400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы:Жобалаудың теориялық көзқарастары

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жобалаудың теориялық көзқарастары

Ғалымның аты-жөні

Көзқарастары

И.А.Колесникова

Педагогикалық жобалау нысандарын И.А.Колесникова білім беру ұйымын басқарудағы жобалау, оқу-тәрбие жүйесін басқарудағы жобалау, қоғамдық басқаруды жобалау деп анықтайды. Жобалау барысында пайда болатын өнімнің, нысанның нәтижесіне, қолданылуына байланысты білім беру жобалары тұжырымдамалық, мазмұндық, технологиялық және процессуалдық деңгейлерде жүзеге асырылады.


1916 жылы жасаған А.Файоль

Ұйымдарды басқарудың жалпы теорияларына тоқталсақ, басқарудың ғылыми теориясын 1916 жылы жасаған А.Файоль өзінің алдында кез – келген ұйымды табысқа жеткізетін басқарудың универсалдық принциптерін құрастыру мақсаты тұрды. Оның принциптері классикалық болып есептеліп, осы күнге басқару тәжірибесінде қолданылып, көптеген теориялардың негізіне алынуда.Бұлар басқарудың өзара тығыз байланыстағы маңызды универсалдық қызметтері: жоспарлау, ұйымдастыру, міндет бөлісу, үйлестіру, қадағалау, бақылау.

А.Файоль ұсынған құрылым бүгінгі күнге дейін басқарудың негізгі қызметтері болып келсе де, сынаушылар оны, біріншіден, қатаң орындаушылыққа негізделген, құрылымы өзгертуге келмейтін сипаттағы механизм деп есептейді. Екіншіден, бұл сипаттары оның қоғамдағы өзгерістер болмайтын, ішкі және сыртқы тұрақты жағдайларда басқаруға қолайлылығын көрсетеді. Үшіншіден, оның ең басты кемшілігі адамның ұйымда өзін ұстауының психологиялық механизмдерін, ерекшеліктерін терең ескермейтін, оны қалыптастыратын түрлі қалыптан тыс факторларды елемейтін сипаттары.


Элтон Мэйо

Аталған классикалық көзқарасқа қарама - қарсы, ұйымдағы қарым - қатынастарға негіз болатын адам факторларын қолдайтын мүлдем жаңа көзқарас дами бастады, оның ең алғашқысы 1924 жылы Чикаго маңындағы Хоторн өнеркәсібіне қатысты Элтон Мэйо жасаған «адамдық қатынастар теориясы» болатын. Ол классикалық теорияны да, оның ықпалынан қалыптасқан адамның әлеуметтік жағдайын қарастырмайтын көзқарастарды да қатаң сынға алып, қызметтік құрылымына өздерінің «адамдық қатынастар теориясын» ұсынды. Оны қолдаушылардың айтуынша, құрылымы айқын білінбегенімен, адамдар көзқарасы топтық құндылықтық қатынастар қалыптасуына ықпал етеді, сондықтан, басқарушылар ұйымдағы адамдардың түрлі мотивтерін дамытуға, материалдық жағдайлар туғызуға, т.б. ынталандыруға назар аударуы тиіс.


М.Мескон, М.Альберт, Ф. Хедоури

зерттеулерінде, «олар бір ғана басты элементін негізге ала отырып, басқару тиімділігінің бұдан басқа да көптеген факторлардан тұратын нәтижеге бағытталатынын қарастырмайды» дейді. Аталған рационалдық және адам қатынастары туралы теориялардың мықты жақтарын зерделеу - басқарудың жүйелілік, ситуациялық және ұйымдастырушылық сипаттарын қамтитын синтездік түрін қарастыруға әкеледі.


В.С.Лазарев

қазіргі педагогикалық ұйымдарды басқару түрлерін оның сипаттарына қарай бірнеше түрге бөледі:

субъектілігіне қарай - әкімшілік басқару (басқаруға, шешім қабылдауға әкімшілікің ғана қатысуы) және партисипативтік- қатысушылық (субектілердің басқаруға қатысуы) деп бөледі;

мазмұнына қарай- процеске бағытталған және нәтижеге бағытталған;

жаңалықтарды ендіру сипатына қарай – автономдық және интегративті басқару;

өзгерістерге жауап беруіне қарай- болуы тиіс өзгерістердің алдын ала басқару, және болған өзгерістерге реакциялық жауап бере басқару.


Жобалау ұстанымдары

Синергетикалық ұстаным.









Жүйелік пен тұтастық ұстанымы

Бұл тұрғыдан алғанда, адамдар, әлеуметтік ұйымдар -ашық және өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынасы арқылы өзін-өзі дамытуға өзіндік мүміндігі бар жүйе. Осындай сапаларын атай отырып, педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де синергиялық қасиетін көруге болады. Жобалау әрекеті өзінің мүмкіндіктері, ресурстары арқылы білім алушылар мен педагогтардың өзіндік дамуы мен өзіндік білім алуын ұйымдастыратын синергиялыққа негізделеді. Сөйтіп, жобалауда синергетикалық принциптің сақталуы педагогтардың, білім алушылардың, шығармашылық топтардың, сыныптың, білім беру ұйымының, т.б. өзін-өзі басқару негізінде дамуын қамтамасыз етеді.






Педагогикалық процестің жүйелік табиғатын басшылыққа алу оны тиімді ұйымдастырудың алғышарттарын құрауға негіз болады. Бұл педагогикалық процесті тұтас жүйе ретінде қарастырып, оның негізгі қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді. Жүйенің интегративті сапасы ескеріліп, бір компоненттегі өзгерістер басқа компонент, не тұтас жүйенің өзіне өзгеріс енгізе алады. Сөйтіп, жүйенің басқарудағы біртұтастық жүйенің барлық компоненттерінің дамуына, тұрақтануына, нығаюына ықпалы болады.


Мақсаттық - бағдарлы жобалар

Педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен барлық құрылымдардың мақсаттарын сәйкестендіру және қызметтік құрылым мен адам ресурстарын құрылымын нәтижеге жетуде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді

Нәтижелілік ұстанымы

жобалау нәтижесінде орындалуы тиіс күтілетін нәтижелердің алдын - ала нақты сипатталуы мен оған қол жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді әдіс - тәсілдердің, ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, нәтижелердің мақсатқа сәйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады.

Кері байланыс ұстанымы

Жобалауды ұйымдастыруда мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нәтижелер белгіленеді. Педагогикалық процесте нәтиженің орындалу барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе - ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде әлеуметтік ортамен, ата-аналармен, түрлі қоғамдық, ұйымдарымен, сонымен қатар ұйым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынас ұйымдастыра алады. Өзіндік түзету, коррекциялау, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі

Құзыреттілік ұстанымы

жобалауға қатысушылардың мақсатты орындауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Жобалау – ақпараттық, коммуникативік, рефлексиялық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, өйткені, жобалау барысында қамтылатын педагогикалық талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау қызметтері негізінен оған қатысушылардың құзыреттіліктеріне байланысты. Бұл құзыретіліктер адамдарға өз тәжірибесінен байыптай, зерттей отырып, проблемаларды талдау, бағалау, арқылы нәтижелі қызмет жасауға мүмкіндік береді.


Технологиялық ұстаным

жүйенің алдына қойылған міндеттерді орындаудың технологиялық реті құрастырылып, қажетті ресурстардың алдын - ала анықталуын қамтамасыз етеді. Технология талаптарына сай қатысушылардың қызметтерін бөлісу және оларды үйлестіріп отыру ұйымның мақсатына қарай жылжуын қамтамасыз етеді, бұл принцип жобалауға қатысушы адамдар мақсаты мен жүйенің даму мақсатын сәйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді;


Мақсаттық - бағдарлылық ұстаным

жобалаудың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар жүйенің барлық компоненттеріндегі өзгерістер жалпы жүйе мақсатына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл принцип сонымен қатар мақсат қою барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік әрекеттер негізінде жобалау алды талдау қызметін де қамтиды





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
727
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі