Тақырыбы:
«Тіл тірегіміз,соғып тұрған
жүрегіміз!»
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін
сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін
арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
плакаттар, слайд
Пәнаралық
байланыс:Тіл
дамыту,көркем әдебиет,ән-күй
Әдіс-тәсілдер:аралас, түсіндіру,
сұрақ-жауап.
Тәрбиеші:
Балалар,бүгін ерекше күн екен.Олай болса,балалар,
амандасып алайық.
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай
тату-тәтті доспыз. Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту
үшін жақсы тілектер айтайықшы.
Балалар: Күніміз жарық
болсын.
Аспанымыз ашық
болсын.
Деніміз сау
болсын.
Еліміз тыныш
болсын.
Досымыз көп
болсын.
Балабақшамыз жайнап
тұрсын.
Нанымыз көп
болсын.
Тәрбиеші: Ия,балалар,осындай жақсы
көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше
күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған
жүрегіміз»,-деп бастайық. Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін
сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін
арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
І. Ғажайып
сәт.
Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол
біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы
көп білгісі келеді екен.
-Сәлеметсіңдер ме
балалар?
-Балалар,бұл қай
мемлекет?
-Қазақстан Республикасы
-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай
қала?
-Астана қаласы
-Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ
білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер
ме?
-Ия, көмектесеміз.
-ҚР Елбасы кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев
-ҚРның мемлекеттік тілі қай
тіл?
-Қазақ тілі
-Ана тілі туралы қандай тақпақ
білесіңдер?
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Ана тілім – қазақ тілім туған
тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін
біл.
Ана тілді құрметтеңдер
адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін
біл.
- Жарайсыңдар,балалар,рахмет
сендерге.Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі
екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау
болыңдар!
ІІ. «Мақал-сөздің
мәйегі» демекші туған тілімізге
қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер
айтайық.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
Ойнап сөйлесең де
Ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Өнер алды -қызыл тіл.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Тәрбиеші:Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып,
сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті.
ІІІ. Жұмбақ шешу
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама
(Кітап)
Жағалай-жағалай тас
қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
(Тіл,тіс)
Оттан да ыстық, ол не..?
(Отан)
Жазда жатсаң көлеңкесіне
алады,
Қыста жақсаң жаның рахат
табады.(Ағаш)
ІV. Құрастыру ойыны.
Қорытынды. Сұрақ-жауап
Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы
қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның
болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің
мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары
болуларыңа тілектеспін.
Балалар:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
А.Иманов атындағы негізгі орта
мектебі
Тақырыбы:
«Тіл тірегіміз,соғып
тұрған жүрегім!»
(Сынып
сағаты)
Тәрбиеші:
Б.Темиртасова
2017-2018 оқу
жылы