400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: "ТІЛДІК НОРМА ӘДЕБИ ТІЛДІҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ЭЛЕМЕНТІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

Тараз қаласы

Пәні: Қазақ тілі.

Оқытушы: Оралбаева А.С.

«ҚҰҚЫҚТАНУ» мамандығы

Тобы: 1ПВ-19-2

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: Тілдік жүйе және норма.

Тілдік норма әдеби тілдің ең маңызды элементі.

Зат есім оның жалғаулары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік : студенттерге тілдік норма, әдеби тілдің ең маңызды элементі туралы білім бере отырып, жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін шыңдау. Зат есімнің жалғаулары туралы нақты мәлімет беру.
Дамытушылық: студенттердің сөздік қорларын, логикалық ой-өрістерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру; 
Тәрбиелік: Қазақстандық патриотизмге, білімділікке, ізденімпаздылыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. 

Сабақтың типі: аралас сабақ. 
Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма орындау, тест әдісі. 

Оқыту құралдары: компьютер, интерактивті тақта, жыл мезгілдеріне және тұрақты сөз тіркестеріне байланысты суреттер, «Инсерт» әдісі, "Ти" кестесі, "Бір сөзбен айтқанда", "Қызықты сұрақтар" ойыны.

Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы. 
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:  2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі: 

1. Студенттермен сәлемдесу. 
2. Студенттерді түгелдеу, журнал толтыру. 

3. Назарларын жаңа сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. "Кітаби тілдің жазбаша және 20 мин

ауызша нормалары. Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар".

"Кубизм" стратегиясы бойынша үй тапсырмасы сұралады.

Суреттеңіз. Кітаби тіл қандай тіл? Жауабы: Кітаби тіл – жазу дәстүрі арқылы бөлігін бір жүйеге түскен орныққан нормалары, стильдік жанрлық тармақтар бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл.

- Кітаби тіл монолог түрінде болады

- Монологтің мағыналық түрлері

1. Сипаттау

2. Баяндау

3. Пайымдау

Салыстырыңыз. Ауызша тіл мен жазбаша тілді салыстырыңыз. Жауабы: Ауызша тіл – бұл қарым-қатынасқа тікелей байланысты жүзеге асырылатын дыбыстық тіл, ал жазбаша тіл – бұл қосымша таңбалық жүйелерден тыс жазылатын, сондай-ақ уақыт пен кеңістікте көрініс табатын тіл.

Ажыратыңыз. Орфоэпия мен орфографияның ерекшелігін ажыратыңыз. Жауабы: Орфоэпия (гр. 'orthos' –дұрыс, epos –сөз,сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Орфография (грек orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы.

Қолданыңыз. Орфоэпия мен орфографиялық нормаға байланысты мысал келтір. Жауабы: (Көрікбай - Көрікпай, көк гүл - көк күл, қас жау - қаш жау, ашса- ашша)

Зерттеңіз. Тілдегі жазудың принциптерін атаңыз. Жауабы: Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы: бас-шы (айтылуындай башшы емес). Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. Мысалы: хал, хат, хабар т. б. сөздер қал, к,ат, қабар болып жазылмайды, дәстүр бойынша қалыптасқан тұлғасында жазылады. . Фонетикалық принцип бойынша сөздер дыбыстық заңдарга сүйеніліп, айтылуы және естілуі бойынша жазылады. Мысалы, жаздыгүні, сексен, бүгін, жауып қойды,

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. 50 мин

Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Балалығым, бақытым, қазақ тілім - дей келе сабағымызды бастаймыз.

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Әдебиет (араб-асыл сөз) — сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы. Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар — Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті формаларын ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығар-малары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.

Әрине тілді бір адам ғана жасамайды, әркім өз білгенінше сөйлей бермейді. Тіл өзі қызмет ететін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті болуы керек. Ондай жалпыға ортақ тілді әдеби тіл дейміз. Әдеби тіл нормалары арқылы тіл көпшілікке түсінікті әрі бәріне ортақ болып келеді. 
"Қазақ әдеби тілі тарихы" атты 1968 жылғы оқулық авторлары "Әдеби тіл дегеніміз - жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл" деген анықтама береді де, тілдің әдеби болуы үшін төмендегі белгілердің болуын міндетті деп санайды:

1)  Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады;

2) Әдеби тіл нормаланған тіл болуы керек;

3) Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек /"тілдің стильдік жүйелерінің саралануы - тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі"/;

4)  "Әдеби тіл - қоғамдық қызметі ерекше тіл". "Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі", "тілге орамды, жүрекке жылы тиетін" элементтері ұштала түседі.

Әдеби тіл - стильдік тармақтары бар тіл. Әдеби тіл қоғамдық құбылысқа жатады. Ол қоғамның ресми мемлекет тілі болатындықтан, оның қызметі де барынша кең болады. Сол орайда түрлі стильдер пайда болады. Мысалы, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында хандар жарлығының, іс жүргізу стилі, діни әдеби стилі, өлең-жырлар стилі болады. Бірен-саран газет шыққанымен, ол кезде публицистикалық стиль қалыптаспаған болатын.

Қазіргі қазақ әдеби тілінің жұмсалу аясы кеңейді. Өміріміздің қилы-қилы салаларында жұмсалатын әдеби тіліміз түрлі-түрлі стильдік өң алып, дамып келеді. Қазір оның мынадай стильдік тармақтары бар: 1. Ресми іс-қағаздар - кеңсе тілінің стилі; 2. Публицистикалық стиль (газет-журнал тілінің стилі); 3. Ғылыми-техникалық әдебиеттің стилі; 4. Көркем әдебиет тілінің стилі.

Мұндай стильдік тармақтар әдеби тіл қызметінің артуы, тілдің дамуы нәтижесінде жасалады. Ендеше, тілдің стильдік жүйелерінің саралануы - тілдің әдебиеттік басты белгілерінің бірі. Тілдің стильдік тармақтары неғұрлым сараланған болса, әдеби тілдің соғұрлым буыны қатып, бұғанасы берік болады.


Тұрақты сөз тіркестері, еркін тіркестер

Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің өзара әрі тұлғалық жағынан, әрі мағыналық жағынан байланысуын сөз тіркесі деп атайды.

Сөйлем ішіндегі сөздер бір-бірімен түрліше байланысып отырады. Соған қарай сөз тіркесінің түрлері де көп.Мысалы: Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайрандасып жас күлер құрбысымен (Абай) деген сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар: жаздың көркі, жыл құсымен енеді, жайраңдасып күлер, құрбысымен жайраңдасып. 

Сөздердің тіркесуі екі түрлі болады: бірі — тұрақты сөз тіркесі, екіншісі — еркін сөз тіркесі.

Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы-аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр.

Еркін тіркес - кемінде толық мағыналы екі сөздің байланысынан тұратын сөздердің тіркесі. Еркін сөз тіркесінің етістікті сөз тіркесі және есімді сөз тіркесі деп бөлінетін түрлерінің екеуі де Абай шығармаларында жиі кездесіп отырады (жастықтың оты, жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан т. б.).

Сөз тіркестері құрамына қарай: жай сөз тіркесі және күрделі сөз тіркесі болып екі түрге бөлінеді.

Құрамы екі сөзден тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: ақылды жігіт, кең дала, мазмұнды әңгіме т. б.

Құрамы үш не одан көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: он шақты кітап, тақтаға жақындай түсу. Алматы қаласында тұру, ойда жоқта кез болу т. б.

Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін еденица болып қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологизмдер деп атайды.

Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығы болады:

Тұрақты сөз тіркестері

Еркін сөз тіркестері

1. Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге келмейді.

Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге болады.

2. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан алшақ болады.

Еркін сөз тіркесінің мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздермен тікелей байланысты болады.

3. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір ғана синтаксистік қызмет атқарады.

Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысының жеке-жеке синтаксистік қызметі болады.

Әдеби тіл нормасына байланысты "Абай жолы" романынан үзінді оқу.

Тапсырма №1. Берілген сөйлемдерді стиль түрлеріне ажырату.

Стиль түрлеріне қатысты мысалдар:

Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылы-сүйгіш ағаштар қатарына жатады.

Ғылыми стиль

Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағыдай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді.

Көркем әдебиет тілінің стилі

Өз қалауыммен жұмыстан босатуыңызды сұраймын.

Ресми - іс қағаздар стилі

- Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма берді?

- Ережелерді жаттауға берді.

Ауызекі сөйлеу стилі

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыздың жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы” атағы берілді.

Публицистикалық стиль

Тапсырма №2. Сөйлемдерді сөз тіркесіне талдау.

Бекет ата қасиетті жан болыпты. Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді.  Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көптеген хандар билік басына келіп өз саясаттарын жүргізді. Ұлтының азаттығы үшін күрескен, өз заманының азаматы.


Тапсырма №3. Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:

Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).

Зәресі ұшты (қорықты) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды).

Қолы-қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, еш нәрсе істемеді).

Айы оңынан туу (жолы болды) - Қырсық шалу (жолы болмады).

Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:

Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, әдемі, көрікті, келбетті, әсем;

Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;

Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты, сөкті, балағаттады.

Тайға таңба басқандай, көзге түскен күйіктей - анық, ашық, айқын.


Тапсырма №4. Берілген сөйлемнен тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашу. Сөйлемдерге сатылы кешенді талдау жасау.

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Ол әңгімеге араласпай, аузын буған өгіздей тұрды да қойды. Ел аузына қақпақ болып көрші, бірақ ол қолыңнан келмейді. Жаңағы сөздерің төбемді көкке жеткізгендей болды. Бастапқы сөзден беті қайтып қалған үй иесі еш нәрсе де сұрай алмады. Екі ел тонның ішкі бауындай күй кешті. Қасқырды көргенде Жандостың жүрегі тас төбесінен шықты. Канал қазылады дегеннен, Сырбайдың қуанышы қойнына сыймады. Біздің халқымыз табиғатпен етене жақын. Сондықтан баласына қойылатын есімді де табиғаттан алып қойған.


Сондықтан болар біздің тілімізде табиғаттың құбылысына қарап та жасалған тұрақты тіркестер бар.

Интербелсенді тақтадан жыл мезгіліне және тұрақты тіркестерге байланысты суреттер көрсетіледі, сол суреттерге қарап тұрақты тіркестерді табу керек.

Қабағынан қар жауып, ақ қар, көк мұзда, суық көзбен қарады.
Жылауық күздей, жүзі күңгірт тартты, түнере қалды.
Көңілі көктемдей, май тоңғысыз, көгеріп көктеді, жапырағын жайды.
Аспан айналып жерге түскендей, жаны жаз, жағасы жайлау.

Тапсырма №5. «Жасырынбақ» ойыны

1. Балақтағы .... басқа шапқан.

2. Мойны ырғайдай, .... торғайдай.

3. Кеудесіне ....піскен.

4. ..... айрылған бақсыдай.

5. .... басына қаптау.

6. Көк ала ....ету.

7. Құрғақ уәдемен .... сүрту.

8. .... шаққан құрлы көрмеу.

9. ...... су көтермеу.

10. ..... тағаладың ба

Қажетті сөздер: бит, жыннан, ит терісін, қойдай, нан, ауыз, бойы, шыбын, шошқа, мойны.

Тапсырма №6. Берілген тұрақты сөз тіркестерінің синонимдері мен антонимдерін табу. 

«Ти» кестесі

            Синонимдер                                          Антонимдер  

_____________________ ___________________

 

Білімді               көзі ашық асарын асап, жасарын жасаған

Жас                   он екіде бір гүлі ашылмаған           әліпті таяқ деп білмеу

Батыр                 қолы ашық       ит өлген жер  

Алыс   жұлдызы жарасқан       иненің көзінен өткендей

Момын   қой аузынан шөп алмас       тиіп тұр

Дос   жүрегінің түгі бар                             сөзі түйеден түскендей

Менсінбеу     дүние есігін ашу     құрдай жорғалау

Туылу    көзге ілмеу       дүниеден өту

Ұнату     екі езуі екі құлағына жету   жаны қас

Тату    арасынан қыл өтпеу     ала ауыз

Хабарласпау    ат ізін салмау     зәресі зәр түбіне кету

Қуану     жаны құмар       ат ізін суытпау

Жомарт     су жүрекаузын қу шөппен сүрту

Әдемі сөйлеу    сөздің майын тамызу      жұлдызы қарсы


Тақтамен жұмыс:

Тапсырма №7. Фразеологиялық тіркестердің  синонимін тауып дұрыс орналастыру:


2.Жібектей есілген                    -мінезі биязы, жақсы қылықты;

3.Жігіт ағасы болды                  -есейді, орта жасқа келді.

4.Аршын төс                              -сұлулыққа тән балама теңеу;

5.Құралай көз                             -сүйкімді, әдемі көз;

6.Мырс етті                              -кекете күлді;

7.Сабыр түбі-сары алтын          -шыдамдылық, арты жақсылық, игілік.

Ауызша тапсырма №8. "Қызықты сұрақтар" ойыны

1. Сары көзді адам бола ма? "Ала көзімен атты"

2. Жүрегінің шашы бар ма? "Жүрегінің түгі бар"

3. Адамның неше көзі болады? "Екі көзі төрт болды"

4. Адамда неше саусақ болады? "Он саусағынан өнер тамған"

5. Адамның қай жеріне нан піседі? "Кейдесіне нан піскен"

6. Қандай жағдайда адамның аузы құлағына жетеді? "Екі құлағы езуіне жету"

Тапсырма №9. Тұрақты сөз тіркесімен бейнелеп калай айтуға болады?

1. Н. Наушабаев атамыз ақын, әнші, композитор, саятшы, палуан әрі айтыскер адам еді.
Бұндай адамды қалай деп атайды?
2. Әйгерім мәдениет үйіне концерт көруге барып еді, бірақ отырарға орын болмады. Ол үйге келіп не деді?
3. Жандостың лагерде бірге болған жақсы досы бар екен. Сол досы туралы үнемі айтып отырады. Үнемі айтуды не дейді?
Тапсырма №10. Төмендегі сөйлемдердің қайсысы жай сөз тіркесі, қайсысы тұрақты тіркес екенін ажырат. Тұрақты тіркестің мағынасын аш.
1. Бұл қол – сенің қолың емес.
2. Бұл жұмыс сенің қолың емес.
3. Тәкежандар кеңесі Абайға екі түрлі талап қойып, жүк артқан.
4. Жүк артқан түйе кейін келеді.
5. Кішкентай Жұмаш бөркін аспанға лақтырып ойнап жүр.
6. Емтиханды жақсы тапсырсаң, бөркіңді аспанға лақтырасың.

Тапсырма №11. «Бір сөзбен айтқанда» ойыны жүргізіледі.

Берілген тұрақты сөздерді бір сөзбен айту керек.

Бармағын тістеу -
Көз аларту –
Ақ саусақ -
Ит терісін басына қаптау –
Сойып қаптағандай –
Сілесі қату -
Тас жүрек –
Бетінен оты шығу -
Беті шімірікпеу –
Құлақ аспау -
Арасынан қыл өтпейді –
 
ІҮ. Жаңа материалды бекіту. 13 мин

"Инсерт" әдісі және тест тапсырмалары арқылы жаңа сабақты бекіту.

ҮІ.  Бағалау. 2 мин

Ү. Үйге тапсырма беру. 3 мин

Қазақ хандығына 550 жылдығына байланысты «Тарих-ғасырлар куәсі» тақырыбына әдеби нормаларды сақтай отырып эссе жазу. Тұрақты тіркестерді пайдалана отырып сөйлем құрау.



«Инсерт» әдісіShape3 Shape2 Shape1

Білдім

әдеби тілдің маңыздылығын, белгілерін, стильдің түрлерін, тұрақты сөз тіркестері туралы білдім

Білгім келеді

Әдеби тіл нормалары туралы, тіл мәдениеті жайында, тұрақты сөз тіркестерін тереңірек білгім келеді



Білемін

тіл мәдениеті, әдебиет сөзінің мағынасын, фразеология, еркін сөз тіркестері туралы білемін




















Тест тапсырмалары

 

1. Қай тұрақты тіркес «әділ» деген мағынаны береді?

А. тонның ішкі бауындай 

В.Ала жіпті аттамау 

С.Он саусағынан бал тамған   

Д.Қара қылды қақ жарған 

Е. Мұрнынан шаншылу


2. Антонимдес фразеологизмдер

А. Су жүрек – жүрек жұтқан

Б. Мойнына су кету- ит өлген жер

С. көз жұмды-жүріп кетті

Д. көзге түртсе көргісіз- тайға таңба басқандай

Е. Шашбауынкөтеру-тақиясына тар келу


3. Мағынасы дұрыс көрсетілген тұрақты тіркес

А. мұрнын шүйіру-дәмелену

Б. сөз беру-таңқалу

С. зығыры қайнау-өлу

Д. сілесі қату-әбден шаршау

Е. сүттей ұйыды-келіспеді


4. Мағынасы синонимдес тұрақты тіркестер

А. Бауыр басу-ақсаусақ

Б. Таяқ тастам жер-сүт қайнатым уақыт

С. Екі езуі құлағында-төбесі көкке жету

Д. Ит арқасы қиянда-маңдайының соры бар

Е. Көз ілмеу-көз шырымын алу


5. Мақал-мәтелдердегі тұрақты тіркес

А. Денсаулық – зор байлық

Б. Ештен кеш жақсы

С. Сабыр түбі сары алтын

Д. Оқу инемен құдық қазғандай

Е. Көп түкірсе, көл болады.


6. «Алыс» мағынасындағы тұрақты тіркес

А. Итжеккен

Б. Ер қашты

С. Асқар тау

Д. Көзаларту

Е. Атарытып, тоңтоздырып


7. Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркес

 А. Олар көптен бері қырғи қабақ болып, бір-бірін аңдысып жүр.

Б. Ауызы күйген үрлеп ішер

С. Олар  суықтақалып, тісі-тісіне тимей жаурады

Д. Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті

Е. Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып-қызыл болып кетті


8. Тұрақты тіркес

А. Ырыс алды-ынтымақ

Б. Бойшаң кыз

С. Ат ізін салмау

Д. Туған жер

Е: Түйме тағу


9. «Маңдай тер» деген сөз тіркесінің маңынасы

А. Үлгілі, озат

Б. Шаршау

С. Адал еңбек

Д. Қуану

Е. Бірлігі бұзылмау


10. «Билігі күшті» деген сөз тіркесінің тұрақты тіркес түрінде айтылуы

А. қолы ашық

Б. көз салу

С. жұлдызы оңынан туу

Д. құрығы ұзын

Е. бас имеу


11. «Төбесі көкке жету» тұрақты тіркесінің мағынасы.

А. өкіну

Б. Қуану 

С. ұйықтау

Д. ұшу

Е ойнау


12. Тұрақты тіркес

А. қоян жүрек

Б. адамның жүрегі

С. жүрегі соқты

Д. жүрегі лүпілдеді

Е. жүрек ауруы


13. «Тез» деген сөзді тұрақты сөз тіркесі түрінде қалай айтады?

А. ит өлген жер

Б. ауызға іліну

С. қас пен көздің арасында

Д. дегбір таппау

Е. еті тірі


14. «Тонның ішкі бауындай» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы

А. мықты

Б. өте жақын, өз адамындай

С. анық

Д. күш көрсету 

Е. оңай, жеңіл


15. «Әліңе қара» дегенді сөз тіркесі түрінде қалай айтады?

А. қаймағы бұзылмау

Б. қабақ шытысты

С. көрпеңе қарай көсіл

Д. кежегесі кейін тарту

Е. жер болу





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
2568
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі