Материалдар / Тақырыбы: "Үй жануарлары"

Тақырыбы: "Үй жануарлары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жануарлары туралы мағұлмат беру.Үй жануарларын ажырата білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2019
460
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балауса ясли-бақшасы» КМҚКСейлсинова Айсулу Зейноллаевна«Қыс қызығы» «Жауқазын» тобы Мақсаты: қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Қысқа тән ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялап, қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.Сөздік жұмыс: Сүңгі мұз, аққала.Билингвалдық компонент:аққала-снеговик, қар – снег,қыс-зима.Әдіс-тәсілдері: ойын, сұрақ – жауап, әңгімелесу.Көрнекіліктер: қысқы суреттер, аққала, шана,сиқырлы қорапша.Ұйымдастыру кезеңі:Балалар сендер ойын ойнағыларың келеді ме?-Жақсы ,олай болса «Тамаша» деген ойынды ойнап бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін тамаша көңіл күймен бастайық. Олай болса балалар мен сендерге сұрақ қойамын сендер соған(жақсы болса) тамаша деп жауап беріп қолымызды шапалақтаймыз.үгінгі көңіл күйіміз қандай? (Тамаша)-«қыс» мезгілі қандай? (Тамаша)- сырғанап, шана тепкен қандай? (Тамаша)-балабақша қандай? (Тамаша) -Өте жақсы балалар!Менің сендерге арнаған сиқырлы қорабым бар еді,сол ашылмай тұр,егер сендер жұмбақтың шешуін тапсаңдар қорапша ашылады.Шелек қалпақ басында,Сәбіз екен танауы.Қыста қардан жасалар ,Тауып көрші сен оны. «Аққала»Тамаша балалар! Біздің қорапшамыз ашылды. Ол қорапшаның ішінде Ақшақардың бізге жазған хаты бар екен. Балалар сендер қыс туралы не білесіңдер? Олай болса балалар мен сендерге қыс туралы қысқаша түсінік берейін. Жылдың төрт мезгілі бар. Әр мезгілдің өз ерекшеліктері болады. Қыста Қар лақтырып ойнасаққырау басады. Қыста қар жауып, күн борап, аяз болады. Терезелерге аққырау өрнегін салады.Үйлердің төбесінде сүңгі мұздар ілініп тұрады.Қыста таза ауада дем алып, ойындар ойнаймыз. Қыста шана,шаңғы, коньки тебеміз, қар атысып, аққала жасаймыз. Қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді,суыққа төзімді құстар қыстап қалады. Олар сауысқан, қарға, торғай. Қыста құстарды суықтан қорғануға сыртқы жүндері көмектеседі. Біз оларға жем шашып,оларға ұя жасап қорғауымыз керек. Табиғатты аялауымыз керек.Сергіту сәтіБораң соқты оң жақтан,Бораң соқты сол жақтан.Қар лақтырып ойнасақСу өтеді қолғаптан.Тамаша! орнымызға отырайық.Суретпен жұмыс.Балаларға 1-2 сөйлем құрауға үйрету.-Қыста күн суық.-Біз шанамын сырғанаймыз,-Қыста аққала жасаймыз.Өте жақсы балалар!Ойын: «Қар лақтыру» Ақ қағаздан қарлар жасап қар атысып ойындар ойнаймыз.Жақсы !Сұрақ – жауап арқылы не үйренгендерін пысықтау.Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?-шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз.Қыста не жауады?- Қыста қар жауады.Қыста ауа райы қалай болады?-Аяз, боран, қар болады.Сүңгі мұз, аққала.аққала-снеговик, қар – снег,қыс-зима.Жақсы.Бүгінгі көңіл күйіміз өте тамаша! Мен сендерге ризамын.Бүгінгі күніміз тамаша болды.Сау болыңдар!

























«Балауса ясли-бақшасы» КМҚКСейлсинова Айсулу Зейноллаевна«Үй жануарлары» «Балапан» тобыМақсаты: Үй жануарлармен және олардың атауларымен таныстыру.Үй жануарларына қамқорлық көрсете білуге,оларды қорғай білуге тәрбиелеу.Әдіс –тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,әңгімелесу.Билингвалдық компонент: қой-баран, сиыр-корова.Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, төлдері, музыка орталығы,қоржын.Ұйымдастыру кезеңі:Шаттық шеңбері:Қошақаным қойдың,Қайда қалып қойдың.Бұлтиып тұр бүйірің,Қай өрістен тойдың.Жақсы балалар!Балалар біз бүгін үй жануарларымен танысатын боламыз.-Үй жануарларына қой, сиыр,түйе,жылқы жатады.Үй жануарлары кімнің үйінде бар?-Біздің үйде сиыр бар(Айғаным)-Бізде қой бар, жылқы бар(Аяла)Жақсы ! Балалар мен сендерге үй жануарларының пайдасы туралы айтып өтейін. Үй жануарларының пайдасы өте көп сүтін ішеміз,құрт,май,қатығын жейміз , сойсақ етін жейміз. Атты мінсек көлік. Адамдар ет жемесе ауруға шалдығуы мүмкін. Ағарғанның пайдасы өте көп.Суық тигенде ыстық сүтті ішу керек.Адамның денсаулығына өте пайдалы.Үй жануарларының адам өміріне маңызы өте зор. Сондықтан адамдар оларға аса қамқорлықпен қарайды.Қыста жылы қорада ұстап, жем – шөп, су беріп асырайды.Олардың төлдері болады. Сиырдың төлі-бұзауҚойдың төлі- қозыЖылқының төлі- құлынТүйенің төлі – бота деп аталады. Жақсы балалар бір сергіп алайық.Секірейік,секірейік.Ұзын құлақ қоянша,Шаршағанды кетірейік.Болар сонда тамаша!Жақсы орнымызға отырайық.Балалар ойын ойнап алайықшы.Дидактикалық ойын: «Төлдерін орналастыр»Балалар суреттер бойынша орналастырады.Музыка ырғағымен балалар үй жануарларының дыбысталуын атайды.Балалар бүгін біз не туралы әңгімелестік?-үй жануарларыОлардың бізге пайдасы барма?-Пайдасы өте көпСиыр қалай дыбыстайды?-Мө, мө, мөТүйенің төлін қалай атаймыз?-Ботақой-баран, сиыр-короваӨте жақсы балалар! Барлығың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар сендерге бүгін қоржынның ішінен сыйлықтар шықты. Келесі сабақта кездескенше сау болыңдар!







































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ