400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Тақырыбы:"Жемістер жыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
коммуникативтік дағдыларын дамыту.Жемістерді (алма,өрік,қара өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру.Жемістер туралы түсініктерін дамыту.Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл облысы әкімдгінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталағы»











Ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекеті





























Тақырыбы: «Жемістер жыры»







Тәрбиеші:Жақыпбаева М.Ж







Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Жемістер жыры

Мақсаты: коммуникативтік дағдыларын дамыту.Жемістерді (алма,өрік,қара өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру.Жемістер туралы түсініктерін дамыту.Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу.

Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар: жемістер туралы айту

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету, сұрақ жауап

Қажетті көрнекі құралдар: жемістердің суреттері, муляждар



Кезеңдегі әрекет

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Психологиялық дайындық.

-Балалар бүгін біздің сабағымызба қонақтар келіпті!Олай болса, қонақтармен амандасайық!


Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.


Бүгінгі оқу іс – әрекетіміз жапсыру сабағы .

Тақырыбы: «Жемістер жыры» Апта күнін еске түсіру.

Сәл демалып тынып ал:

Тақпақ айтсам ұғып ал

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар:

Біріншісі –Дүйсенбі,

Екіншісі – Сейсенбі,

Үшіншісі- Сәрсенбі,

Төртіншісі – Бейсенбі,

Бесіншісі- Жұма ғой

Алтыншысы – Сенбі ғой,

Жетіншісі- Жексенбі

-Ал бүгін қай күн?...


Сұрақ – жауап

1.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

2.Күз мезгілінде қанша ай бар?

3.Күз айларын атайық?

4.Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?






«Жемістер жыры»


Алмұрт:Мен алмұртпын, алмұртпын Аузындамын бар жұрттың

Алма: Мен алмамын алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін.

Жүзім: Мен жүзіммін ,

Жүзіммін .Моншақ болып тізілдім.

Шие: Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін,

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін.

Дыбыстық жаттығу

Ал-Ал-ал – алма

Ал – ал- ал – алмұрт

Б-б-б-банан

Ө-ө-ө – өрік

Ән:Апорт

Апорт деген тәтті алма

Таттың ба сен бұл дәмін.

Апорт деген тәтті алма,

Өседі ол бақшада, бақтарда

Балалардың «Жемістер» туралы тақпағы.

Балалардың тақпағы


-Мен алмамын, алмамын

Жаттығуға даярмын,

Қолдарымды көтеріп

Алмадай боп өсемін


-Алма, алма дейсің

Алма әкелсем жейсің

Айтпа екен деме

Алманы жумай жеме.


Дидактикалық ойын:

« Пішінін тап?»


Ойынның

Мақсаты: Жемістердің пішінінен қай жеміс екенін ажыратып және оны атау.


Дидактикалық ойын.

«Жемістерді себетке сал»

Ойынның

Мақсаты:Жемістерді көкеністерден ажырату.


Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың.

Құлпынайы көп екен,

Теріп – теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.


Дидактикалық ойын:

« Қалай дыбыстайды?»

Ойынның мақсаты: Аң құстар, жәндіктер қалай дыбыстайды?

Жылан, шыбын, қасқар, қоңыз.

Тәрбиеші : Қасқыр аб – аб деп дыбыстайды.

Схема :

Жылан –с-с-с

Шыбын –з-з-з

Қасқыр –у-у-у

Қоңыз – ж-ж-ж


Тәрбиеші:Дыбыс дегеніміз – құлақпен естиміз, ауызбен айтамыз. Әріп дегеніміз- көзбен көреміз, қолмен жазамыз.


Дидактикалық ойын

«Не екенін тап» сиқырлы дорба.

Балалар сиқырлы дорбадан жемістерді сипап , сезіп табу керек.

«Буынға бөлеміз»

Ойынның мақсаты: сөздерді атап , буынға бөлу, неше буын

Барын айту

Саусақ жаттығуы:

« Жалғыз саусақ»

«Қонақ келді»

Балалар орталықтарға бөлінеміз.

1.Бейнелеу орталығы:жемістерді желіммен жапсырамыз.

2.Шеберхана орталығы:Алма .алмұрттың суретін трафаретпен бастырып қылқаламмен бояймыз.

Қорытынды:- Балалар , бүгін біз сабағымызда не туралы әңгімеледік?

-Жемістер қайда өседі ?

- Бүгін біз қылқаламмен не боядық ?

-Бүгін біз нені жапсырдық?

Тәрбиеші:балалар бүгінгі ойында барлықтарың жақсы қатысып ойнадыңдар.Осымен бүгінгі оқу іс – әрекетіміз аяқталды. Жарайсыңдар балалар? Сендерге көп рақмет балалар Сау болыңыздар!


Балаларды мақтап , мадақтап жағымды сөздер айту.




Сәлеметсіздер ме, келіңіздер төрлетіңіздер.













Балалар сұраққа жауап береді








-Бейсенбі.



-Күз.


Үш ай бар


Қыркүйек, Қазан, Қараша

Күн суытады,адамдар жылы киінеді,құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар қызыл,жасыл, сары түске айналады.





Балалар зейін қойып тыңдайды

























Хормен айтады








Қалжан









Ойынды қызыға ойнайды.















Балалар қимылмен көрсетеді




































Саусақ жаттығуын жасайды
















-Ағашта.

-Жемістер.


-Жемістер

















Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс:Жемістерді атап, адам денсаулығына пайдасы туралы әңгімелеу.

Талапты болу:Жемістер туралы тақпақтарын мәнерлеп айту.

Қолынан келуі тиіс:Орталықтарға берілген тапсырмаларды мұқият орындай білуге тиіс.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
739
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі