жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: "Тең топтарға бөлу"
Пәннің аты: Қызықты математика |
Уақыты: 22.01.19. |
Сыныбы: 3а,ә,б,в |
Мұғалім: Тунгатарова Айгуль |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Тең топтармен санау. Тең топтарға бөлу. |
|||
Сабақтың мақсаты:
|
Топтап кері және тура санау. Жұп, тақ сандарды ажырату. Тең бөліктерге көрсету. Көбейту амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау |
|||
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||
Бағалау критерийлері |
|
|||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||
Әдіс - тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, музыка |
|||
Сабақтың жоспарланған уақыты |
Сабақта жоспарланған іс – әрекет
|
Ресурстар |
||
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Өзі туралы кластер» тренинг Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б |
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам. |
||
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну Көбейту мен бөлу - өзара кері амалдар Суреттегі нүктелерді санап 5-тен бөліп қорша
Ш: 1+5+5+5+5+5+5=31 1+5·6= 31 Ж: 31 оқушы Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Дәптермен , тақтамен жұмыс. Оқулықта берілген есептерді түріне қарай топта, жұпта, жеке орындату. Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру. |
Оқулық
|
||
Ортасы 10 минут |
Қолдану
Ш: 2+2+2=6 Ж: 6алма 2 неше рет алынған? 3 рет, яғни 2·3=6, көбейту амалының таңбасы. 2·3 – көбейтінді 2-көбейткіш 6-көбейтіндінің мәні 3-көбейткіш (көбейтудің компоненттері) 3,4-тапсырмалар орындалады |
ватмандар, түрлі-түсті маркерлер |
||
Сергіту сәті 2 минут |
«Көңілді күн» |
видеожазба |
||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10минут |
Талдау «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
7+7+7+7=7*4 а+а+а=а·3 12+12+12= с+с= 9+9+9+9+9= х+х+х+х= 48+48= у+у+у+у+у=
20+20+20+20*20·3 21+21+21+21*21·3 40+40*40·3 30+30+30*20·3
Жинақтау
А)Қоян 18 сәбізді 6 көжегіне тең бөліп берді. Әрбір көжек неше сәбізден алды?
Ә)Қоян 6 көжегін 2 бұтаның түбіне жайғастырды. Әрбір бұтаның түбінде неше көжектен жайғасты
Б)Альбомның 3парағына тең етіп 15 фотосурет жапсырылды. Альбомның әр бетіне неше фотосурет жапсырылды? |
кеспе қағаздар
қоян,сәбіз суреттері |
||
Бағалау |
|
бағалау парақшасы |
||
Кері байланыс |
«Белгілер» әдісі
|
«Белгілер» әдісі Рефлексия парағы
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген