400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Тақырыбы:Ақпаратты іздеу әдістері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпаратты іздеу түсінігі, іздеу түрлері, іздеу жүйелерін, іздеу әдістерін білуExcel электрондық кестеде мәліметтерді іздеу және сүзгілеуді жүзеге асыру. Бір немесe бірнеше мәліметтерді іздеп, кестелердің өсу немесe кему ретімен жазбаларды сұрыптау.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Күні:30.11.2021ж


Мұғалімнің аты-жөні: Мадувова Н.

Сынып: 9 «е»


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты іздеу әдістері.


Оқу мақсаты:

9.2.2.3- мәліметтерді іздеу, сұрыптауды және сүзгілеуді жүзеге асыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: Ақпаратты іздеу түсінігі, іздеу түрлері, іздеу жүйелерін, іздеу әдістерін білу.

Көпшілігі: Excel электрондық кестеде мәліметтерді іздеу және сүзгілеуді жүзеге асыру.

Кейбірі: Бір немесe бірнеше мәліметтерді іздеп, кестелердің өсу немесe кему ретімен жазбаларды сұрыптау.

Бағалау критерийі:

  • Ақпарттың іздеу тәсілдерін біледі;

  • Электронды кестеде жұмыс жасай алады;

  • Еxcel програмасында мәліметтерді талдайды;

Тілдік мақсаттар:


Критерий Критерий Criteria

Сұрыптау Сартировка Sorting

Сүзгілеу Фильтр Filter

Құндылықтарға баулу:




Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Өмір бойы білім алу, бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту.

Пәнаралық байланыс:

Ағылшын тілі, орыс тілі, математика

Алдыңғы білім:


Excel программасымен жұмыс жасай алады, мәліметтерді сүзгілеп сараптай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу.

Үй тапсырмасын сұрау

1.Эхсел бағдарламасын қалай іске қосамы?

2.Енгізілген мәліметтерді тексеру үшін қай команданы орындаймыз?

3.Деректер базасының негізгі компоненттері?

4.Деректер базасының типі?

5.Деректер базасы дегеніміз не?


Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты: «Адасқан әріптер» ойыны арқылы жаңа сабақты бастау.

Criteria, Sorting, Filter сөздерін жасыру.




Жаңа сабақ бойынша ақпараттар беру.

1.Егер мәліметтер қорындағы жазбалардың мөлшері көбейсе, онда ақпараттарды іздеу барысында біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан, кез келген мәліметтер қорында белгілі бір критерийлер бойынша ақпараттарды іздеу негізгі қызметтердің бірі болып табылады. Excel электрондық кестесінде бұл процесс өлшемдер бойынша мәліметтерді іздеу және сүзгілеу арқылы жеңілдетіледі

2.Excel электрондық кестесінің мәліметтер қорында келесі әрекеттерді орындай аласыңдар: • Бір немесе бірнеше мәліметтер өрістерінде (бағандарда) мәндерді іздеу, көрсету немесе жасыру үшін жазбаларды сүзгілеу. • Көрсетілген өрістерде (ұяшықтарда) кестелердің (жолдардың) өсуі немесе кему ретімен жазбаларды сұрыптау

3. Сұрыптау және сүзгілеу топтарының негізгі (Главная) тіркемесіндегі «Сүзгі» (Фильтр) немесе Сұрыптау және сүзгілеу топтарының Мәліметтер тіркемесіндегі Сүзгілеу командасын қолданыңдар. Егер сүзгілеу қосылса, онда мәліметтерді таңдап, баған тақырыбындағы көрсеткіні басқаннан кейін сүзгілеу таңдалады.

Файлдар деңгейінде Excel-де файлын ашып не өзгертіп алмайтындай етіп, құпия сөзбен бұғаттауға болады.





Сабақтың соңы


«Ойлан-Жұптас-Бөліс»

  1. Мәліметтерді жазу және келесі бетке көшіру қалай жүзеге асырылады?

  2. Сұрыптау мен сүзгілеудің айырмашылығы?

  3. Сүзгі дегеніміз не? Сүзгілеу қалай жүзеге асырылады?

Үй тапсырмасы: Ақпаратты іздеу




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
14 желтоқсан
932
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі