Материалдар / Тақырыбы:Көктемгі гүлдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы:Көктемгі гүлдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған сурет ұйымдастырылған оқу қызметі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
948
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Көктемгі гүлдер».



Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу

Өтпелі тақырыбы: Біз еңбекқор баламыз

Мақсаты: Балалар көктем мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер жайлы

түсінік алады,дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерді қолданып көктемнің

алғашқы гүлдерінің сурет салады, бояу түстерін үйлесімді қолданады.

Қолданылатын көрнекі құралдар: көктем мезгілінің үлкен-кіші көлемдегі суреттері,гүлдердің суреті,теледидар.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет салуға арналған ақ-көк қағаздар; ақ,қызыл,сары,жасыл бояулар; жіп,губка,қағаз бастырмалары; мақталы таяқшалар; дымқыл қол сүрткіш.

Билингвальді компонент:Бәйшешек- подснежник, бақбақ- одуванчик, қызғалдақ- тюльпан. 

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері: Ал,балалар тұрамыз, Айналаны шоламыз. Қызғалдақтай жайқалып, Бәйшешектей иіліп, Жапырағы жайқалған. Желге ырғалып шайқалған, Біз гүлдерше өсеміз.

Жұмбақ.(сыни ойлау)

Ақ қар еріп,су көбейіп Сай-салаға толады Ағаш басы,бүршік атып Гүл –бәйшешек толады. Бұл қай кезде болады. (Көктем) -Дұрыс балалар, қазір көктем мезгілі.

Көктем бейнесі. (бейнежазба әдісі,ашық сұрақ) -Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Қазір көктемнің қай айы?
-Көктем мезгілінің қандай ерекшелігін білесіңдер?
-Көктем мезгілінде адамдар қандай еңбек түрлерімен айналысады?

– Дұрыс, балалар, көктемдегі еңбек түрлерін жақсы біледі екенсіңдер.



1.Педагогтың жетекшілгімен ойналатын ойын: «Бұл қай мезгіл?» (Сыни ойлау,коммуникация)

Шарты:Суреттегі көктем мезгілінің белгілерін белгілейді.

Жұмбақ:
Өзі сондай нәзік, Су құйсаң кетеді.
Алақаның жайып. (гүл)

Көктемде ең алғашқы,ерте гүлдейтін гүлдер туралы әңгімелейді. Көктемгі күн жерді қыздырып, табиғаттағы барлық тіршілік иелерін оятып, гүлдер жер анадан күш алып, жапырақтарын жайып, күлтелерін көтеріп, күнге қарай қол созғандай болады. Гүлдер тірі табиғатқа жатады. Олар тамыры арқылы қоректенеді. Гүлдерді өсіру үшін топырақ, күннің көзі, су қажет.Гүлдер 3 – ке бөлінеді: дала гүлі, бақша гүлі және бөлме гүлдері. Бақша гүлдерін адамдар өздерінің бақшасына арнайы көктем мезгілінде егеді, олар әдемі хош иісімен ауланы құлпыртып тұрады. Бақша гүлдерін адамдар баптап, суарып отырады. Бөлме гүлдерін де адамдар арнайы түбекке әдемілікке, таза ауа үшін отырғызады. Балалар гүлдерді жұлуға немес үзуге болмайды. Оларды баптап, күтіп, суарып отыруымыз керек. Дала гүлдері көктем мезгілі басталғаннан айналаны әсем күйге бөлеп, құлпыртады. Көктем мезгілінде ең алғаш шығатын гүл – бәйшешек,қызғалдақ,бақбақ гүлдері.


(Ғажайып сәт)
Музыка ойналып,есік қағылып,топқа гүл ханшайымы келеді. –Балалар,бізге қонақ келген сияқты.
Гүл ханшайымы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
-Балалар, бізге гүл ханшайымы қонаққа келіпті.
Гүл ханшайымы:
-Мен гүл ханшайымымын. Сендерден көмек сұрап келдім. Бүгін Назерке деген қызымның туған күні. Назерке қызыма сыйлыққа гүлдесте жасап қойсам, кешегі қатты желде гүлдестамді ұшырып әкетіпті. Сендер маған Назерке қызыма сыйлық жасауға көмектесесіздерме бе? Тәрбиеші:
-Балалар, Гүл ханшайымына сыйлық жасауға көмектесеміз бе?

Көктем гүлдеріне қысқаша түсінік беру. (слайд арқылы көрсету) ( айтылым,тыңдалым,түсіну дағдылары)



Тәрбиеші:
-Балалар, бұл бәйшешек гүлі.
Бәйшешек сәндік өсімдіктер. Бәйшешек гүлі өзі кішкентай болса да суыққа  төзімді қар ерісімен шығатын түсі ақ,көгілдір,күлгін ғажайып гүл екен.
-Бәйшешектің түсі қандай?
-Жапырағы қандай түсті?
-Бәйшешекті орыс тілінде – подснежник деп айтады. 

Тәрбиеші:
-Балалар мынау бақбақ гүлі.
Бақбақ  көп жылдық, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Бақбақ гүлімен сағатты тексеруге болады.Таңғы сағат алтыда ашылып,түстен кейін сағат үштерде жабылады. 
-Бақбақтың түсі қандай?
-Жапырағы қандай түсті?
-Бақ-бақты орыс тілінде - одуванчик деп айтамыз. 

Тәрбиеші:

Қызғалдақ көп жылдық өсімдік.Қазақстан-қызғалдақтың отаны. 7 – 15 күнге дейін гүл ашылып тұрады.Көк түсі болмайды,басқа бірнеше түсі бар. 
-Қызғалдақтардың түсі қандай?
-Қызғалдақтың жапырағының түсі қандай?
-Балалар бұл қызғалдақ гүлі, орыс тілінде – тюльпан деп айтады.
Тыныс алу жаттығуы: Гүлдердің қош иісі қандай керемет. Балалар, гүлдердің жұпар иісін иіскейікші. Қандай тамаша! 2.Құрылымдалған ойын: «Көктемгі гүлдер»

Сурет бойынша балалар топқа бөлінеді: (командада жұмыс істеу,бала үні,креативтілік,сыни ойлау) «Қызғалдақ», «Бақбақ», «Бәйшешек».

Сурет салу әдісі:

1. «Қызғалдақ» тобы:қағаздың ортасына шанышқы мен бастыру арқылы қызғалдақтың сурет салу.

2. «Бәйшешек» тобы: картон қағаз бастырмасымен бәйшешектің бейнесін келтіре сурет салу.

3. «Бақбақ» тобы: жіп графикасымен бақбақ гүлдің бейнесін келтіре сурет салу.

4.Әрбір бейнеленген гүлдің суретіне мақталы таяқшамен сабағын салу.

-Ендеше үлгіге қарап гүлдің суреттерін салайық.





Сергіту сәті: Гүл болып өсеміз Гүл болып ашыламыз. Гүл болып жайқаламыз, Гүл болып жабыламыз.

Тәрбиеші:-Балалар,көктем гүлдерін қандай материалмен салдыңдар?

1.«Қызғалдақ»тобы: біз шанышқыны пайдаланып қызғалдақ гүлін салдық. 2.«Бәйшешек» тобы: біз картон қағаз бастырма мен бәйшешектің күлтешесін, шашағын дөңгелек губка мен салдық. 3. «Бақбақ» тобы: біз жіппен бақбақ гүлін салдық. - Гүлдердің сабағы мен жапырағын немен салдыңдар? - Балалар: сабағы мен жапырағын мақталы таяқшамен салдық «Галерия» әдісі арқылы өзара бағалау. (бала үні) Тәрбиеші әр топтың жұмысын талдап мадақтайды. Тәрбиеші: - Гүлханшайымы сізге балалардың салған гүлдері ұнады ма?

Гүл ханшайымы:
- Маған, жақсы ұнады. Сендер гүлдің суретін өте жақсы сала білдіңдер. Сендерге Назерке қызымды жіберейін. Сендер салған суреттеріңді соған сыйлаңдар. Ол өте қуанып қалсын. Балалар менің сендермен қоштасатын кезім жетті.
Гүл ханшайымы балаламен қоштасып кетеді.

Еркін ойын: «Гүлге қонды көбелек» (сыни ойлау,креативтілік,бала үні) (Музыка әуенімен ойналады.)

Шарты:Балалар «көбелек» ұшты дегенде ұшады, «гүлге қонды дегенде гүлге қонады.


Рефлексиялық-түзетушілік: Балалар,бүгінгі оқу қызметімізде қандай гүлдердің суретін салдық? -Көктем гүлдерін салдық. -Көктем гүлдерінің аттарын атаңдаршы. –Қызғалдақ,Бақбақ,Бәйшешек. -Бізге қонаққа кім келді? -Гүл ханшайымы. «Галерия» әдісі арқылы өзара бағалау жүргізеді (бала үні) Олай болса сіздердің жұмыстарыңызды «От шашу» әдісі арқылы марапаттайық.










 






































































 

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!