бабалар!
Аруағыңмен жебей көр.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең , алыңдар!
Атам десең, атыңдар!

Бұл сөнген шырақтар, қыршынынан кеткен қазақ жастарының сөнген шырақтары! Ендеше оқушылар теледидардағы «Желтоқсан желі» атты бейнебаянға назарымызды аударайық.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктеріміз. Сәйкестендіру арқылы жылдар мен атаулы күндерді анықтау.

Жылдар

Атаулы күндер

1991 жыл, 29 тамыз

ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1991 жыл, 2 қазан

Ұлттық валюта – Теңгенің айналысқа енгізілуі.

1991 жыл, 1 желтоқсан

ҚР тәуелсіздік күні

1991 жыл, 10 желтоқсан

Семей полигоны жабылды

1991 жыл, 16 желтоқсан

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992 жыл, 2 наурыз

ҚазақКСР - нің Қазақстан Республикасы болып аталуы.

1992 жыл, 4 маусым

Жаңа Ата заңымыз қабылданды

1992 жыл, 7 мамыр

ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

1993 жыл, 15 қараша

ҚР Қорғаныс министрі құрылды.

1995 жыл, 30 тамыз

ҚР мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Мұғалім: Егемен ел болдық қаһарман ерлікпен,
Бағымыз жанады , бауырмал елдікпен.
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, елдікпен.

1991 жылы 16 желтоқсанда сан ғасырлар бойы армандаған ұлы күнге жеттік. Өз туымызды биікке көтеріп, әнұранымызды әуелеттік. Ата заңымыздың аясында бейбіт күннің шапағатына бөлендік. Әлемге аз уақытта танылған жасампаз бейбітшілік пен келісімнің қаласы Астанамыз мақтанышымызға айналды. Өз шекарамызды еншілеп, шет елдермен байланыс орнаттық.. Алпауыт елдердей ел экономикасы қарыштап дамып ке

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен,

Европа да, Азияда емеспін мен.

Аралықпын, жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тел өстім мен.

Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді,

Текке қанын төккен жоқ Аманкелді.

Кең далаңда керіліп, атыңды атап,

Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді.

Әуеніңнен сонда мен алып көрдім,

Жақсылыққа жаралған халық көрдім.

Жорамалым ақталды, жаңылмаппын,

Жайла, қазақ, өмірдің жарқын төрін

Тақтадағы тәуелсіздіктің шежіре ағашына тәуелсіз елімізге деген өз тілектеріңді арнап, жазсаңдар деймін.

(Тәуелсіздіктің шежіре ағашына өздерінің жүрекжарды тілектерін жазады)

Мұғалім : Құтты болсын мерейтойым мерейлі ,
Бейбіт күннің нұры мәңгі сөнбейді.
Байрағымыз желбірейді биікте,
Мен қазақпын, қазақ атым өлмейді.
Егеменмін, тәуелсізбін, еркінмін,
Өсе берсін ұландары елімнің.
Қазақстан қарыштай бер гүлденіп,
Атамекен қастер тұтар киелім.
Елдігіміз бен бірлігімізді, ынтымақ пен татулығымызды айқындайтын егемендігіміз мәңгілік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!









39 қазақ орта жалпы білім беретін мектебі










«Тәуелсіздік жетістіктері»

(7 Ә класс)








Класс жетекшісі: Гаппанова А.Қ




















2020-2021ж


IMG_0150.jpg


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ