400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы:Бақытты отбасының бәйтерегі Ата-анамен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Міндеттері: -Отбасындағы тәрбиенің бала өміріндегі маңызы. -Ата-анамен бала арасындаңғы сенімділікті арттыру. -Отбасындағы дәстүрлі мереке түрлерін жаңғырту. -Өзара пікір алысу, жаңалықпен бөлісу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Бақытты отбасының бәйтерегі

Міндеттері:

-Отбасындағы тәрбиенің бала өміріндегі маңызы.

-Ата-анамен бала арасындаңғы сенімділікті арттыру.

-Отбасындағы дәстүрлі мереке түрлерін жаңғырту.

-Өзара пікір алысу, жаңалықпен бөлісу.

Көрнекі-құралдар: түрлі-түсті жапырақты гүл, ақ қағаздар, қарындаштар,фломастер, тақта-2., шарлар, сандар, киіз үй.

Барысы: І.Құрметті ата-аналар бүгін біз сіздермен отбасы және ондағы баланың алатын орыны жайлы әңгімелесеміз. Бүгін әрқайсыларыңыз өз тәжірбиесімен бөліседі. Мен бүгінгі отырысымызды Мағжан Жұмабаевтың сөзінен бастағым келіп тұр.

Бала тәрбиесі –бір өнер,

Өнер болғанда ауыр өнер,

Жеке бір ғылым иесі

болуды тілейтін өнер. -деген екен

Отбасында бала тәрбиесіне қаншалықты мән беріп, оны ауырда әрі жауапты іс деп ойлайсыздар.

Әр отбасының тәрбиесі де, мерекеледі атап өтуі де әр түрлі емес пе? Әңгімемізді бастамас бұрын мен сіздерді ортаға шығып түрлі түсті шарларды таңдауға шақырамын. Бүгінгі кеш жақсы өту үшін бір-бірімізге тілек арнап, жақсы көңіл-күй сыйлайық.

Түрлі түсті шарларды таңдауларыңызды ұсынамын.

Қызыл түсті шар-ұйымдастырғыш,дәлдік бағалауға қатал,қадағалайтын ойлаушы, нұсқаушы,ақпаратқа байқампаз,хабаршы жазбаша сөздікке ынталы ұқыпты.

Көк түсті шарлар: көшбасшы,биікке талпынғыш,тазалықты сүйгіш,жеңіске құмар,өз-өзіне сенімді,тез шешім қабылдағыш.

Сары шар: қарым-қатынасты жоғары бағалайтын,өзгелерді қадағалайтын,кең пейілді түйсігі жақсы дамыған сезімтал,сенгіш эмоционалды,шыдамды болып келеді екен. Орындарыңызға отыра беріңіздер.

Отбасы- ол кішкентай мемлекет, сол кішкентай мемлекетті басқаратын ата-ана яғни сіздерсіздер. Бізде балабақшада баланы тәртіпке, оқуға, ән айтуға, билеуге, өз-өзіне қызмет істеуге үйретеді. Ал отбасында сіздер балаларыңызбен қандай тәрбие жұмыстарын жүргізесіздер? Кешке қарай баламен әңгіме жүргізесіз бе?, дидак.ойындар ойната отырып тәрбие жұмысын ұйымдастырасыз ба, жоқ әлде көркем шығармалар оқып бересіздер ме? (ата-ана ойын тыңдау)

Біздің елімізде мерекелер өте көп. Сол мереке күндерін немесе туған күн кештерін, жазғы демалыс уақытын балаңызбен қалай өткізесіздер, ұйымдастырасыздар? қайда барасызар? (ата-аналардың пікірлерін тыңдау)

ІІ Кубиктер ойыны. Шарты: суреттерді құрастыру

Сергіту сәті «Бір-біріңе жақында» тренингі би биленеді өздеріңіз ортада билеп жүресіздерде менің айтқанымды орындайсыңдар.Мен екеу деп айтқанда сіздер өзіңізге жұп тауып алуларыңыз керек Еркін дегенде барлығы еркін жүреді.Бесеу дегенде бес адам шеңбер құрып тұра қалу керек.

ІІІ. Әрбір ата-ана балаларының болашағына немқұрайлы қарамайды. Сіздердің әр қайсыңыз балаңызды жақсы азамат болып ер жетіп өмірде белгілі бір мамандық иесі болса екендейсіздер.Әрине балаларыңыз ер жеткенде мамандықты өздері таңдауы мүмкін, десе де сіздер өз балаларыңызды болашақта кім ретінде елестетесіздер?

Қазір алдарыңыздағы қағаз бен түрлі қарындаштарды алып суретін салып беріңіздер және неге соны қалайтыныңызды басқалармен бөлісіңіз.

(ата-аналар сурет салып айтып береді)

Ойын:Құбыр ойыны

Шарты :Ата аналарды бірлікке ,ынтымақтастыққа тәрбиелеуүБарлық ата-аналарға берілген ақ парақты айналдыра бүктеу арқылы құбыр жасау керек.Берілген шарды бірізділікпен жерге түсірмей ,құбыр арлылы жүгірту

Міне бүгін сіздер шамалы уақыттың ішінде өздеріңізге көп жаңа әрі қызықты ақпараттар алдыңыздар. Ал мен сіздерге уақыт тауып өз тәжірибиелеріңізбен бөліскендеріңізге, жалпы бүгінгі отырысқа келгендеріңіз үшін рахмет айтамын. Отбасыларыңызға тек қана береке-ынтымақ тілеймін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі