400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Тақырыбы"Мұзда жанған алау"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға қазақ халқының басынан өткен қиын кезеңдерді, тарихи шежірелерді, елінің егемендігі жолында өзін құрбан еткен батырлардың ерлік істерімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұзда жанған алау


Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының басынан өткен қиын кезеңдерді, тарихи шежірелерді, елінің егемендігі жолында өзін құрбан еткен батырлардың ерлік істерімен таныстыру.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбаны болған асыл азаматтардың суреттері, тақырыпқа сай қанатты сөздер, Желтоқсан оқиғасы жайлы оқушылар шығармашылығы, плакаттар, ақын-жазушылардың осы тақырыптағы өлеңдерінен үзінді, буклеттер, Желтоқсанға қатысқан азаматтардың суреттері.

Барысы:

Мұғалім:

Оқушылар, міне араға жыл салып көптен күткен Тәуелсіздік мерекесі де кліп жетті. Бұл мерекеге биыл 28 жыл толып отыр. Өздерің білесіңдер әрбір мереке үлкен бір мәнге ие, өзінше тарихы бар. Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздігіміздің бастауы.

Желтоқсан оқиғасы дегенде көз алдымызға өктемдікке қарсы кеуделерін ашу мен ыза кернеген құр қол қазақ жастарының мұздай қаруланған баскесерлерге қарсы тұруы келіп, ой-санамызды олар үшін мақтаныш сезімімен бірге өксігі әлі де басыла қоймаған өкініш сезімі жаулап алатыны бар. Уақыт өткен сайын жанымыз бен тәнімізге сол күндерде түскен жара жазылып, дерттен айығып келеміз. Бірақ біз Желтоқсан оқиғасынан алған сабағымыз бен тағылымымызды 1986-ның қаһарлы сол қысынан кейін өмірге келген жаңа ұрпаққа жалғастырып, ұқтыра білсек дейміз. Сол үшін «Мұзда жанған алау» атты тәрбие сағатымызды өткізгелі отырмыз.

(Сахнаға М.Шаханов, жігіт, қыз шығады)

Жігіт: Мұхтар аға, Алматыға жолым түсіп келе қалсам, мен міндетті түрде Республика алаңына соғамын. Алаңға кіре бергенде денем түршігіп, жүрегім шымырлап кетеді. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті де қасиетті Желтоқсан оқиғасы түседі.

Себебі алаңда егемендік үшін құрбан болған Қайратпен бірге мен де болған едім.

Қыз: Мен де осы алаңға келсем, барлығы маған «Не айтасың?» дегендей болады.

Ақтық сөзің, армандарың артта қалды,

Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды.

Қайрат, Қайрат, сен мені естимісің,

Есін жиған халқымыз «Зек» ұрпағын.

Лагерьде шірітпей ақтап қалды, - дегім келеді.

Және келген сайын осы сөзді қайталай беремін.

Мұхтар Шаханов: Иә, дұрыс айтасыңдар,

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

(Екеуіне, сонан соң халыққа қарап айтады).

1 – жүргізуші:

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.

2 – жүргізуші:

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным,

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнің.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барған боздақтарым.


1 – көрініс.

(Сол өлеңнің ырғағымен сахнаға ана шығады. Қолында Қайраттың суреті, қайғыра қарап отырады. Ән ырғағы ақырын ойнап тұрады).

Қайраттың рухы: (сахна сыртынан)

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден,

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр! (Қайраттың дауысы естіледі)

Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды мына үн кімдікі екен? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен? Оқыстан шыққан айқай-шуды, сол шуға бүйірі қызған дарабоздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, иә, иә, сол дауыс қой мынау, Қайраттың даусы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатұан Қайратымыздың үні ғой бұл. Иә, иә, дәл сол! Қалай болып еді өзі?

1 – жүргізуші: Иә, ол күн Тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16-желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта Қазақстанды 26 жыл үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Колбин тағайындалған еді.


2 – көрініс.

«Сахнаға дабырласа бір топ жастар шығады).

- Естідіңдер ме? Бұл не масқара...неге халықпен санаспайды ...қашанғы шыдаймыз, ең болмаса ішімізден бір қазақ азаматы табылмағаны ма... ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды? Жан-жаққа, жатақханаларға, институтқа, ел-жұртқа хабар барды ма екен?...


1 – жігіт:

Дүр сілкінді қойдан да қоңыр аймақ,

Бағы жана ма, қала ма соры қайнап.

Ұран жазып, қып-қызыл ту көтерген,

Біз де шықтық алаңға «Елім-айлап».

Ербол Спатаев: Демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа өзінің көсемі керек...

Ләззат:

Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,

Көлеңкеміз, күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген,

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?



Милиционерлер: Тараңдар, әйтпесе, күш қолданамыз. Қанеки, тезірек! Тараңдар! (Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, айқай-шу, итермелеп сахнадан шығарады.)

(Сол жерде басын таңған жігітті екі милиционер сүйреп алып келеді, қасына басын таңған қыз шығады.)

1 – қыз: Ойымызда ештеме жоқ, бауырымыз екеуміз аяңдап келе жатыр едік, кенетекі милиционер тап берді, біз қашып үлгере алмадық, інімді сойылға жығып тепкілей бергенде мен арашаға ұмтылдым. Көзімді ашсам, алаңда жатырмын. Айналам, айналам толған жігіттер мен қыздар, мұздың үстінде тізерлеп отыр және жаралы ыңырсып жатыр. Иттер ұстаған солдаттар қоршап тұр. Бір кезде олардың киімін сыпырып алып, бәрімізді жүк машинаға тиеп ала жөнелді. Сөйтсе, жартымызды Медеу шатқалына, Қапшағай маңына, Қаскелеңге баратын жолдағы құм қазатын шұңқырға апарып төккен екен. Келесі күні тірілеріміз жаяу жалпы әрең жеттік. (Қыз бетін басып жылайды.)

2 – жүргізуші: Иә, тарихта «Құйын – 86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды.

1 – жүргізуші: 19 – желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді. 23 – желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. Желтоқсан оқиғасының құрбаны болды.

2 – оқушы: Сол бір ерте түскен қыс, тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де үнің танып естіледі. Сен тірі болсаң қазағыңның мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосар едің-ау!

Еліңнің сен намысы үшін,

Құрбан еттің жаныңды.

Мазақ етіп қорлай алмас,

Ешкім сенің арыңды.

3 – оқушы: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, ата-анасына масқара сөздер айтып балағаттағанына, оқу орнынан жазықсыз шығарғанына шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің І курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5 – этажынан құлап қайтыс болды.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның...

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.

4 – оқушы (Қайрат):

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.

Сөйлесем даусым жетпейтін,

Кез болдық мынау заманға.

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға.

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелк отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден.

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей гөр!

(Ары-бері жүреді, халыққа қарап)

Қорлай да беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы,

Бөтен қолда кетпесін.

Абай туған жерінде,

Бомбасын атом жармасын.

Құлыптасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын...

Екі жүзің қырылып,

Екі жүзің ұрылып.

Екі жүзің сотталып,

Жоқтаусыз кетіп барасың.

Қатарым жусап қалғанда,

Қыршынымнан қиылып,

Солармен бірге өлсемші-ай!

Артта қалған ата-анам,

Арулап қолдан көмсеші-ай!

(Қайрат тізерлей отырып басын иіп, орнынан тұрып сахнадан шығып кетеді).


1 – жүргізуші: Бұл – Қайраттың өлеңінен үзінді. Лүп-лүп соққан балаң жүректің, өмірге құштар ыстық жүректің соңғы лүпілі. Жан сыры. Соңғы үміт. Өкініш пен өтініш...

2 – жүргізуші:

Әз бабам азаттықты аңсап өткен,

Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.

Солардың құдыретті ой-арманы,

Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.

Біздің бүгінгі бақытты күндерімізге жеткізген, желтоқсанның ызғарына кеудесін тосқан, дүниені дүр сілкіндіріп бостандық туын желбіреткен Желтоқсан құрбандарының есімдері ешқашан ұмытылмайды. Тарихымызға таңбадай басылған «Желтоқсан» оқиғасынан Тәуелсіздігіміз бастау алды емес пе? Біз тәуелсіз елдің ұландарымыз.

Ән: «Сағыныш»

1 – жүргізуші: Біздер Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыздың сияқты ұлы есімдердің ұмытпауға тиіспіз. Ендеше сынып оқушыларымыздың «Желтоқсанға» арнап шығарған шығармашылықтарын тыңдасақ.

(Оқушылар шығармашылығы тыңдалады)

2 – жүргізуші: Олар... қазақтың ес жиып, етек жауып, өз алдына ел, мемлекет болғанын, өзгемен терезесі тең болғанын көкседі, бірақ көрген жоқ. Бірақ олар рсы күнді жақындатып кетті, осы күнді бізге сыйлап кетті.

Олар... Отан үшін, Қазақстанымыз үшін апат болғандарды әрдайым естен шығармауымыз керек, халқым!


Қорытынды.

- Міне, оқушылар, бүгін сендер Тәуелсіздік мерекесі күні өз еліміздің тарихы жайлы, Тәуелсіздік жолындағы күресі, Желтоқсан құрбандары туралы көп нәрсені ортаға салдыңдар, үлкен сабақ алдыңдар деп ойлаймын.

Ендігі сендерге айтарым: осы Тәуелсіз еліміздің туын әр кез биік ұстауға тырысыңдар. Ел бейбіншілігін, ел тыныштығын сақтау жолында күресе біліңдер. Әрине, ол күрес бейбіт күрес болуға тиіс. Еліміздің болашағы - өздерің. Сондықтан да сенде осындай Қазақстан атты бейбіт, Тәуелсіз елдің азаматы екендеріңді әрқашан естен шығарм ай, іштей мақтан тұтып жүріңдер. Сендерге сәттілік, ақ жол тілеймін.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі