Тақырыбы:Жүзден
жүйрік...
Мақсаты:
Оқушыларды жан - жақты сауатты, дарынды,
озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету.
Ой - өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту.
Оқу білімге, өнерге қызығушылықтарын
арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:
үнтаспа, сұрақтар жинағы
Әдісі: сұрақ
- жауап, әңгімелесу.
Барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Мұғалім: Бүгін біз екі топқа
бөлініп 4 кезеңнен тұратын интеллектуалды
ойын түрінде өткіземіз. Ойынның аты:
«Жүзден жүйрік...»
Бұл сайыста берілген
сұрақтарға жауапты тез, толық және нақты
жауап берулерің керек.Уақытты
тиімді пайдалану.Топтапрмен ақылдасу.
1
кезең: «Таныстыру»
топ
басшылары топтарын таныстыру. 3 минут
2
кезең: «Білгенге маржан»сұрақтарға
жауап беру. 3 минут
3
кезең: «Кім жылдам?»бұл
кезеңде берілген мақалды аяқтау.2 минут
4
кезең: «Ойлан, тап»Жұмбақтың
шешуін табу. 3 минут
5
кезең:Қазақтың ұлттық ойындарын ата?
6
кезең: Киіз үйдің жапдықтарын ата?
7
кезең:Жыл қайыру қазақша( мешін ,тауық)
Ғылымның
сырын ұғына,
Шығыңдар білім
шыңына!
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер
сіздей өренді,
Білімнің нәрлі
сырына.
Қадамдарың оң болсын,
Сайыскерлерге
сәт сапар тілейміз! – деп сөз кезегін
топ басшыларына береміз. Өздерінің
топтарын таныстырып өтсін.
1
кезең:Топтар бір-бірін таныстырады:
1
топ: «Білімділер» Бұл сайыста қалма
бос,
Біліміңе білім қос.
2 топ:
«Ойшылдар» Тартысайық сайыста күш -
жігермен,
Айырылысайық қимас дос
көңілмен.
Музыка ойналады. Әр топтан
бір оқушы қарсылас топтарына музыкалық
сәлем жолдайды.
2
кезең: «Білгенге - маржан» Сұрақтарға
жауап беру.
«Білімділер»
тобына
1. Көктем айларын ата / Наурыз,
сәуір, мамыр/
2. Наурыз сөзі қандай
мағына береді? / /
3. Зат есім дегеніміз
не? Сұрақтары? /Заттың атын білдіретін
сөздер/
4. ҚР - ның тұңғыш президенті
кім? / Н. Назарбаев/
5. Қазақстан қандай
мемлекеттермен шекаралас? /Ресей,
Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан,
Түркіменстан/
6. Абылай ханның шын
аты кім? /Әбілмансұр/
7. Қазақтың ұлттық
аспабы /домбыра/
8. Ұлы Отан соғысының
батыр қыздары /Әлия, Мәншүк/
9. Біздің
облысымызды ата? /Алматы облысы/
10.
Күн мен түннің теңелетін күнді ата ?
/22наурыз /
«Ойшылдар» тобына
1.
Мақал дегеніміз не
2. Жылдың неше
мезгілі бар? /төрт/
3. Жаз айларын ата
/ маусым, шілде, тамыз/
4. Күн мен түн
теңелетін күн? /22 наурыз /
5. Білім күні
қай күн??/1 қыркүйек/
6. Қабанбайдың
шын аты кім? /Ерасыл/
7. Қазақтың ұлттық
тағамдарын ата?
8. Мақал дегеніміз
не?
9. Біздің мектептің директоры
кім?
10.. Күй атасы кім? /Құрманғазы/
3
кезең: «Кім жылдам»
Бұл
кезеңде берілген мақалды аяқтау
керек
«Білімділер»
тобына үш тілде айт тапқан сөзді үш
тілде айту
1........
тас жарады,... /тас жармаса бас жарады/Тіл
2.Жақсы .... /жарым ырыс/ сөз
3.Әдепті
....... - арлы бала,.../ әдепсіз бала – сорлы
бала./бала
4.Жақсыдан үйрен -.../..........
жирен/жаманнан
5.Нар жолында ........
қалмас
\ жүк
«Ойшылдар»
тобына
1.Үлкенге
құрмет -.../......... ізет/ кішіге
2.Бірлік
болмай.../тірлік …......./ болмас
3.........
етсең ерінбей,... /тояды қарның тіленбей/Еңбек
4.Туған елдей .... болмас,.../туған жердей
жер болмас/ел
5.Жүз теңгең болғанша,.../жүз
...... болсын/ досың
4
кезең: «Ойлан тап?»
Жұмбақтың шешуін
тауып, екі тілде жауап беру.
«Білімділер»
тобына
1.
Жеті қазынаның бірі
Адамды қорғап
жүретін досы. /ит – собака/
2. Футболшының
алаңдағы ойын заты. /доп – мяч/
3.
Тұмсығымен қозғалар
Соңынан аппақ
із қалар /бор – мел/
4. Үсті толы
ине,
Бірақта, іс тігіп,
Қадамайды
түйме. /Кірпі – еж/
5. Қанаты жоқ –
ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. /Жел –
ветер/
«Ойшылдар» тобына
1. Тілі
жоқ өзінде, сөзі бар ізінде /қалам –
ручка/
2. Сағат сайын соғылады
Мектептен
табылады. /қоңырау – звонок/
3. Жеп
көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен
/Пияз – лук/
4. Қабат – қабат
қаттама
Ақылың болса аттама /кітап
– книга/
5. Ашылып жабылады
Әр үйден
табылады /есік – дверь/