400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Үй құстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: :Балаларға үй құстары және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру.Үй құстарының тіршілігі жайлы сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.Құстардың табиғатқа,адамдарға келтіретін пайдасына тоқталу,үй құстарына қамқор болуға,оларды күте білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы топ ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі.

Білім беру саласы: «Қатынас» ,«Таным» ,«Шығармашылық»

Пән: Сөйлеуді дамыту,Құрастыру. Жапсыру.

Тақырыбы: Үй құстары

Мақсаты: :Балаларға үй құстары және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру.Үй құстарының тіршілігі жайлы сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.Құстардың табиғатқа,адамдарға келтіретін пайдасына тоқталу,үй құстарына қамқор болуға,оларды күте білуге тәрбиелеу.

1.Тәрбиелік:  Құстардың табиғатқа,адамға келтіретін пайдасына тоқтау,үй құстарына қамқор болып,оларды күте білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Үй құсы – тауықпен таныстыру, үй құстарын атауға, айыра білуге үйрету.

3.Оқыту: Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу,сурақ-жауап.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберіне тұрғызу. Сәлемдесу.

-Балалар ең алдымен«Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» деп, келген қонақтарымызбен амандасайық.

- Арайлы таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы таң, балалар!

Негізгі бөлім

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілілінде далада қандай өзгерістер болады.

Жұмбақ жасыру

Ақ сарайды талқандап,

Шықты біреу талтаңдап.

Ол не?

Бұрап қойған сағатай ,айқайлайды таңатпай.

Ол не?

Үнтаспадан үй құстарының дауысын тыңдату.

-Балалар,сендер қандай құстардың дауысын тыңдадыңдар?

-Иә,балалар, үй құстарының дауысы екен?

Дұрыс,тауық,әтеш,қаз, үйрек,балапан және т.б.

Слайдпен жұмыс.

-Балалар, үй құстарының адамға пайдасы өте көп.Олардың жұмыртқасымен еті-тамақ. Бүгін үй құстарының бірі-тауық және оның балапанымен танысамыз.Тауық-ең көп тараған құстардың бірі. Оның балаларын балапан деп атайды.

-Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?

-Балапанның түсі қандай?

-Тауықтарға жем,су береміз.

Тауықтар бидайды жақсы көреді.Міне,балалар,суреттен көріп тұрғандарыңдай,әтештің тауықтан ерекшелігі мынандай:оның айдары бар,ал қауырсыны түрлі түсті болады.Тауықты сипап көрейік(жұмсақ ойыншық тауықты көрсету)жүні майда, айдары бар,тұмсығын,қанатын созып көрейік,ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды.Аяғында тырнағы бар екен. Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді.

Тосын сый Есік қағып Тауық келеді Балалармен амандасып ол өзінің бір балапанын жоғалтып алғанын айтып.Балалардан көмек сұрайды.Тәрбиеші балалар тауыққа балапанын тауып береміз бе?

Балалар қуана көмектесуге дайын екендерін айтады.Тәрбиеші кәне балалар тауықпен бірге сергіту сәтінн жасаймыз ба?

Сергіту сәті.

«Шөжелерім» әнімен орындалады.

Балалар тауықтың бізге әкелген тапсырмалары бар екен орындаймыз ба?

1-тапсырма: Үй құстарын атап беріңдер?

2-тапсырма: Үй құстары туралы кім ?

тақпақ айтып береді .

Мен – қоразбын, қоразбын,

Жалқаулармен аразбын.
Таңды бұрын қарсы алып,
Елді оятам жар салып.

Шұбар тауық, ақ тауық,

Бола көрме қақсауық.

Жерден азық тап,

Шөжелерді бақ.

1.Үлестірмелі материалмен жұмыс. Шарты: суреттегі балапаның салынбай тұрған бөлігін тауып жапсыру.

2.Дидактикалық ойын: «Анасын тап»
Шарты: Балаларға үй құстарымен олардың балапандарының суретін үлестіріп беру. Балалар анасын балапанымен жұптастырады.

3.Кім тапқыр?

Шарты: Құстардың денесін құрастыру.

Балалар тауықты шығарып салайық.Тауық балапанын тауып бергендері үшін рахметін айтып балалар мен қоштасады.

Мен қоразбын, қоразбын

Жалқаулармен аразбын

Таңды бұрын қарсы алып

Енді оятам жар сал

Қортындылау.  Кім жылдам?

Ойыны арқылы қортындылау.Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендер ашық оқу-қызметіне өте жақсы қатысқандарың үшін, жаңа тауық тастап кеткен мына сиқырлы жұмыртқаның ішіндегі тәттілерді сендерге сиға тартамын.

- Ал балалар тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау саламатта болайық!- деп келген қонақтармен қоштасайық.

- Сауболыңыздар!















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі