Білім беру
саласы:Қатынас
Бөлімі: Сауат
ашу
Тақырыбы: Ю ю дыбысы мен
әрпі
Мақсаты:Ю ю дыбысы мен әрпін
таныстыру. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Ю дыбысы бар
сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту,
қызығушылығын, белсенділігін дамыту, сауатты жазуға баулу.
Әдептілікке, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Көрнектілігі:
Ю дыбысының баспа, жазба түрі,
кеспе әріптер, буындар, суреттер, текшелер, дәптер, үлестірмелі
қағаздар.
Әдісі-тәсілдер:
Сұрақ – жауап, түсіндіру,Акт,
миға шабуыл.
Билингвалды
компонент:Аю-медведь-bear,
Дауысты дыбыс-гласный
звук-dauysty dybys
Дауыссыз дыбыс – согласный
звук-dauyssyz dybys
Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
Дыбыс дегеніміз
не?
Дыбыстар нешеге
бөлінеді?
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
қандай текшелермен белгіленеді?
Жұмбақ
жасыру
Тәтті көрсе бас салар
Айнымайды баладан
Үп - үлкен боп жасқанар,
Кіп – кішкентай арадан (аю)
«Аю» сөзінде неше буын
бар.
Бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр? (
хормен айту)
- Қандай дыбыс екен?
- Дауысты
- Ю ю дыбысының баспа, жазба түрлерімен
таныстыру.
- Ю дыбысын айтқанда й - у қосарлы дыбысы естіледі, жазғанда ю
болып жазылады.
Ю дыбысы өз алдында жеке буын жасай алады. Мысалы: а - ю, қо - ю,
құ – ю
« Кім жылдам»
ойыны
Допты бір - біріне лақтыра отырып ю дыбысы бар сөйлем
құрату.
Ю әріпін ауада
жазамыз.
Саусақ
жаттығуы
Қолым қолым қал
қалай,
Саусақтарым сендер
ше.
Жазу жазшы
шаршамай,
Көркем, сұлу,
әдемі.
Бес алайық
аямай.
-
Тапсырма
Дәптермен жұмыс.
Юю әрпін жазамыз.
2.Тапсырма
Атауында Ю дыбысы бар сөздерді
қоршап сыз.
3
тапсырма
Суретпен
жұмыс
Суретпен
жұмыс
Аюдың
ашқарақтығы
Қай сөзден ю дыбысын
естідің
4
тапсырма
Ю әріпінің бейнесін
ермексаздан бейнелеп жасаймыз.
Сергіту
сәті
Қорбаңдаған
аюдың,
Құлпынайы көп
екен.
Теріп теріп
алайық,
Қалтамызға
салайық.
Қорытындылау
Балаларға карточкалар
таратылады.
Аю, ою, азаю, көбею, құю,қою,
жою,баю,есею, ұлғаю сөздеріне талдау
жасау.
Балаларды
мадақтау.
Қол ұстассақ
бәріміз,
Жарасады
сәніміз.
Көріскенше күн
жақсы,
Сау болыңыз
бәріңіз!