400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Үрмебұршақты отырғызамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1.Үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің көбеюі туралы алғашқы білім беру. 2.Тұқым отырғыза білу дағдыларын игерту. 3.Еңбекқорлыққа баулу. Қолданылатын көрнекі құралдар: бала санына қарай алжапқыш және топырақ салынған стақан, піскен үрмебұршақ, қорапшадағы үрмебұршақ, өсімдік суреттері, аламан (тышқан) ойыншығы, стекалар. Сөздік жұмыс: тұқым. Билингвальды компонент: үрмебұршақ - фасоль, отырғызу - посадить.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеумет.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Үрмебұршақты отырғызу.

Мақсаты: 1.Үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің көбеюі туралы алғашқы білім беру.

2.Тұқым отырғыза білу дағдыларын игерту.

3.Еңбекқорлыққа баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бала санына қарай алжапқыш және топырақ салынған стақан, піскен үрмебұршақ, қорапшадағы үрмебұршақ, өсімдік суреттері, аламан (тышқан) ойыншығы, стекалар.

Сөздік жұмыс: тұқым.

Билингвальды компонент: үрмебұршақ - фасоль, отырғызу - посадить.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Сабаққа аламаннның (тышқанның бір түрі) келгенін хабарлау.

-Балалар, аламан сендерден үрмебұршақ отырғызуға көмектесулеріңді сұрайды. Бірақ оны қалай отырғызу керектігін білмейді.Балалар, аламанға көмектесеміз бе?

Балалар сабаққа белсене қатысады, алжапқыштарын киеді.






-Көмектесеміз.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік









1.Білімді өзектендіру.

Үрмебұршақтың суретін көрсету.

-Бұл ненің суреті?

2.Үрмебұршақ туралы түсіндіру.

- Үрмебұршақ-жылу сүйгіш өсімдік.Сондықтан ол ыстық жақтарда өседі. Үрмебұршақ біздің елімізде де өсіріледі. Үрмебұршақты суық топыраққа отырғызбайды. Сондықтан оны күн жылын -ған кезде отырғызады.

Үрмебұршақ өсу үшін жылу, су, жарық және ауа қажет.Біз бүгін үрмебұршақты қалай отырғызу керектігін үйренеміз және аламанға оны қалай отырғызу керек -тігін көрсетеміз. Қорапшадан үрмебұршақтарды алып, балаларға таратып,оның тұқым екенін айтады.

-Балалар, үрмебұршақты алақан арасына салып есіп көрейік, қолға қалай сезіледі?

-Түсі қандай?

3.Билингвальды компонент: үрмебұршақ – фасоль, отырғызу – посадить.

4. Саусаққа арналған жаттығу.

Шақ – шақ – шақ,

Отырғызайық бұршақ.

Өс – өс – өс,

Алақаныңды тос!

5.Үрмебұршақ отырғызу.

Балаларды бір – бірден шақырып, қолдарына үрмебұршақтың дәнін таратады, балалар орындарына жайғасқан соң отырғызу реттілігін айтады.

  • Стекамен шұңқыр жасаймыз.

  • Шұңқырға үрмебұршақ -тың дәнінің өсімі бар жағын жоғары қаратып саламыз.

  • Топырақпен көмеміз.

  • Су құйғышпен аздап су құямыз.

Балалардың алдына отырғызу реттілігі көрсетілген үлгіні ұсынамын.Балаларға керекті құрал – жабдықтарды таратылады.

Үрмебұршақты отырғызу барысында әр баланың еңбегін қадағалап, мадақтау.

6.Жеке жұмыс.

Суретті қарап, үрмебұр –шақ туралы білетіндерін айтады.
















Көру арқылы үрмебұршақты зерттейді, әсерлерімен бөліседі.






-Қатты, сопақша тәріздес.


Қайталайды.




Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.





Мұқият тыңдап, үрмебұршақты отырғызу реттілігін естеріне сақтайды.













Бұршақ отырғызады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Біз не отырғыздық?

- Үрмебұршақ қандай өсімдік?

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды:үрмебұршақты отырғызуға берілген тапсырманы.

Түсінеді: үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің қалай көбейетіндігін, яғни олардың өсіп – жетілуі үшін топырақ, су, жарық және жылу қажеттігін.

Қолданады: тұқым отырғыза білу дағдыларын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі