400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы "Тәуке хан" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер сабақтарына қосымша материалдарын алу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары Мұғалім; Ермағанбетова А Сынып; 7 б

Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Тәуке ханның, хандық құрған кезіндегі елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәукеніңел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін әңгімелеу. Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңдары мен қазақтың ұлы билердің өмірі мен қызметі даналықтары туралы мәліметтермен танысу.
ә) Тәрбиелігі: Өз елінің тарихын білуге, Қазақ тарихында Тәуке хандай құдіретті саясаткер және көреген мемлекет қайраткерінің халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
б)Ддамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру. Түрлі тірек - сызбалар, түрлі танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту, өткен және қазіргі оқиғалармен салыстыра білуге үйрету. 
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта, тірек - сызбалар, т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Оқушыларды топқа бөлемін; 1-топ Қарақан, 2-топ Қыпшақ, 3-топ Қарақытай

Үйге тапсырмасын сұрау

  1. Өрбұлақ шайқасы туралы не білесіңдер әңгімелеп беріңдер

  2. «Би» ұғымын қалай түсінесіңдер ?

  3. Жер иелену түрлері қандай олар қалай бөлінген ?

ІІ. Жаңа сабақты баяндау:
І. Оқып пікір талдау стратегиясы (Сабақты түсіндіре отырып, жетелеу сұрақтары арқылы оқушыны қатыстыру)

. Тәукенің хан тағына отыруы. Тың өзгерістер енгізді «Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды
Хан мен билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болды
Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды
Феодалдық талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты Қазақ хандығын құруға күш салды
. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы жағдайы.
Елдің ішкі жағдайы өте шиеленісіп тұрды.Үстем тап өкілдері арасында ішкі, талас - тартыс пен алауыздық өрші түсті,Қазақ жүздері біртұтас қазақ хандығын мойындағанмен, іс жүзінде олар Ұлы ханға бағынбауүрдісін ұстандыСұлтандардың өздері кіші хандарға бағынғысы келмей, өз алдарына жеке - дара билік жүргізуді көздеді, Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының сыртқы жағдайы
Орыс мемлекетімен экономикалық және саяси - дипломатиялық байланыс орнатуға тырысты1573 жылы С. Малцев пен Т. Чебуков бастаған орыс елшілігі келді. 1694 жылы Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады.Ресей болса қазақ хандығын Сібір ханы Көшімге қарсы одақтас еткісі келді. 1598 жылы Көшім біржолата жеңіліске ұшырады
Тәуке хан жоңғарларға қарсы күреске көршілес жатқан қырғыздар менқарақалпақтарды да тартты.

  1. «Жеті жарғы»
    Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш - қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті жарғы» еді. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз осыдан қалса керек. «Жеті жарғы» қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары. Жарғының негізі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы сияқты» байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларының алынды. Зерттеулерге қарағанда «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке ханның ұсынысымен қазақ елінің таңдаулы жеті биі қатысқан. Солардың қатарында өз заманының үш данасы, үш кемеңгер деп танылған қазақ халқының үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек және Әйтекелер заң жобаларын сахараның сол замандағы тұрмыс – тіршілігіне сәйкестендіре жаңартып қайта жасаған. Қазақша «жарғы» деген сөз әділдік деген ұғымды білдіреді.
    Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
    1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық – қарлық, барымта.
    4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы.7. жесір дауы.
    5. Ұлы билер
    XVII ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын нығайтып, сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде Ұлы билердің қосқан үлестері зор болды
    Төле би
    - 1663 - 1756 ж. ж өмір сүрген. Ұлы Жүздің төбе биі. Жамбыл облысы, Шу өзені Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер. Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі
    - Жеті Жарғы Заңын жасаушылардың көрнекті өкіл
    -«Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған.
    Қазыбек би
    - 1667 - 1764 ж. ж. өмір сүрді. Сыр бойында дүниеге келген. Орта Жүздің биі. Арғын тайпасының Қаракесек руынан. Қазақ хандарының ақылшысы, елші - мәмлегер, дипломат.
    - Жоңғар хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған Асқан шешен, ел басқарған, дау - жанжалды шешкен.
    Әйтеке би (Айтық)
    - 1682 - 1766 ж. ж. өмір сүрген. Кіші Жүздің биі. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан.
    - Аты аңызға айналған ақыл - ой алыптарының бірі, 12 жасына дейін әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген.
    - Бұхар мен Самарқан медреселерінде араб - парсы тілдерін үйренген.
    Сергіту кезеңі: Отан, туған жерге байланысты мақал - мәтелдер айту.

  2. Отаны- бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің, тілегі бір.

  3. Отансыз адам-бұлбұлсыз орман.

  4. .Ел бірлігі-ел теңдігі

  5. Жұрт дегенде жұмылып, ел дегенде егіліп.

  6. Туган жер тұғырың, туған ел тұғырың.

  7. Ел қадірін көрген біледі, жер қадірін жүрген біледі.

  8. Бөтен жердің гүлінен, туған жердің тікені артық.

  9. Ел болам десең, бесігіңді түзе.

1-топ 2-топ

1 Манғол шапқыншылығының зардаптары ? 1. Құн дегеніміз не ? 2.Тәуке хан саясатының басты бағыттары? 2.Құрылтай дегеніміз не ? 2. «Жеті жарғыда» қаралған мәселелер3. Сепартизм деген не?

3-топ

1.1681-1685 жыл қандай оқиға болды?

2.Қонтайшы деп кімге айтылған?

3.Бұланта өзенінің бойындағы шайқас қалай аталды ?

Сабақты қорыту кезеңі «Білім әлеміне саяхат»
1. Тәуке хан дала ақсүйектерінің өкілі........................ көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты.
2. Тәуке хан бірқатар шаралар қабылдады. Ол билер кеңесінің өтетін...................... мен белгіленді.
3. Билер кеңесі...........................,.. және........................... өткізілген.
4. Билердің даналығы мен кемеңгерлігі хандықты ауыр сыңдардан аман.................... бағытталды.
5. 1687 – 1688 жж. Тәуке....................... жайлы Бұхара ханы Субханкулимен келіссөздер жүргізілді.
6. Тәуке хан орыс – қазақ қатынастарын жақсарту барысында 1686 – 1693 жж......................... жіберді.
7. 1698 жылдан бастап.......................... мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстың жаңа кезеңі басталды.
8. «Жеті жарғыға»......................... азаматтық құқық нормалары,......................,........ туралы ережелер енгізілген.
9. « Жеті жарғы» бойынша жоғарғы судья........................ болған.
10. Өлім жазасы екі түрлі болған:................. және...................... өлтірілген..
11...........Көшім біржолата жеңіліске ұшырады.

Сабақты қорытындылау кезеңі. «Кім жылдам?»

Оқушыларды топ бойынша және жеке бағалаймын.

Үйге тапсырма: «Тәуке хан тұсындағы қазақ елінің жайы» шығармашылық тапсырма.











1. Сабақтың өтілетін мерзімі: 30.10.2014ж

2.Сабақтын тақырыбы: §16 Қазақстан индустрияландыруының әлеуметтік- экономикалық және демографиялық салдарлары

3.Сабақтың максаты:

а)білімділік: оқушыларға еліміздің 1920-1939жылдарындағы индустрияландыру, елдің әлеуметтік –экономиялық және демографиясы жайлы мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

б)тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,
адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан карта, тірек сызба, слаид, тірек сұрақтар

Сабақтың формалары:жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың барысы:1)¥йымдастыру кезеңі.

а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә)Тақырып бойынша қайталау пысықтау сұрақтары қойылады.

б) Жаңа сабақты схема-кесте арқылы салыстырмалы түрде түсіндіру және дәптерге жазғызу.

Сабақта жасалатын әрекеттер.

  1. Топқа бөлу

  2. Мәтінмен жұмыс

  3. Тақырып бойынша сұрақтар

  4. Сандар сөйлейді

  5. «Сәйкестендіру»

V.Жаңа тақырып:Қазақстанның индустриялы дамуының бірқатар ірі әлеуметтік экономикалық салдарлары болы. Өнеркәсіп халық шаруашылығында басым салаға айналды. 1939 жылы 58,9 % жетті, ауыл шаруашылығының өнімінің үлесі 41,1%- тең болды. Қазақстан халқының құрамында маңызды әлеуметтік-демографиялық өзгерістер болды. 13 жұмысшы поселкелер қалалық мәртебе алды. Қазақстанда 81 қала және қала типтес поселкелер болды 1926 жыл олардың саны 44 болған. Осы кезеңде қала тұрғындарының саны 8,2%-дан 27,7%- дейін артты.1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.

Стахановшылар қозғалысы.

Оң әсері 
1. Жаңа техника мен технология меңгерілді. 
2. Жұмысшы табының мәдени – техникалық деңгейі жетілдірілді.
 
3. Еңбек өнімділігі артты.
 
4. Индустрияландырудың даму қарқыны тездетілді.

Теріс әсері 
1. Жағдайға қарай ыңғайланып, реттелетін қозғалысқа айналды. 
2. Жаппай стахановшыландару жүргізіліп, өндірістің берекесі кетті.
 
3. Жекелеген адамдарға рекорд үшін жағдай жасалды.
 
4. Еліктеушілік, біріңғай ойлаушылық психологиясы қалыптасты.

  1. РShape1

    Қазақтардың саны 1806

    Shape2

    1939ж

    Shape3

    1926ж ж

    еспублика қала тұрғындарының ішінде қазақ





Shape4

Орыстардың үлесі



Shape5 Shape6 53,7 57,7

Shape7

Қала және қала тектес поселкелер



Shape8 Shape9

44 81



Қызығушылықты ояту.

ОShape10

3-топ









Shape11

1-топ

Shape12

2-топ

қушылар тақырыптарға сәйкес үш топқа бөлінеді









Топтарға сұрақтар қоямын, сабақ барысында оларды бағалап отырамын.

a) Жаңа тақырыпты бекіту үшін төмендегі сұрақтарды қоямын.



1. Қазақстанда Стахановшылар қозғалысын кімдер жандандырды? 2. Түрксіб құрылысының экономикалық маңызы қандай ? 3. Қазақстанда индустрияландырудың алғашқы құрылысын ата ? 4. Донбасстың жаңашыл забойшысы ?

2. Тапсырма топтар ұяшыққа жасырылған сұрақтардың жауаптарын әр топттың оқушылары ұяшық санын таңдап сұрақ жауаптарын табады.

1. Орал--Ембі мұнайлы ауданын зерттеумен кім аиналысты ? 2. Түрксіб сібір темір жолында неше мың адам жұмыс жасады ? 3. Стахановшылар көтерілісінің бастамасышысы кім болған ? 4. Индустрияландыру неден басталды ? 5. Жұмысшыдан Түрксіб теміржолының бастығы лауазымына дейін көтерілген кім ?

1.Орталық Қазақстан шикізат байлықтарын кім зерттеді ?

Т.Күзембаев

2.КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдығы ?

1926-1940 жыл

3.Қай жылдар арасында жұмысшылар саны 4 есе артты ?

1928-1932 жыл

4.Қарағандының шахтері кім?

Н.С.Курнаков



3. Тапсырма; Сәйкестендіру оқушылар сұрақтарды сызық арқылы дұрыс жауаптарымен сәйкестендіреді



IV. Оқушыларды топ бойынша және жеке бағалаймын

V. Үйге тапсырма; § 16 Қазақстан индустрияландыруының әлеуметтік- экономикалық және демографиялық салдарлары
















































Тоқсан

 2015 жыл

45минут

Пәні: Қазақстан тарихы

Сынып      6

Сабақтың аты

Ғұндар, ежелгі ғұндар тарихы қытай деректерінде Мөде шаньюй – ғұн мемлекетінің негізін салушы.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1.Ғұндардың тарихы туралы мәлімет беру

2.Ғұн мемлекеті неліктен  екіге бөлініп соғысты мәнін түсіндіру

3. Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу

Негізгі  идеялар

Б.з.б 1 мыңжылдықта қазіргі Монғолияның  оңтүстігінен  Каспий өңіріне дейінгі Орталық  Азияның кең- байтақ   кеңістігін әртүрлі  тайпа мекендеген.Қытай  деректерінде  «ғұн»  атауы  б.з.б  3 ғасырдың  аяғында  пайда  болды.  «Ғұн»  сөзі  «гун руң , хун ю »  т.б Қытайлар ғұндардың  басшысын  «шаньюй»  деп атаған.

Тапсырмалар

  1. 1.Келісу - келіспеу стратегиясы.

2.Топтық жұмыс(Мықты болсаң тауып көр,3.Топтық жұмыс(Тарихи диктант, Ойлан тап)

4. Жеке жұмыс(Тест)

5.Деңгейлік тапсырма

 І.Ұйымдастыру  кезеңі

Ізгі арманын, үмітін

Бабалардың жалғаймыз!

Білім көкжиегінде

Жалындаймыз, самғаймыз!

А) Психологиялық дайындық

«Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас» (хормен айту)

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Ғұндар баспанасы ? Ғұндар кезеңі ?

Ғұндар мекендеді ?

Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс сқзылды ?

Ғұндар шаруашылығы ?

Қаңлылар билеушісі ?

Қаңлылар мекені ?

Қаңлылар хронологиясы ?

Қаңлылардың металл өндірісінің орталығы ?

Қытай деректерінде «ғұн» атауы

Дунху елшілері үшінші рет не сұрайды?

Жаңа сабақ

Қызығушылығын  ояту.II- Топтық жұмыс   Сіздің тобыңызда 3  рөлді: көшбасшы, баяндамашы, бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: үш  топқа  бөліп жеке, жұппен, топпен мәтінді оқып талқылайды. 1- топ: «полеолит» Ғұндар тарихының ерте кезеңі, II- топ:«мезолит» Ғұндар мемлекетінің құрылымы, ІІI- топ: «неолит» Ғұн тайпаларының бірлестігі.   Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді

Бақылаушының  бағалау парағы  (әр топқа 1-минут).

18- 20 балл                              17-15  балл                       14 –одан да төмен балл

№

Оқшының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Ғұндарды білуі

Топтық жұмысқа араласуы

Жұптық жұмысқа араласуы

Балл

 Жұптық жұмыс  (Тарихи диктант ) (10- минут)

Мәтінді толық талқылай отырып, берілген тапсырманың орнын толықтырып жазба түсіреді.

1.Ғұндар туралы дерек беретін........

қытай деректері

2.Ғұндар кезеңін қамтитын аралық.....

 б.з.б. ІY ғ.-б.з. ІІІ ғ.

3.Ғұндар Қытайдың Хан әулетінің негізін қалаушы ...........жеңіп, өздеріне бағынышты етті.

Лю-Банды

4."Жер дегеніміз - мемлекеттің негізі, оны қалай береміз" деген ғұн басшысы......

Мөде

5.Олардың әрқайсысына  ......... –нан атты әскері болған.     10000

 6.Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа...

ғұндар

7.Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша.............нешеге 3 қанатқа бөлінген

Ойлан тап!

Жұптық бағалау жүргізіледі.

1.Б.з.б.3 ғ. Қытай деректерінде кездеседі.

2.Б.з.б 209 ж- Мөде басқарған ғұн державасы пайда болды. Л.Н.Гумилев

3.б.з.б ІІғмен І ғ Қазақтанның оңтүстік батысы мен Арал бойына ғұн тайпаларының келе бастауы

4. 300 – Ғұндар мен Қытай елінің арасындағы соғыс қимылдары

5. 24- Ғұндар 24 руды басқарған.

6. Б.з.Б 55 ж - Ғұндардың екіге бөлінуі

7.60,100 метр сайын қорғанға күзет мұнаралары қойылған.

8. 10- Қорғанның биіктігі.

ІY. Дәптермен жұмыс.

1..Шаньюй аспанұлы деген мағына береді

2.Қытайлар ғұндарды хунну деп атады

Сабақты бекіту.     VІ-Жеке жұмыс (Кесте)(5-минут)

Қытай деректерінде "ғұн" атауының пайда болған кезі

А) б.з.б. ІУ ғ .В) б.з.б. У ғ. Ортасы  С) б.з. І ғ.   D) б.з.б. І ғ. Басы   Е) б.з.б. ІІІ ғ. аяғы

2. Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы:

А) "Гуньмо    В) "Күнби"        С) "Хан"         D) "Патша"       Е) "Шаньюи"

3. Ғұндар туралы дерек беретін

А) парсы жазбалары  В) иран жазбалары   С)рим жылнамалары       D)византия деректері

Е)қытай деректері

4. Ғұн державасының негізін қалаған

А)Мөде     В)Мұқан        С)Аттила        D)Бумын      Е)Чжи-Чжи

5. "Жер дегеніміз - мемлекеттің негізі, оны қалай береміз" деген ғұн басшысы

А)Чжи – Чжи        В)Мұқан          С)Аттила    D)Бумын       Е)Мөде

6. Шығыстанушы Л.Н.Гумилевтің мәлімдеуінше ғұн державасының пайда болған мерзімі

А)б.з.б. 306 ж.    В)б.з.б. 420 ж.      С)б.з.б. 509 ж.    D)б.з.б. 109 ж.    Е)б.з.б. 209 ж.

7. Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа

А)сақтар     В)қаңлылар     С)ғұндар      D)сарматтар       Е)үйсіндер

8. Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша

А) 2 қанатқа бөлінген         В) бөлінбеген    С) 3 қанатқа бөлінген

D) 5 қанатқа бөлінген         Е) 4 қанатқа бөлінген

9. Ғұн шаньюйінің жақын туыстары иеленген лауазым

А)"Тархан"    В)"Сұлтан"        С)"Түменбасы"    D)"Жабғу"     Е)"Уәзір"

10. Ғұн мемлекетіндегі ру саны

А) 14              В) 9        С) 7        D) 12         Е) 24



 Өзін-өзі бағалауы

Жауаптары

№

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Е

Е

Е

А

Е

Е

С

С

С

Е

ҮІІІ.. Қорытынды   Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар»

Ерте күнде жоқ бар еді түн туған,

Қап-қараңғы түн ішінде Күн туған.

Отты Күннің сәулесінен от алтын

Отты көзді,отты жанды Ғұн туған.

Ерте күнде отты Күннен Ғүн туған,

Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам,

Жүзімді де, қысық қара көзімді

Туа сала жалынменен мен жуғам.

Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.

Мен келемін, мен келемін, мен келем –

Күннен туған,Ғұннан туған пайғамбар.



Кейінгі оқу

«Аты әлемге әйгілі болған ғұндар»  эссе жазу.







































Picture 2































Қазақ хандығын нығайту жолындағы Тәуке ханның қызметі

Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де әр түрлі. Жәңгір ханның ұлы және мұрагері Тәуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырды. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын  құруға қажырлы қайрат жұмсады. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді. 

Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады», - деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген.

Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың  барлық рулары мойындамаған. Сондықтан Тәуке хан бытыраңқы қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет құруды  басты міндеті деп санады. Осы мақсатта әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бұған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс ханның ұрпақтары мұрагерлік жолмен тартылатын еді.

Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан  ерлігімен, батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Бұл шаралар нәтижелі болды. Мемлекетті басқару ісіне де үлкен өзгерістер енгізді. Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Билердің әлеуметтік тегі тек ақсүйек табынан болмағанын ескерсек, қарапайым халықты мемлекетті басқару жүйесіне тарту Тәуке хан енгізген үлкен өзгеріс болды.

Билер кеңесі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты мәселелерді  шешуде үлкен қызмет атқарды. Билер шешіміне хан қарсылық көрсетпеді, яғни мемлекеттік биліктің басым бөлігі халықтың қолында болды. Тәуке ханның тұсында «Билер кеңесінің» құрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан, Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды қайраткерлер енді. Билер кеңесінің билік ауқымы зор болған. Бұл органның шешімі негізінде ғана Тәуке хан мемлекеттік мәселелерді шешуге құқықты болған және билер кеңесі қабылдаған заңдар мен шешімдерді жүзеге асырып отырған. Сонымен қатар «Билер кеңесі» хандық билікті шектеу құқығына ие болған. Билер кеңесі соттық билікті де атқарған. Халықтың дәстүрлі менталитетінде билердің қоғамдағы мәртебесін анықтайтын қағидалар көп сақталған. Мысалға, «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Туғанына бұрғаны – биді құдай ұрғаны», «Таста тамыр жоқ, биде бауыр жоқ», «Тіл жүйрік емес, шын жүйрік» т.б. Бидің үкімі ру, аймақ атынан емес, тәуелсіз би атынан шығарылды. Атақты Әйтеке би ұрпақтарына мынадай өсиет қалдырды: «Менің өмірім өзгенікі, өлімім өзімдікі».  Туа біткен даналық мен шешендікті иеленген билердің өмірлік тәжірибесі де мол болды. 1820 жылы орыс және европалық құқық нормаларымен жетік таныс Д. Самоквасов қазақтардың құқық жүйесін зерттей келе, қазақ билері халқының салт-дәстүрі мен  өткен тарихын да жақсы білетіндігі туралы жазған. «Биі жақсының елі жақсы», «Батыр елін жауға бермейді, би елін дауға бермейді» деген нақыл сөздер қазақ билерінің дипломат қызметін атқарғанын да көрсетеді. Билер шешен болған. Атап айтсақ, халық Қазыбек биді «ағын судай әйгілі  шешен»  деп мақтан тұтқан. Сөйтіп, Тәуке хан ел билеуде атақты қазақ билеріне арқа сүйеп, олардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін көтерді.

Билер кеңесі мерзімді түрде Сырдарияның бойында орналасқан Әңгірен,  Түркістан мен Сайрам жеріне орналасқан Битөбе, Мәртөбеде шақырылған. Жыл сайын Ташкент қаласының маңындағы Күлтөбеде үш жүз өкілдерінің басын қосқан жиналысын өткізіп тұрған. Бұл халық арасында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деп аталды.

Тәуке хан қазақтың жыраулары мен шешендерінің және шежірешілерінің басын қосып, қазақтың мақал-мәтел, шежірне, аңыз-жырларын жинаған. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген. Бұл тарихта Орта Азияда өмір сүрген көшпелі хандықтарда болып келген салт еді. Жаңадан таққа отырған хан өзіне қарасты тайпалардың таңбасын белгілеп беріп отырған. Бұл көшпелі тайпалар арасында хандық өкімет билігін күшейтудің дәстүрлі шараларының бірі еді.

Тәуке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі тартыс салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын қосты, жеке-жеке ұлыстарды билеген сұлтандардың бөлектенуіне тежеу салып, Қазақ хандығының ішкі бірлігін бекемдеуге барлық шараларды қолданып, оны едәуір күшейтті. Бұл тұста едәуір қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпалары Тәуке ханның қарауында болды. Тәуке қырғыздарды олардың өз биі Қоқым Қарашор арқылы, қарақалпақтарды олардың Сасық биі арқылы басқарып отырған. Бұл іс жүзінде жоңғарлардың шабуылынан қорғануды негіз еткен қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының әскери-саяси одағы еді. 

Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын құрастырды. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған. Оларда орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық құқығының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Қазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды білдіреді. Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Жеті жарғыны» қазақ халқы  ХІХ  ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін  қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский  жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820-шы жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы ( 34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан,  бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге  бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.

Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы»  заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді.

«Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген.  Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл  жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және  «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану.

Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Қылмыскердің және  өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым  келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.

«Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да  қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса,  христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.













































































Shape13

















Дайындаған; Ермағанбетова А

Тақырыбы; Тәуке хан тұсындағы Қазақхандығы.

























05

Сағат 16 - 7 б -сыныпта

Ермағанбетова А

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1186
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі