Материалдар / Тақырыбы: "Театр " дидактикалық ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: "Театр " дидактикалық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі жас балалардың қабілеттілігін, бейімділігін және сондай-ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең. Мектеп жасына дейінгі балалардың театрландырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру балалар шығармашылығын және білім алудың жаңа қабілеттері мен дағдыларды үйренуге жағдай жасаумен қатар, баланың өмірде өзінің тиісті орнын табуға көмектеседі, өзін-өзі көрсете білуге ықпал жасайды.Әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
999
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Театр дидактикалық ойын

(3-5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
2020-2021 жыл.Бағдарламаны құрастырған: №31 «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешісі
Түсінік хат
Мектепке дейінгі жас балалардың қабілеттілігін, бейімділігін және сондай-ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең. Мектеп жасына дейінгі балалардың театрландырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру балалар шығармашылығын және білім алудың жаңа қабілеттері мен дағдыларды үйренуге жағдай жасаумен қатар, баланың өмірде өзінің тиісті орнын табуға көмектеседі, өзін-өзі көрсете білуге ықпал жасайды.Әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады. Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қарай берілетін ертегілердің мазмұны әсерлі көңіл-күйді білдіре отырып, сезіне білуге үйретеді.Әр баланы жеке тұлға ретінде, оның шығармашылық әуелетін, қабілеттілігі мен қызығушылықтарын дамыту мақсатында құрылған перспективтік жоспар 3-4 жастағы балаларға арналған. Жылына 36 сағат, 9 бөлімнен құрастырылған.
Жоспар келесі міндеттерді қарастырады.

  • Балаларды айналаны қоршаған әлеммен, оның түрлі қыр –сырларымен, бейнелер, бояулар, дыбыстар арқылы таныстыру.

  • Балалардың бойында адамның көңіл-күйіне, бет пішінін, қимыл-қозғалыстарын, дауыс ырғағына қарай тани білу қабілеттерін дамыту.

  • Балалардың бойында достық, адалдық, батылдық, жан ашырлық қасиеттерін тәрбиелеу. Әлемді тек ақылмен ғана емес, жүрекпен де тани білуге үйрету
    «Вариативтік» білім беру саласының базалық мазмұны
    Мақсаты:
    - Мектепке дейінгі жастағы баланы театр түрлері арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.Әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады.
    - Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу;
    - Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;
    - Театрлық іс-әрекетті ертегілерді пайдалана отырып- ойын дамыту.
    Міндеттері:
    -Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіру;
    -Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу;
    -Баланың қиялын, есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру;
    -Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығамашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
    Мазмұны:
    -Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.

  • Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды.
    Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді.
    Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кеіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой-өрістері дамиды.
    «Бауырсақ» ертегісі
    Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.
    Көңіл-күйлерін терең түсініп аяушылық сезімге қамқоршы болуға тәрбиелеу.
    «Бұл бауырсақ кішкентай қу аң»
    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерді таңдау, рөлдерге бөлу.
    Фланелеграф арқылы – қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндау мен тіл байлықтарын дамыту.
    Кейіпкерлердің жан-дүниесін түсіне отырып, рөлдерге бөлініп ертегіні сахналай білулері
    «Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін»
    Ертегінің атын атау «Бауырсақ», кейіпкерлерді атап таныстыру. Ертегіні айта бастау, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.
    Бірінші кейіпкерлерін атап тақтаға шығару ата, әже, қоян, түлкі, аю, қасқыр. Балалар сөздерді анық, ашық, бар эмоциямен айтқызу.
    Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл –күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету.
    Бауырсақ » ертегісінің қойылымы
    Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету.
    Рөлдерін дұрыс орындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.
    Кейіпкерлердің жан-дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білкге тәрбиел
    «Шалқан» ертегісі
    Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.Мимикалық, дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығармашылықтарын дамыту.
    Көңіл-күйлерін терең түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
    Ертегінің атын атау «Шалқан», кейіакерлерді атап таныстыру- ата, әже, немересі, ит, мысық және тышқан. Ертегіні мазмұндау фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.
    «Ата мен әжемде қонақта болғанда»
    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерін бөлу, мейірімді тату-тәтті дос болуға тәрбиелеу.
    Фланелеграф арқылы сөздердің дұрыс, анық, ашық айтылуын қадағалау, қимыл-қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.
    «Осындай үлкен Шалқан»
    Ертегіні қайталай отырып таңдаған балаларға кейіпкерлердің сөздерін айтып үйрету. Бір-бірлеріне қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу.
    «Шалқан» ертегісін сахналау
    Кейіпкерлер атрибудтары арқылы –іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл- күйлерін білдіре отырып, сезімдерді көрсете білу, рөлдердің дұрыс орындалуын қадағалау.
    Қиялдарын эстетикалық талғамдарын техникалық дағдыларын қалыптастыру.
    «Үш аю» ертегісі
    Ертегі кейіпкерлер арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.Көңіл-күйлерін терең түсінуге, аяушылық сезімі қамқоршы болуға үйрету.
    «Қане досым, сөзге қосыл»
    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерін бөлу фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруы. Мазмұндаулары мен тілдерін дамыту.Мейірімді, тату-тәтті, дос болуға үйрету.
    «Үш аюға қонаққа барайық»
    Ертегіні қайталай отырып, таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып, үйрету. Фланелеграф арқылы сөздерін дұрыс, анық, ашық айтуын қадағалау, қимыл қозғалыстарын көрсте білгендерін дамыту. Бір-бірлеріне қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу.


    «Үш аю» ертегісін сахналау
    Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау. Кейіакерлер атрибуттары іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып сезімдерін көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру, кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашық көрсете білуге үйрету.
    «Қасқыр мен қоян» ертегісі
    Ертегі мазмұнын түсіндіре отырып, ондағы кейіпкерлерді жаңа техника бойынша қабылдауға үйрету. Балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы шығармашылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін арттыра отырып, іскерлік дағдыларын дамыту.
    «Қане, досым сөзге қосыл»
    Әдептілікке, өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу.
    Атрибуттар арқылы кейіпкерлер іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Ойын арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
    Кейіпкерлер образын көрсете білуге, композиция құрауға үйрету, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
    «Көз көруге тоймайды, құлақ естуге жалықпайды»
    Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау.
    Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.
    Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.
    «Түлкі мен қоян» ертегісі
    Дидактикалық ойын арқылы ой-өрістерін, танымдық қасиеттерін кеңейту. Балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы шығармашылығын дамыту.
    Кейіпкер көңіл-күйлерін, мінез-құлықтарын сезіне білуге тәрбиелеу.
    «Түлкі, түлкі, түлкішек»
    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ой –белсенділігін арттыру. Балалардың көркемдік, эстетикалық талғамын дамыта отырып, белсенділікке тәрбиелеу. Ертегіге терең еніп, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту көзделеді.
    «Қу түлкі мен қорқақ қоян»
    Кейіпкер образын көрсете білуге, композиция құруға үйрету, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ертегі туралы алған білімдерін, ойын жаттығу арқылы тиянақтау.
    Атрибуттар арқылы кейіакерлер іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Ойын арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
    «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналау
    Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау.Балаларды ширма жанына шығарып, кейіпкерлер атрибуттарын қолға киіп, сөздерін айтқызу. Қалған балаларды көрермен ретінде тамашалауға отырғызу. Балалар сөздерді ашық, анық, бар эмоциялармен сахналатқызу.
    «Қоян мен түлкінің үйшігі» ертегісі
    Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру.
    Мимикалық дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығармашылықтарын дамыту.Көңіл-күйлерін терең түсінуге, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
    «Оқы да біл, ойна да күл»
    Мазмұндау және тіл байлықтарын дамыту.Ертегіні қайталай отырып, таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтуға үйрету.
    Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсте білуге тәрбиелеу.
    «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»
    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ертегі туралы алған білімдерін, ойын жаттығу арқылы тиянақтау.
    Атрибуттар арқылы кейіакерлер іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Ойын арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.

  • «Көз көруге тоймайды, құлақ естуге жалықпайды»
    Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау.
    Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.
    Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.
    «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі
    Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Ертегінің мазмұнынын еске түсіре отырып, тілдік қорларын байыту, ой-өрістерін дамыту. Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру. Мимиканың дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығарылуын дамыту. Көңіл-күйлерін көтеріп, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
    «Лақтарым менің, айналайын, менің лақтарым»
    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, ойын арқылы рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету. Мәнерлі сөйлесу дағдыларын жетілдіру, шығармашылыққа жете көңіл бөліп, баланың жеке-дара ерекшелігіне назар аудару, сөз мәнеріне, шешендікке баулу. Кейіпкерлер және олардың әрекеті жөнінде өзінің көзқарасын айта білуге үйрету.
    Фланелеграф арқылы қызығушылықтары мен қиялдарын, эстетикалық талғамдарын дамыту. Мазмұндаулары мен тіл байлықтарын байыту.
    Мейірімді, тату-тәтті дос болуға тәрбиелеу.
    «Алақай, алақай! Анамыз келді, бізге сүт әкелді»
    Ертегіге қызығушылықтарын арттыру. Ертегіні қайталай отырып таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып үйрету. Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту. Оқылған шығарма желісін бұзбай әңгімелеуге үйрету. Баланы ойлауға, қорытынды жасауға қиялдауға, сұлулықты тануға баулу.Фланелеграф арқылы сөздерін дұрыс, анық, ашық айтылатынын қадағалау, қимыл-қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.
    Бір-біріне қиын жағдайда көмектесіп, адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру.
    «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін сахналау.
    Әр бала өз рөлін дұрыс орындағанын қадағалау, сөздерін үйрету. Балалардың тілін, сөздік қорын байланыстырып, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау.
    Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.Кейіпкерлердің жан-дүниесін түсіне білуге оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.
    «Алтын айдарлы әтеш» ертегісі
    Ертегінің не жайында баяндалғанын, қалай аяқталғанын, көмекші сұрақтарға сүйеніп, ауызша талдап, мәнісін түсіндіріп баяндауға үйрету.Оқылған шығарма желісін бұзбай әңгімелетуге үйрету, мәнерлі сөйлеу дағдыларын үйрету. Шығармашылыққа жете көңіл бөліп, баланың жеке-дара ерекшелігіне назар аударту.Баланы ойлауға, қорытынды жасауға, қиялдауға баулу.Көңіл-күйлерін терең түсінуге, сұлулықты тауға, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
    «Жібек шашақты сақалы бар, майға батырып алған тәрізді басы бар»
    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ой –белсенділігін арттыру. Балалардың көркемдік, эстетикалық талғамын дамыта отырып, белсенділікке тәрбиелеу. Ертегіге терең еніп, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту көзделеді.
    Байқағыштыққа, жауапкершілікке, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
    «Сымбатты әтеш»
    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ертегі туралы алған білімдерін, ойын жаттығу арқылы тиянақтау.Фланелеграф арқылы сөздерін дұрыс, анық, ашық айтылатынын қадағалау, қимыл-қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.Ұқыптылыққа, шеберлікке баулу, эстетикалық талғамын арттыру.
    «Алтын айдарлы әтеш» ертегісі сахналауЕртегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау.

Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкер- лердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.
«Ертегілер әлеміне саяхат»
«Ертегілер әлеміне саяхат» деген тақырыптағы сабақта балаларды қоршаған ортамен таныстыру, ойлау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ертегінің қалай басталып, қалай аяқталатыны жайлы ұғымын бекіту, есте сақтау, және қайта айтып бере алу дағдыларына үйрету.
«Ертегі елі жермен келе жатыр»
Ертегі кейіпкерлерінің жағымсыз жақтарын таба білуге үйрету, тілін дамыту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің тақырыптық перспективтік жоспары
Топ: Ортаңғы
Білім беру саласы : « Вариативтік»
Бөлімі: «Театр дидактикалық ойын»

Тақырыбы
Мақсаты
Қолданылатын әдіс тәсілдер
Қолданылатын көрнекілік-құралдар
Сағаты
Қыркүйек
1«Бауырсақ» ертегісі
Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту
Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.
Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары
2.2
«Бұл бауырсақ кішкентай қу аң»
Ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылығын арттыру
23«Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін...»
Тілдерін жаттықтыру
24«Бауырсақ» ертегісінің қойылымы
Балалардың ойын тиянақтау және өнерлерін іске асыру
2
Қазан
1«Шалқан» ертегісі
Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту
Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.
Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары
22Ата мен әжемде қонақта болдым
Шалқанды отырғызу кезінде айтылатын өлең шумағы арқылы балалардың тілдерін байыту және білімдерін кеңейту
23«Осындай үлкен шалқан...»
Белсенді балаларды кейіпкерлердің рөлдерін эмоция арқылы көрсете білуге үйрету.
24«Шалқан» ертегісін сахналау
Кейіпкерлердің рөлін атқара білуге дағдаландыру
2
Қараша
1«Үш аю» ертегісі
Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту
Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.
Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары
22«Қане досым әнге қосыл»Ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыру
23«Үш аюға қонаққа барайық»Тілдерін жаттықтыру
24«Үш аю» ертегісін сахналау
Балалардың ойын тиянақтау және өнерлерін іске асыру

2


Желтоқсан
«Қасқыр мен қоян» ертегісі
Балалардың тілдерін дамыту және білімдерін кеңейту
Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.
Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары
22
«Қасқыр мен қоян» ертегісі
Балалардың тілдерін байыту және білімдерін кеңейту
23 «Қане досым сөзге қосыл»
Белсенді балаларды кейіпкерлердің рөлдерін эмоция арқылы көрсете білуге үйрету
24 «Көз көруге тоймайды, құлақ естуге жалықпайды» ертегісін сахналау
Кейіпкерлердің рөлдерін атқара білуге дағдыландыру
2
Қаңтар
1«Түлкі мен қояндар» ертегісі
Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыру
Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.
Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары
22«Түлкі, түлкі, түлкішек»
Қимылды ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін айтып , белсенді балаларды таңдай отырып, қызығушылығын арттыру.
23 «Қу түлкі мен қорқақ қояндар»
Ертегідегі қоян мен түлкінің сөздерін балаларға үйрету. Түлкі мен қояндар арасындағы диалог
24 «Түлкі мен қояндар» ертегісін сахналау
Балалардың рөлді дұрыс ойнай білуін және сөздердегі әр дыбыстарды анық айтуларын қадағалау
2
Ақпан
1«Қоян мен түлкінің үйшігі» ертегісі
Ертегі мазмұнымен таныстырыпертегіге деген қызығушылығын арттыру.
Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.
Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары
22«Оқы да біл, ойна да күл»
Ойын арқылы балаларды рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету.
23«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»
Кейіпкерлкрдің сөздерін дұрыс айтуларын қадағалау және рөлдерін ретімен орындауға үйрету.
24«Көз көруге тоймайды, құлақ естуге жалықпайды» ертегісін сахналау
Ертегінің мазмұны бойынша кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап, әсерлі көңіл-күйін білдіре отырып , сезіне білуге үйрету.
2
Наурыз
1«Жеті лақ және қасқыр» ертегісі
Ертегінің мазмұнын еске түсіре отырып, тілдік қорларын байыту.Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.
Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары
22«Лақтарым менің, айналайын лақтарым менің...»
Ойын арқылы балаларды рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөзін дұрыс айтуға үйрету.
23«Алақай, алақай! Анамыз келді, бізге сүт әкелді»
Ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру
24«Жеті лақ және қасқыр» ертегісін сахналау
Әр баланың өз рөлін дұрыс орындауын қадағалау.
2
Сәуір
«Алтын айдарлы әтеш»ертегісі
Ертегінің мазмұнымен таныстыру.
Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.
Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары
22«Жібек шашақты сақалы бар, майға батырып алған тәрізді басы бар»
Кейіпкерлердің рөлін бере отырып, балаларға сөздері мен қимыл қозғалыстарын үйрету.
23«Сымбатты әтеш»
Балаларға ертегіні диалог бойынша орындауға үйрету.
24«Алтын айдарлы әтеш» ертегісін сахналау
Ертегідегі кейіпкерлердің рөлдерін дұрыс орындауларын қадағалау
2
Мамыр
1«Ертегі әлеміне саяхат»
Өткен ертегілерді еске түсіріп, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тиянақтау
Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.
Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары
22«Кім күшті» ертегісі
Ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыру.
23«Алтын жұмыртқа» ертегісі
Ертегінің мазмұны бойынша кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қарап, сезіне білулері.
24«Ертегі елі жерімен келе жатыр!»
Ертегі кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз жақтарын таба білуге үйрету.

72 сағат

Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақ фольклоры мен халық педагогикасының мәселері. Қоңыратбаев А.С. Алматы., 1984

2. Өмірбекова Қ, Серкебаев Қ, Балалар ертегісі Алматы 1996-247 б

3. Халық ауыз ертегілері- Алматы., 1983

4. Қазақ ертегілері-Алматы., 1999

5. Қазақ  халық әдебиеті. - Алматы., 1990 

6. Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолдану тәсілі// Отбасы және балабақша, 2006.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!