400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «ҰБТ-де балаға психологиялық қолдау көрсету»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ҰБТ-де психологиялық қолдауда ата-аналарға көмек көрсету;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін--------------

Мектеп директоры:

Тағанияз Ө.Б.

«----» ----------- 2019ж







Тақырыбы: «ҰБТ-де балаға психологиялық қолдау көрсету»

(11 сынып ата-аналарына арналған коучинг- тренинг)









Дайындаған: педагог-психолог

Тоқпақова А.А













2019/2020оқу жылы



11- сынып ата-аналарына арналған коучинг- тренинг жоспары

Мерзімі: 25.11.2019ж

Тақырыбы: «ҰБТ-де балаға психологиялық қолдау көрсету»


Мақсаты:

-Оқушыларды ҰБТ-де психологиялық қолдауда ата-аналарға көмек көрсету;

Міндеттері:

- Оқушы мен ата-ана арасындағы байланысты күшейту;

-Оқушылардың танымдық процесінің нәтижесімен ата-аналарды таныстыру;

-Ата-аналарға психологиялық көмек беру.

Ресурстары:

(Материалдар көздері)


Стикер, видиоролик «Звездочка на земле» тренинг –жаттығу, саулнама, әдістеме

Сергіту сәті.

Ата-аналарға ой салу.

Тұрсынбек Қабатов «ҰБТ»

  1. Ата-аналарға оқушылардың танымдық процесінің нәтижесімен таныстыру;

  2. Ата-аналардың стресске бейімділігін анықтау

Е.А. Литвак тесті.

3. «Өмір шеңбері» тренинг

4. ҰБТ-де балаға психологиялық қолдау көрсету.

5. Ата-аналарға ситуациялық жағдаяттар;

6. «Бес пайдалы кеңес» тренингінің нәтижесімен ата-аналарды таныстыру.

ҰБТ-де балаға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық кеңес.

Түйін: «Емтихан» латын сөзінен «сынау» деп аударылады. Дәл сол сынаудан 11- сынып оқушылары әр түрлі жағдайда өтеді. Сынаудан жеңіл және тиімді өту үшін ата-аналар рөлі ерекше және де маңызды екенін түсініп отырсыздар. ҰБТ тапсыру қазіргі таңда жаңалық болмаса да, жасөспірімдерді, ата-аналарды күйзеліске әкелуі мүмкін. Сіз өзіңіздің қобалжуыңызды бала алдында қаншалықты жасырамын дегенмен де жасыра алмайсыз. Сондықтан өзімізді ұстамдылыққа шақырып, ішкі күйзелісізді білдіртпеуіміз керек. Өйткені сіздің қобалжуыңыз балаға тез беріледі де балада қобалжу пайда болып, өзіне деген сенімсіздікке бой алдыртады. Емтихан тапсырған кездегі сәтсіздіктер немесе сәтіліктердің барлығын жасөспірімнің өзіне артуға болмайды. Сол жауапкершілікке қол жеткізу үшін ата-ананың, ұстаздардың оны қоршаған ортасының ықпалы мен қолдауы ауадай қажет.

Стресс- адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстарыдың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің өзгерістерге ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады. «Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді.

Стресс-ең басты сәтсіздіктің жауы. Ол үшін шындықты мойындатып, оған бейімделіп, шыңдалу керек. Мысалы: «ҰБТ ешқайда кетпейді, мен одан құтыла алмаймын, бұл сынақ менің өмірімде де болады» деп өзін үйретуде баласына ата-анасы ықпал ету керек.

Сынақ тәжірибесінде дәлелденгендей, кейбір ата-аналар алдын ала байбалам салып, шындықты көз алдына елестетудің орнына басқа әдістерді ойлап табуға жұмыстанады. Мысалы: таныс-тамыр іздеу, ақшамен шешіледі деген сияқты т.б бос әрекетке жол береді. Бұл баланың санасын улайды, босқа уақытын өткізеді. Ақыр соңында бала төмен ұпай жинайды. Керісінше ата-ана баланың күн тәртібін қадағалап, дайындық курстарын жүйелі жоспарлап берсе, баланың басқа нәрсені ойлауға уақыты да болмайды. Себебі оның алдында бір мақсат бар. Бұл нәтижелі дайындық.

Ата-аналарға ситуациялық сұрақтар

І -топқа жағдаят

ҰБТ айтулы күн жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы қашып, мазасыздана бастайды. Ең алдымен ол мектептің, ата-анасы және өзінің абыройын ойлайды. Осыған дейін тер төгіп дайындалған еңбегінің еш кететінін қаламады. Оның үстіне ата-анасы баласына тым жоғары талап қойып отыр. ҰБТ күні ол төмен ұпай жинады. Баланың ата-анасы ретінде балаға қандай қолдау көрсетесіз. Оның төмен ұпай жинаған себебі?

ІІ- топқа жағдаят

Постер қорғау. Ата-аналарға «ҰБТ-де баланың жақсы көрсеткіш көрсетуі үшін балаға қалай көмектесе аламыз?» тақырыбында постер қорғайды

ІІІ- топқа жағдаят

Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Сіз екі мезгіл жұмыс жасайсыз. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдеттте, үй шаруасын тындырып, баланы да бағатын үлкен қызыңыздың күн тәртібін енді сіз қалай өзгертесіз?

Қызыңызға өз тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалуыңа қалай жағдай жасайсыз?

Ата-анларға Тұрсынбек Қабатовтың «ҰБТ» видиоролигі арқылы ата-аналарға баланың сабағына үнемі қадағалау жасау қажеттігі туралы ой салынады.





















































Ата-аналардың баласымен қарым-қатынасын анықтау мақсатында ситуациялық жағдайлар беріліп, ата-аналар өз ойларын ортаға салады.

Ұсыныстар

  1. «Көп біріксе көл балады» егер оқушыға ата-ана, сынып жетекші, пән мұғалімі, психолог бәрі бірігіп көмек көрсетсе, жақсы нәтижеге жетуге болады.




Рефлекция



Ата-аналар тренинг сабақтан алған жағымды әсерлерімен бөліседі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1011
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі