400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Тақырыбы: "Ұстазыма рахмет!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға алғыс айту туралы түсінік беру, тілек білдіру туралы айтып өту. Тәрбиеші, ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету. Адамгершілікке тәрбиелеу түсініктерін кеңейту.Кеңпейілділікке, мейірімділікке баулу. Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұстазыма рахмет!»
Мақсаты: Балаларға алғыс айту туралы түсінік беру, тілек білдіру туралы айтып өту. Тәрбиеші, ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету. Адамгершілікке тәрбиелеу түсініктерін кеңейту.Кеңпейілділікке, мейірімділікке баулу.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер.

Балалар, бүгін бізде ерекше күн болғалы тұр.Себебі сендермен бірге ашық оқу іс-әрекетін өткіземіз.
Таңғы шеңбер: Үлкенге де "сіз" Кішіге де "сіз" Үлкендерді құрметтеп Алғыс айтамыз біз.

Осы сәтте есік соғылғандай боп ішке Дымбілмес аптыға кіреді. Дымбілмес:
-Балалар, мен сендерге келген себебім, мен әдепті бала болғым келеді. Мен сабырлы, әдепті бала болсам ата-анам және достарым қуанышты болар еді.
-Әрине, келісеміз. Олай болса амандасудан бастайық.

Арайлап таң атты, 
Алтын сәуле таратты.
Амансыз ба, ата-ана?!
Амансыздар ма достарым?!
Дымбілмес: Ой, өте керемет екен. Менде риза болып қалдым. -Әрине , біз күнде үш тілде амандасуды да әдетке айналдырып келеміз. Сонымен қатар "рахмет айту", "алғыс айту" сынды да әдепке жататындар бар.

Тәрбиеші:Мен сендерге тәтті берсем не дер едіңдер, балалар?
-Өте керемет. Ендеше, біз осы әдепті де күнделікті ниетімізді, ықыласымызды білдірсек, біздің де әдепті, ізетті екеніміз көрінеді.Ал мына өлеңді қане бәріміз бірге мәнерлеп қайталайық.
Әрине, балалар, біздің бұл әлемде рахмет айтар жандарымыз көп. Осы өмірге келтірген Анашыма алғыс айтамыз. Тәрбие беріп, өсірген тәрбиешіге рахмет айтамыз. Өзімізге рахмет айту. Достарымызға рахмет айту.
Менің мынау жүрегім
Бәрі осыдан басталар
Мынау басым ақылды
Бәрін осы атқарған.
Мынау менің оң қолым.

Ендігі кезекті ұстаздарға арналған нақыл сөздерге берейік.
Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Жақсы мұраттың артынан су ереді. Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді.
Ұстазға қарап шәкірт өседі. Шәкіртсіз ғалым – тұл.
Атпаз көрген ат таныр. Ұстаз көрген хат таныр.
Ұстаз талантты болса, Шәкірт талапты болады.
Ұстаз - ұрпақ мақтанышы. Ұстаз болу жүректің асылдығы.
Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді. Білімді жан тас камалды күйретеді.

Білім дәнін тереді.
Балаға тілім береді. ( ұстаз )

Білімнің жолбасшысы.
Шәкірттің қолбасшысы. (Ұстаз)

Оқу – білім бағдары.
Заманның бағбаны. (ұстаз)

Кесіп айтар өзіңе
Өнеге көп өзінде
Өсиет мол сөзінде
Көп шәкірттің досындай
Мөлдір апай осындай.


Ақыл кеңес көп қой онда ұққанға
Ардың туын асқақ ұстап шықты алға
Ана тілін ардақтауды үйреткен
Мың рахмет Айша апайға.
-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз.
-Ал,біздің ұлтымыз кім?
Біздің елбасымыз кім?

Тәрбиеші:Жарадыңдар, балалар. Мың алғыс сізге айтамыз
Әділетті біздің атамыз
Әлемге барлық танылдық.
Осы бақытты, байсалды, мемлекетте өмір сүріп жатқан бізден асқан бақытты ел бар ма екен?Жер асты байлықтарымыз, жер үсті байлықтарымыз және минералды тұздарымыз да кен орындарымыз да өте мол.
Сол үшін балалар біз осы мемлекетті көркейтуге, өсуіне зор үлес қосамыз деген үмітпен сенім білдіреміз.
-Балалар, енді өзімізді жақсы көремізбе?
-Әрине, олай болса адал, шыншыл, әдепті болып өселік. Бастысы алғыс айтып үйренейік.
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..
-Балалар бүгінгі ашық оқу іс-әрекетінде не туралы айттық?
Ән: «Ұстазым» 

-Тілек білдіруді де үйрендік. -Жарайсыздар, балалар, осымен ашық тақырыптық оқу қызметімізді қорытындылау.






































































Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Гимні ойнатылады.
Жылулық шеңбері: 
Балалар шеңберге тұрып
Қайырлы таң алтын күн,
Қайырлы таң жер ана
Қайырлы таң достарым, 
Сендерді көрсем қуанам!
Қуанамын менде, қуанасың сенде,
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! - депжылулық шеңберін жасайды.


Ұйымдастыру-ізденуші
Тәрбиеші: Балалар, міне бүгін «Шынар» балабақшасының «Ақшолпан» тобында Ұстаздар күніне арнаған құттықтау кешімізді бастайық. Ұстаздарға төл мерекелеріңіз құтты болсын, көңілдеріңіз ашық аспан сияқты таза болсын, Бүгінгі ел басқарған азаматтар, білім алған сіздердің арқаңызда. Тәрбиеші: балалар өнерлеріңе тәнтіміз. Осы ұстаз деген - кімдерге сабақ берген. Әншіге де, жыршыға да, жүгізушіге де, президентке де, бишіге де сабақ берген. Әрбір маман иесі осы Ұлы ұстаздың алдынан өткен. Қане тағы қандай өнерлерің бар.Би Қара жорға......: Ұстаздардың анасыБалалардың панасыҰстаздарды сүйемізӘдеппен бас иеміз............: балалар апайымыз бізге не үйретті айтып берейік.Хормен: Бала бала баламызБақшамызға барамызКүні бойы қызыққаБатамызда қаламыз.СанамақКел санайық санамақ,Саусақтарды даярлап.Бас бармағым алғашқы,Балан үйрек жалғасы.Ортан терек кезекші,Шылдыр шүмек көмекші.Шынашағам балапан,Бәріне ортақ алақан........: Халқым жетсін мұратқа,Ұстаздарды ардақтаТәрбие жолын бастағын,Ұстаз деген асқақ ән.Айым: Адал жақсы ниетпенБар ұстазға бақ тілепЖарып шыққан жүректіСөздің бәрі ақ тілек.Білімнің бұлағыАрдақты мұғалім,Білімнің – бұлағым.Таусылмас сен жайлы,Тасқынды жыр әнім.Қанатым талмайды,Қиялым самғайды.Ақын да, ғалым да,Ұстазсыз болмайды.Мереке күніңмен,Құттықтап бүгін мен.Ойыма ой қосам,Сен берген біліммен.Рефлексивтік-түзетушіҚортынды:Балалар бүгінгі күн – қандай мереке екен?Ұстаздар кімге сабақ берген?Балдырғанның көріп шаттық жүзінен.Мейіріммен шапағым боп тізілгенКеше ғана менде шәкірт болып ем,Келем бүгін ұстаздардың ізімен – дей келе бүгінгі тақырыптық оқу қызметін аяқтаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі