Тақырыбы:Күзгі жапырақтар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы:Күзгі жапырақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Күзгі табиғаттың ерекшеліктері жайлы мағұлмат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күзгі жапырақтар
Білім беру саласы:«Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Жапсыру»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы айту, күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары неліктен сарғаятыны жайлы айту. Балалардың ой-өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жапырақтар, шарлар, желім қағаздар.
Әдісі: Сұрақ жауап әңгімелесу
Шаттық шеңбері

Сары жапырақ

Қызыл жапырақ

Неткен нәзік сүйкімді

Қолымызды созайық

Жапырақтай жайнайық
Сабақтың барысы:
Балалар, бүгінгі сабаққа көңіл күйлерін қалай?
- Сендер бала-бақшаға келгенде ауа-райы қандай болды?
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Жақсы балалар ендеше біз сабағымызды бастайық.
Музыкалық әуен ойналады.
Қолында түрлі түсті шарлары бар сайқымазақ кіріп келеді.
- Балалар бізге қонаққа кім келді?
- Күз ханшайымы
- Дұрыс айтасыңдар балалар бүгін біздің сабағымызға Күз ханшайымы келіпті.Күз ханшайымы бізге өзінің тапсырмаларын алып келіпті.
Ханшайымның тапсырмаларын орындаймыз ба?
Сары жапырақтар жауғанда
Күзде жауын бұлт, тұман
Сары жапырақ жауады
Сары құйын ұйытқан
Сапырады ауаны
Тапталады табанға
Судыр-судыр жапырақ
Өрттей сары бояуға
Малынғандай атырап.
- Балалар тақтадағы суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
Күз мезгілінде қандай табиғи өзгерістер болады екен?
- Күн суытады,ағаштың жапырақтары сарғаяды, жазда өсірілген гүлдер күз мезгілінде қурап сарғаяды.
Түрлі жәндіктер жерге тығылады олардың бірі көбелек.
Ендеше балалар, біз осы күзгі көптеген сары, қызыл жапырақтардан көбелек жасап көрейік.
- Көбелек жасау үшін тақтадағы үлгіге қараймыз.
- Алдарымызда тұрған желімізді жапыраққа жағып, ақ қағазға бетіне көбелек жасай отырып жабыстырамыз.
- Балалар желімен жұмыс жасағанда ұқыпты боламыз, үстімізге стол үстіне жақпаймыз.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.
- Балалар сендердің жұмыстарыңды көріп,сайқымазақ қуанып отыр.
Ханшайымға көбелектер ұнады.
Енді ол сендермен бір ойын ойнағысы келеді.
Ойын: «Жапырақтар жинау».
Ойынның барысы: Балалар музыкалық әуенмен жерге шашылған жапырақтарды жинаулары қажет.
Ойын: «Шарларды жару».
Ойынның барысы: Балалар ханшайым әкелген шарларды бір-бірлеп жарады. Оның ішіндегі тапсырмаларды орындайды.

Айсауле: Алтын сары қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.

Ажар: Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жапырлап
Ұшты кенет жапырақ

Чингиз: Ұшты таудан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жәй шатырлап
Тамшы жерге секірді.

Ералхан: О,алақай, тамаша
Шашу шашады жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап!
Сайқымазақ:
- Міне керемет, өте жақсы! Тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар балалар. Мен сендерге өте ризамын, қандай білімді балаларсыңдар деп өзінің тәттілерін балаларға үлестіреді де балалармен қоштасып шығып кетеді.
Қорытынды: Балалар сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатысыңдар, сұрақтарға жауап бердіңдер, жапырақтар мен көбелектерді жақсы жасадыңдар, сол үшін мен сендерге жұлдызшалар таратқым келеді.
Балалардың жасаған жұмыстар бойынша көрме ұйымдастыру.
- Балалар, біздің оқу қызметімізге келген апайларға рахмет айтып, сау болыңыздар дейміз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.10.2024
374
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі