Тақырыбы:"Менің Отаным - Қазақстан!" Жас тарихшылар зияткерлік сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы:"Менің Отаным - Қазақстан!" Жас тарихшылар зияткерлік сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға, ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жек тұлға етіп тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы












"Менің Отаным - Қазақстан!"



Жас тарихшылар зияткерлік сайысы


Тарих пәнінің мұғалімі: Мендиярова А.Ы.
























Тақырыбы:"Менің Отаным - Қазақстан!" Жас тарихшылар зияткерлік сайысы

Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға, ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жек тұлға етіп тәрбиелеу.
Міндеттері:
Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап,
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат ,интерактивті тақта


Мұғалім: Армысыздар, құрметті әріптестер мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген.

Бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін балалар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Менің Отаным –Қазақстан» атты танымдық сайыс сағатын өткізіп отырмыз. Бұл сабақ сайыс түрінде өтеді. Сайысымызды бастамас бұрын бәріміз орнымыздан тұрып гимн орындап жіберейік.

ГИМН орындалады.


Мұғалім:
Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.

Сондықтан да бүгінгі 10а,ә,б сынып оқушылар арасында танымдық сайысына қош келіпсіздер! 
Сайыскерлерді ортаға шақырайық.

Сайысымызды бастамас бұрын сарапшылар алқасын сайлап алайық (әрбір кезең бойынша балалардың алған ұпай сандарын санап отырады)


Мұғалім:
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің барда! – деп сайысымызды бастаймыз.

Оқушыларды топқа бөлу "Туған жер ", "Отан","Достық"

Бұл сайысымыз 2турдан тұрады.

1-тур әр сыныптан тест сұрақтары бойынша топтпарды іріктеу болды.

2-тур.Бүгінгі сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:
І кезең «Бәйге»
ІІ кезең «Менің сұрағым бар»
ІІІ кезең «Кім тапқыр»
Мұғалім:
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп, бәйге сайысына кезек береміз.
Қарап тұрмай бәйгіге еріңіз,
Шәкірттерге әділ баға беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз

1 – кезең: Бәйге.
Бұл кезеңде ұяшықтардан ашылған сұрақтарға балалар тез және нақты дұрыс жауабын беру керек. Сарапшылар назарына әр дұрыс нақты жауап үшін 5 ұпайдан беріледі. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба?

Интеракривті тақтадағы сандар бойынша сұрақтарға әр топ кезекпен жауап береді.


ІІ кезең «Менің сұрағым бар»Видео сұрақтар.Қала мұғалімдерінің оқушыларға сұрақтары

ІІІ кезең «Кім тапқыр»Сахналық көріністер бойынша тарихи оқиғаға сипаттама береді


Мұғалім : Сарапшылар жинаған ұпайларды санап болғанша оқушылар "Туған жер ", "Отан","Достық"туралы жаттап келген өлеңдерді ортаға салады.

- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.

Сарапшыларға сөз беру 1-орын 10а сынып командасы;2-орын 10б сынып командасы;3-орын 10ә сынып командасы марапаттылды.Сонымен бірге 11б сынып оқушылары тарихи кезеңдерді сахналық көріністермен суреттегендері үшін марапатталды----------


Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда көк түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Хормен: «Отан,Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!»

Мұғалім: Отанымызды,елімізді,жерімізді,заңымызды,рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық.Туған жер деген киелі ұғымды құрмет тұтуға,оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық.

«Ел ерімен мақтанар,жер кенімен мақтанар» деген,елімізді қорғар ер-азаматтар,асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздарымыз молая берсін.

Елімізде мәңгі тыныштық,бейбітшілік болсын


"Туған жер "


"Отан"


"Достық"

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2023
512
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі