Материалдар / Тақырыбы: "Үстел үсті ойындар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: "Үстел үсті ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үстел ойыны - үстелге немесе ойыншылардың қолына толығымен орналастыруға болатын заттардың кішкене жиынтығын басқаруға негізделген ойын. Үстел ойындары қатарына арнайы алаңшаларда ойнайтын ойындар, карточкалық ойындар, сүйек-тастар, ойыншық-жауынгерлер және т.б. жатады. Осы санаттағы ойындар, спорттық және бейне ойындарға қарағанда, ойыншылардың белсенді қозғалысын, қосымша техникалық күрделі жабдықтардың болуын немесе арнайы нысандар мен ойын алаңдарын талап етпейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
10119
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

31 «Күншуақ» балабақшасы



















Тақырыбы: Үстел үсті ойындары

















































Үстел ойыны - үстелге немесе ойыншылардың қолына толығымен орналастыруға болатын заттардың кішкене жиынтығын басқаруға негізделген ойын.

Үстел ойындары қатарына арнайы алаңшаларда ойнайтын ойындар, карточкалық ойындар, сүйек-тастар, ойыншық-жауынгерлер және т.б. жатады. Осы санаттағы ойындар, спорттық және бейне ойындарға қарағанда, ойыншылардың белсенді қозғалысын, қосымша техникалық күрделі жабдықтардың болуын немесе арнайы нысандар мен ойын алаңдарын талап етпейді.

Үстел ойындарының қолданылу аясы мен пайдасы.

Үстел ойындары негізінен мына мақсаттар бойынша қолданылады:

· Демалу және көңіл көтеру;

· Қарым қатынас, келіссөз жасасу;

· Құмар ойыны, бәсекелестікке түсу;

· Басқатырмалар, миды жаттықтыру;

· Білім алу, үйрену, тренинг үшін.

· Инвестиция жасаудың тиімді әдістері;

· Әрі қарайғы инвестиция үшін капитал жинау;

Үстел ойындарының адам ағзасына 8 түрлі пайдасы:

1. Жадты жақсарту және танымдық функцияларды жақсарту.

Көптеген үстел ойындары есте сақтау, ақпарат қабылдау, проблемаларды шешу және күрделі жағдайлардан шығу сияқты когнитивті функцияларға бағытталған. Үстел ойындарының бұл аспектілері ақыл-ойды дамытады және жадты күшейтеді. Когнитивтік функцияларды жетілдіру IQ-ді арттырады және үйрену қабілетін жақсартады. Үстел ойындары мидағы күрделі функцияларға жауап беретін гиппокампустың және префронтальды қыртыстарды құруға көмектеседі. Миға жаңа дағдыларды меңгеруге және бұлшық еттерін шынықтыруға әсер ететін кез-келген іс-әрекеттер мидың сау болуына көмектесетіні дәлелденген.

2. Психикалық аурулардың қаупін азайту.

Сіз білесіз бе? Үстел ойындарын ойнау психикалық ауруға шалдығу қаупін азайтады. Үстел ойындардың ең үлкен артықшылықтарының бірі когнитивті диссонанс тәуекелін төмендету болып табылады. Бұл когнитивті қабілеттердің төмендеуін білдіреді. Когнитивті қабілеттердің төмендеуі деменция және Альцгеймер сияқты психикалық ауруларға байланысты. Тұрақты үстел ойындарын ойнау ақыл-ойды жетілдіреді және когнитивті функцияларды жақсартады. Ал, бұл кәрілік кезінде психикалық ауруға шалдығу қаупін азайтады.

3. Қан қысымын төмендетеді.

Күлкі мен оңтайлы әлеуметтік мінез-құлықпен қатар, үстел ойындары эндорфиндерді босату арқылы позитивті көңіл күй қалыптастыруға көмектеседі. Эндорфиндер бұлшық еттерді босатып, ағзадағы қан айналымын жақсартудың бірегей қабілетіне ие. Үстел ойынын ойнаудың шекті мөлшері қан қысымын азайтуға және сақтауға көмектеседі. Жоғары қан қысымы жүрек қатеріне, артериялардың және инсульттің зақымдалуымен байланысты. Осылайша, үстел ойындарын ойнау ағзадағы эндорфиндердің мөлшерін көбейтеді және адамдарды позитивті етіп, босаңсыған тыныш күйге бөлейді.

4. Стрессті азайтады.

Әлемде адамдардың шамамен 53% -ы релаксация және стрестен арылу үшін ойын ойнайтынын мәлімдеген. Үстел ойындары сізді демалдыра отырып, бұлшық еттеріңізді жұмыс істететін құрал. Бұл оқыту мен дамуды ынталандыратын керемет әлеуметтік қызмет. Бұл өз кезегінде, өзіңе деген сенім мен мотивацияны арттырады.

5. Ойлау қабілетін жылдамдатады.

Тұрақты үстел ойынын ойнау ақылдың белсенді әрі шоғырланған күйде болуын дәлелдеді. Бұл адамдарға тез ойлау мен ептілікті қажет ететін жағдайларда өз септігін тигізді. Ойындар, сонымен қатар, уақыт өте проблемаларды шешуге және аналитикалық қабілеттерді дамытуға көмектесетін «тірі қалу генінің» қызметін белсендіреді. Мәселен, әмияныңызды жоғалтып, оны бірнеше сағат бойы таба алмай қалсаңыз, демек сізге ойын қорабын ашып, оны ойнайтын уақыт келді деген сөз.

6.  Иммундық жүйені құруға көмектеседі.

Зерттеулер көрсеткендей, стресс, психикалық күйдің нашарлауы бізге аурулармен күресуде кедергі жасайды. Ойын ойнау кезінде туындаған эндорфин мен позитивті эмоциялар иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі; Иммунитетті жақсартуға көмектесетін химиялық заттар үстел ойынын ойнау барысында бөлінеді. Иммунитетті жақсартудың керемет тәсілдерінің бірі - таза ауада үстел ойындарын ойнаумен өткізу болып табылады.

7. Балаларды дамыту.

Балалардың дамуы мен өсуінде үстел ойындары шешуші рөл атқарады. Бұл миды дамытудың маңызды аспектісі, өйткені логикалық, сыни ойлауды және ой өрісін кеңейтуге көмектеседі. Ойын ойнау оқыту, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларға көмектеседі. Ол сөйлеу және назар аудару дағдыларын жетілдіруге көмектеседі және баланы ұзақ уақыт бір арнаға шоғырландырып, көңіл аудартады.

8. Терапиялық емдеу.

Көптеген үстел ойындары дене қозғалысының негізгі құралдарын пайдалануды талап етеді. Бұл кезде денеге объектілерді көтеру және жылжыту ұнайды. Ал, тұрақты қимыл балаларға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға және қарт адамдарға маңызды болып табылатын моториканы дамытуға және жұмыс істеуіне көмектеседі.



























№ 1 «Суреттер құрастыру»

Максаты:

Балаларға ұсақ суреттерден бір мазмұнды сурет құрастыруды үйрету, әңгіме құрастыра білу, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту, әр түрлі мазмұнды суреттер құрастыруға деген балалардың қызығушылығын арттыру.


Ойын атрибуттары: әр түрлі ертегілерге байланысты суреттер.

Ойынның барысы:

Балалар үстел үстіндегі әр түрлі суреттердің қиықтарынан бір мазмұнды сурет құрасытырады. Сурет не жайында екенін әңгімелеп айтады.әр түрлі ертегілерге байланысты суреттер.



№ 2 «Оқиғалар»

Мақсаты:

Баланың ой-өрісін, зейінін дамыту

Ойын атрибуттары:

Оқиғаларды бейнелейтін суреттер, оқиғалар жайында айтылған сөздер.


Ойынның барысы:

Балалар өздеріне ұнаған сюжетті суреттерді алады. Сол суретте айтылған тиісті сөздерді тауып астына құрастырады. Солай бірнеше оқиғалар суреттерге байланысты қойылады.





№ 3 «Кесте бойынша ойын»



Мақсаты:

Балалар білетін ертегілерін еске түсіру аркылы тіл байлығын дамыту. Аталған ертегілердің мазмұнын, атын білу. Балаларды тапқырлыққа, зейінді болуға тәрбиелейді.



Ойын атрибуттары: ертегілер кеспе (фишкалар) белгілері



Ойынның барысы:

Үстел-үстіне ертегілер бейнеленген кеспені жайып қояды. Ойынға 2 немесе 3 бала қатысады. Кеспе бойынша белгіні қоя отырып, ертегінің атын айтады. Осылай келесі бала ойнайды.

№ 4 «Мозаика»

Мақсаты:

Балаларға әр турлі ертегілер, геометриялық пішіндер арқылы ертегі мазмұнын құрастыруды үйрету, түстерімен таныстыру, балалардың ой-қиялын дамыту, еңбек-сүйгіштікке тәрбиелеу.

Ойын атрибуттары: мозайка қиындылары.





Ойынның барысы:

Тәрбиеші мозаика бейнеленген көрнекіліктерді (ертегі мазмұны ) көрсетіп, бұл-мозаика деп аталатынын, одан геометриялық пішіндер арқылы ертегі мазмұнын құрасытруға болатынын айтады. Балаларға өрнектердің түсі үйлесімділігіне көңіл бөліп, пішініне сәйкес орналастыра білуге бағыт беріледі.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!