400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы"Сиқырлы доптар патшалығы!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, дене шынықтырумен жиі айналысу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: « Сиқырлы доптар патшалығы!»             

Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, дене шынықтырумен жиі айналысу. Таңертеңгі жаттығуды міндетті түрде орындауға жаттықтыру. Жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынастарын орнату.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, топтық жарыс.

Көрнекілігі:  Cуреттер, доптар, құрсаулар.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Тәрбиеші:Қайырлы таң, балалар!Құрметті спорт сүйер қауым! Бүгін сіздер спорттық ойынына қатысқалы отырған «Достық» және «Бірлік» тобының ,бәрі бір отбасындай болып кеткен балалары мен тәрбиешілерінің өнерін тамашағалы отырсыздар.

Тәрбиеші:Балалар ,біз таңертең тұрған бойда беті-қолымызды жуамыз содан соң не істейміз?

-Жаттығу жасаймыз.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар жаттығуды не үшін жасаймыз?

-Денсаулығымыз мықты болу үшін,әдемі,сымбатты болып өсу үшін.

-Ендеше балалар, спорттық жарысымызды бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық.

Таңертеңгілік жаттығулар жасау.


Тәрбиеші:Ал балалар қолдарынды белге қойып сап құрып, шеңбер бойымен жүреді, аяқ ұшымен, өкшемен, жеңіл жүгіру, аяқтың сыртқы қырымен жүру, қаздарша, жай жүру, жүгіру.

Қатар тұрып «Добым,добым домалақ» әніне топтық-спорттық биін билейді (Балалар өлең сөзіне сай қимылдар жасайды).

Тәрбиеші: Егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз. Балалар, адамдардың көңілді, әдемі жүруі неге байланысты?

Балалар: Денсаулыққа

Тәрбиеші: Әрине, дені сау адам бақытты адам. Дені сау болуы үшін өзін-өзі күтеді. Жазы, қысы шынығады. Егер сендер де тазалықты сақтап, денелеріңді шынықтырсаңдар салауатты өмір сүресіңдер.






Дене шынықтыру мұғалімі:

1. « Кедергілерден өтіп, себетке доп лақтыру»

2. «Кедергілерден өтіп шеңберді мәреге жеткізу»

3.«Кедергілерден өт»

Міне, бүгінгі жарысымыз осындай турлардан тұрады.Ендеше,жарысқа қатысушы жас спортшылар барлығыңызға сәттілік тілеймін!

Тәрбиеші: Олай болса балалар,бүгінгі айтылған қағидаларды естеріңнен шығармаңдар. Сендердің де денсаулықтарың мықты болсын, әр кезде күліп жүріңдер.

— Жарайсыңдар балалар!
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау — саламат болайық.

Мадақтау балаларды жақсы қатысқандары үшін!












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
983
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі