Тақырыбы:«Қош бол балабақшам»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы:«Қош бол балабақшам»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша педоготарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші: Құрметті ата – аналар қонақтар бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Ендеше ортаға 2013 жылғы түлектерімізді шақырайық. (көңілді әуенмен, залға екі – екіден қол ұстасып, қолдарына шарларын ұстап, балалар кіріп, залды бір айналып шығып бір қатарға тұрып, шарларын сол күйде ұшырып жібереді.) Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер Бес жасқа да жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл ойларың Өсті міне бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың! Амина: Қуанамыз сыйлаймыз Қуаныштың мың гүлін Бөбекжаймен қимай біз Қоштасатын күн бүгін Дарын: Ана тілін ардақтап Ата салтын біз көрдік Сурет салып ән жаттап Биді де біз үйрендік Томирис: Қызық күндер өткіздік Балабақша бағында Көп оқыдық көп білдік Ел мен Отан жайында Вера: Қош балалар бақшасы Естен кетпес есімің Қош балалар бақшасы Алғаш ашқан есігім Ән: «Бөбекжайым» Залға Дымбілмес әуенмен кіреді Дымбілмес: Ой, мен қайда келіп қалдым? Жүргізуші: Сәламатсың ба Дымбілмес. Сен бөбекжайға келіп тұрсыз. Дымбілмес: -Саяжайға? Ия, ия енді түсіндім. Мен білсем сендер саяжайда өсіп тұрған әдемі гүлдерсіңдер ғой, ия? Бәсе, бәсе, бәрі шетінен әдемі екен, бос тұрғанша саяжай гүлдерін суарайын. (лейкамен гүлге су шашпақшы болады) Жүргізуші: Тоқтаңыз , тоқтаңыз Дымбілмес. Сіз түсінбедіңіз, бұл саяжай емес! Барлығы: Бұл Бө-бек-жай! Жүргізуші: Мұнда балаларды тәрбиелейді , өсіреді, баптайды, үйретеді. Дымбілмес: Өсіреді, баптайды? Онда сендер неге өспей қалғансыңдар? Білдім, білдім сендерді суару керек бойларыңда өспей қалыпты, кішкентай ғана әдемі гүлдерім – ау, сендерді қоректендіру керек ғой. Сендерге көп су ішу керек. Үйретеді дейді? Ал мысалы үшін мықты латино-американ биін үйретпеген шығар Жүргізуші: Әрине үйретті! Қазір оған өзіңнің де көзің жетер. Би: «Латино – американ» Дымбілмес: (қисаңдап, балалардың биін салады) Олай болса, мен сендерге сандарға байланысты ойын ала келдім. Көрейін не үйренгендеріңді?.... Дымбілмес: ал, ендеше балалар, қазір ойын ойнаймыз. Шартын түсіндіреді. Ойын: «Баға алу» Дымбілмес: Жарайсыңдар балалар! Сендердің өсіп, барлығын үйренгендеріңе әбден көзім жетті. Енді бір әдемі ән тыңдасам?... Жүргізуші: Ендеше Дымбілмес Томиристің орындауындағы «Қуыршағым» әнің қабыл алыңыздар Ән: «Қуыршағым менің» Дымбілмес: Өте жақсы балалар сендер неткен өнерлі едіңдер, менің де сабаққа мектепке барғым келіп кетті. (жыламсырап) Жүргізуші: Ендеше сен де бізбен биле, ән айт, әріп танып, есеп шығар сол кезде барасың. Дымбілмес: ендеше мен барып дайындалайын, достарыма да айтайын. Рахмет сендерге, ақ жол сапар тілеймін, достар! Қош сау болыңдар. (қоштасады.) Жүргізуші: Көңілді өскен балалар Күлім қағып тұрады Тойымызға сән берер Көріністі ұсынады Көрініс: «Портфель» Жүргізуші: Биік те емес, аласа Бір портфель тұр жараса Қызыққандар кіре алмай Сыртында жүр таласа Сонда бұны кім алған Ішіне оның не салған Құлпын ашық көрейік Нелер барын көрейік Тук,тук,тук Кіруіме бола ма? Әлде біреу тұра ма? Әрине, ешкім тұрмайды Тұрса үнсіз болмайды Әне пенал келеді Сөзімді сол жалғайды Пенал: Тук,тук,тук, Болар ма екен кіруге? Кім тұрарын білуге Жауапсыз қалды сұрағым Онда өзім тұрамын Жүргізуші: Енді әліппе келеді Портфельді ол да көреді Әліппе: Ашық екен есігі Ішіне жайлап кірейін Кімдер барын білейін Жақсы достар болса егер Бірге өмір сүрейін Жүргізуші: Есікті ашып осы сәт Пенал шықты ақылды Әліппені өзімен Бір тұруға шақырды Пенал: Кір, Әліппе, бас қосайық, Бір тұрып достасайық Жүргізуші: Жүгіріп дәптер келді де, Кіргісі келіп ішіне Қарады олда телміре, Дәптер: Жазу жазар болса кім Онда мен де керекпін Кіргізіңдер мені де Бір тұрайық демекпін Жүргізуші: Әліппе де жөн көрген Адал досты, Қатарына дәптерді Жедел қосты Әліппе: Кел, дәптерім келіңіз Портфеліме кіріңіз Оқушы үшін әрқашан Керекпін деп біліңіз Жүргізуші: Түгелдесіп бір – бірін Достар күтіп алаңдар Келіп жатты жүгіріп Қалам менен бағалар 5-тік: Оқушының бәрі де, Мені жақсы көреді, Портфельдің дәл төрінен Маған орын береді 4-тік: Жақсы оқитын балалар Төрт пен бесті алады Ұқыпты, өзі ынталы Тәрбиелі болады Қалам: Тәртібінен сабақтан Төрт, бес алып жарыссын Кіріңдер жақсы бағалар Оқушылар таныссын Жүргізіші: Міне осылай портфельдің Лезде іші толып кетті Арттарынан жүгіріп Екілік пен бір де жетті Екілік: Портфелім мені қалдырма Кіргізіп ал ішіңе Жалқауларға жайлымын Жалынбаймын үшіне Бірлік: Жалқауларын жалдап алам, Аңқауларын алдап аламын Көшпей қалса сыныптан Досым үшін мен де қалам Жүргізуші: Сұрланып босағадан Пенал шықты Ұрысып бір – екіні Жерге тықты Пенал: Сөздеріңді жөн көретін Бізді аңқау кім деп едің Балалардың досы мықты Сендерсіз ақ күн көретін Еңбек етпей ерінсе Ол оқушы бола ма? Достарымыз төрт пен бес Кетіңдер, бізге жолама! Жүргізуші: Кіргізбей бір мен екіні Сарт етіп есік жабылды Міне өзі табылды (оқушы қыз жүгіріп шығады) Оқушы қарап түсінді Портфелінің мән – жайын Кішірейін бала қолында Жүруге тұр дап дайын Би: «Ойыншықтар» Жүргізуші: балалар, бізге қонақ келе жатқан сияқты қараңдаршы Оқымысты: Осында бір әсем балалар бар деп естіп, келе жаткан жайым бар, сүйтіп сендерге сәт сапар тілейін деп келдім балалар. Балалар айтыңдаршы сіздерді шет – шетінен өнерлі деп естідім, есепкеде жақсы деп. Сол рас па? Жүргізуші: иә, әрине сізге арнап балалар қазір ән жолдап, би билеп, тақпақтарын да тарту етеді. Ендігі кезекті тақпақтарға берейік: Эльдар: Мектепке енді барамыз, Үлгілі оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік аламыз. Томирис: Уан,ту,сри,фо,файф,сикс,сэвен Досчитаю до элэвэн. Пальцы быстро я загну, И назад очитать начну. Мадияр: Знают взрослые и дети Наш любимый детский сад С радостью всегда встречает Замечательных ребят Нұрбек: Мектепке енді барамыз Оқимыз, сауық құрамыз. Қашық емес арамыз Бақшаға келіп тұрамыз Оқымысты: Рахмет балалар. Балалар енді айтыңдаршы сендер мына менің арқамда ілінген сөмкені көріп тұрсыңдар ма? Балалар: иә Оқымысты: Ендеше сол сөмкеге мектепке барғанда не керектігін білесіңдер ме? Соны көрейік келістік пе? Балалар: иә. Оқымысты: «Сөмкені толтыр» атты ойынымызды ендеше бастайық (ойын бітісімен) ой балалар қалайша бәрін оп – оңай тауып алдыңдар? Жақсы, балалар сендерге мектепке баруға болады екен. Ендеше сендерді «Білім еліне саяхатқа» шақырамын барасыңдар ма? Балалар: иә, барамыз Оқымысты: ендеше балалар кеттік (поездбен саяхатқа кетеді) Ән: "Біз мектепке барамыз" Осы кезде «Әй, тоқтаңдар, тоқта!» - деген дауыс естіледі. Жүргізуші: Сен кімсің? Қожалақ: мен бе ?менің атым – Салақ, фамилиям – Кірқожалақ. Мен жақын тұрам, білім еліне барайын деп шықтым Жүргізуші: Анау бала қолың қарашы Кір қожалақ қап – қара Тырнақ өскен, шашы көптен Алынбарты масқара. Қожалақ: мен бе кір, мен бе лас, қай жерімнен кір көрініп тұр? Балалар: беті – қолың Қожалақ: қайда, қай жерім, жоқ қой? (айна береді, қарап тұрып) – Ой бұл мен емес қой, күнге күйіп кеткенмін ғой Балалар: жоқ Жүргізуші: Барып, жуынып, киіміңді тазалап, шашыңды тарап, тез кел. Біз білім жолына жол тарта береміз Қожалақ: жарайды, мен сендерді қуып жетемін Би: «Испан» Ендігі кезекті тақпаққа береміз Рината: Пора нам с садом рассатаваться, Пора серьезным нам быть. За книги, за тетради браться, Букварь нам надо изучать. Тарлан: Папа – фазе, Мама – мазе. Брать есть – бразе уменя, Тётя – ант. И дядя – анкл, Вот и вся моя родная. Санжар: Бақша біздің панамыз Мектеп біздің анамыз Ұлағатты ұстаздан Оқып білім аламыз Молданов: Оқимыз білім аламыз Болашақ жолын саламыз Бақшаменен қоштасып Біріншіге барамыз Оқымысты: Балалар қарандаршы нені көріп тұрмыз? Балалар: Домбыра Оқымысты: Домбырадай мұраны қастерлеуге тұрады. Онда жатыр бабамның үні менен ұраны. Қанекей «Домбыра туралы» бір ән тыңдап жіберейік Ән: «Домбырасыз ән қайда?» Ердаулет Оқымысты: Балалар біздер Білім елінеде жетіп қалыппыз қараныздаршы Білім ханшайымыда келе жатыр. (Білім ханшайымы кіреді) Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар! «Білім еліне» қош келдіңіздер. Қане не үйрендіңдер тексеріп көрейік. Математикадан қалай екенсіңдер ? Ойын: «Математикалық есеп» Білім ханшайымы: Білімге деген ынталарың жақсы екен. Бәрің керемет дайындалған екенсіңдер сендерге алда тек 4 – 5 ке оқуға тілектеспін. Би: «Жастар» Білім ханшайымы: Қазір балалар сендермен «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз. Мен сендерге сұрақ қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай «иә», немесе «жоқ» деп жауап бересіңдер. 1. Мектепке біз барамыз ба? 2. Кілең бестік аламыз ба? 3. Айтқан тілді аламыз ба? 4. Ақылды бала боламыз ба? 5. Нан жеймін деп жылаймыз ба? 6. Ертеңгісін тұрамыз ба? 7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба? 8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 9. Екі алғанда жылаймыз ба? 10. Оқушы біз боламыз ба? Ата – аналармен де «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық. 1. Балаңызға әрқашан тірек сіз бе? 2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе? 3. Тамағын уақытылы бересіз бе? 4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе? 5. Сериал көріп жатасыз ба? 6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? 7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба? 8. Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба? 9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба? 10. Бала үшін асулардан асасыз ба? Білім ханшайымы: Ой өте жақсы білімді балалар екенсіңдер, мен сендерге білім кілтін ұсынамын. Қожалақ жүгіріп келеді, әдемі киінген. Жүргізуші: Ой, сен кімсің? Қожалақ: ой, мен салақпын ғой Жүргізуші: оооо, қандай сен әдемі болып кеткенсің, танымай қалдым. Қожалақ: Осы, мектеп, мектеп дейді. Онда кім оқытады, не оқытады? Білім ханшайымы: Мектепте ең алдымен әліппемен оқытады. Кейін оқып, жазуды мұғалім үйретеді. Ортаға Әліппе, Математика, Күнделік, Дәптер шығады Асел: Менің атым – Әліппе Мені анаңдай дәріпте Мені оқып, ержеткенде Бауыржанда, Мәлікте Алихан: Біздің келер шамамыз Бестен үшті аламыз Төртті бөліп екігі Жауабын тез – тез табамыз Дильназ: Жазулы менде әр күнің Бар мінезін тәртібің Дос болайық жарқыным Мен өзіңменен біргемін Айару: Ер құрметтеп бағалар Досым бар, ол тазалық Кел балалар дәптерге Тап – таза етіп жазалық Жүргізуші: Енді балалардың осы балабақшадағы әр күні қызықты өтуін қадағалап отырған апайларымызға арналған тақпақтарымызды тамашалаңыздар. Амина: Ұстаздардың ұстазы, Тәрбиенің ұстасы Меңгеруші апайға Айнагул Нурлыбайқызына Раушан тобынан мың алғыс! Дарын: Біздің апай Толқын Маманы оның әдіскер. Мақтан етем әрдайым, Аман болшы апайым Ерасыл: Талай - талай баспалдақты аттармыз, Ата - ананың үмітінде ақтармыз. Айжан, Балым апайлар Сізден алған ақылды Есімізде өмір - бақи сақтармыз. Асел: Денсаулыққа болаттай Ауруларды жолатпай Күнде болған әбдігер Қамқоршымыз дәрігер Дәрігер апайларға мың рахмет Алихан: Бізді баптап қараған Күлімдеген жақсы адам Ақ төсекке жатқызған Басымыздан сипаған Үлболсын апайға көп рахмет Ердәулет: Дене шынықтыру сабағын Асыға күтіп тұрамыз. Қыста шаңғы, шанасын, Жазда доп пен велосын Сайлаған Хайдар ағайға Рахмет бізден айтамыз. Ансар: Сазгер Арайлым апайды, Тыңдаймыз жақсы көреміз. Әнді бірге үйреніп, Биді бірге билейміз. Айару:Ақпараттық жүйені Жетік бізге меңгерткен Барлық әлем сырларын «Тілін біл» деп үйреткен Асел Ғалымжанқызына Айтамыз біз мың алғыс Жүргізуші: Бір ойнадық Бірге күлдік Қол ұстасып Билеп жүрдік – дегенді кезекті әдетке айналған вальс биіне береміз. Би: «Қоштасу вальсі» Жүргізуші: Бүлдіршіндерімізге сәт – сапар тілей отырып, осымен «Раушан» ересектер тобының «Қош бол, балабақша!» атты ертеңгілігін аяқтаймыз. Ән: «Иә, солай» Жүргізуші: Өмірдегі ең алғашқы құжат ол – Диплом. Дипломдарыңды табыс етіп, құттықтау сөз кезегін бөбекжай директоры Айнагүл Нұрлыбайқызына береміз.























39 «Салтанат» бөбекжайы МКҚК





Shape1 атты «Раушан» тобының ертеңгілігі.



Өткізген: Муканова А.Е.

Саз жетекшісі: Еслямғалиева А







Орал 2013 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2018
339
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі