«Сөзмерген»
тіл-танымдық ойыны
Мақсаты:
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін
сендей сала алмас» деп, қуаттылығы мен
нәзіктігін Абай ақын тамсана жырлаған,
қазақ тілінің құдіреттілігін паш ету.
Ұлттық рухани болмыстың алғышарты болып
табылатын қазақ тілінің тереңде тұнып
жатқан сөз маржандарын жарқырата
көрсету.
Сайыстың
басты мақсаты –
қазыналы қазақ тілін жетік меңгерген
тіл жанашырларының тілге жүйрік, сөзге
шешен екендігін анықтап, нағыз сөз
мергендерін тану.
Жанры:
Тіл – танымдық сайыс
Көрнекілігі:
Слайд
Қатысушылар:
5, 6, 7, 8 сынып оқушылары
Тілім
менің!
Тілім
үшін мың өліп, тірілді елім,
Жаныммен
арыммен қатар қойып,
Тілді
қорғау – парызым бүгін менің! –дегендей,
бүгін 5,6,7,8 сыныптар аралығында
«Сөзмерген» тіл білгірлерінің сайысына
қош келдіңіздер!
Ақталған
ақ арманы, үміттері,
Қашан
көрсең жүреді күліп тегі
Қаумалаған
ағайын, аманбысың,
Аманбысың,
сайыстың үміткері – дей отыра ортаға
сайыскерлерімізді шақырамыз.
«Жігер»
тобы
«Сұңқар»
тобы
Нақты
білім, терең ой саналады.
Баға
берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге
құрметпен қол соғылады – дей келе
әділғазылар алқасымен таныстырып
өтейік.
1.
Оқу-ісінің меңгерушісі: Тусупбекова
Э.М.
2.
Тарих
пәнінің
– Сыздықов
М.О.
3.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі –Ержанова
Г.Е.
3
Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілейтін
жақсылықты жүрегі екен
Дәстүрі
қазағымның сарқылмаған,
Шарттарын
сайыскерлер біле ме екен? – деп,
сайысымыздың шартымен таныстырып
өтейік.
Сайыс
үш кезеңнен тұрады: «Мықты
болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып
көр»,
«Ойлы
болсаң, озып көр».
Бірінші кезеңде әр топқа жұмбақтар
жасырылады, жұмбақтың жауабын үш тілде
айту арқылы 3 ұпай жинайды, жұмбақ
жауабына байланысты мақал-мәтел айтып
2 ұпай алып, барлығы 5 ұпайға ие болады.
Екінші кезеңде тұрақты сөз тіркестердің
мағынасын ашу, әрбір дұрыс жауапқа 5
ұпай беріледі. Келесі үшінші кезеңде
қызықты сұрақтарға жауап беру, әрбір
сұраққа 5 ұпай беріледі.
Әділқазылар
алқасы, жауабына қарай бағалап отырыңыздар.
1
– кезең. «Мықты болсаң, тауып көр».
1.Сүйексіз
ғып жаратқан,
Жұртты
аузына қаратқан.
(Тіл,
язык, language)
Тіл
қылыштан да өткір.
Тіл
тас жарады, тас жармаса бас жарады.
2.Дыбыс
естісе қашады, қырдан бір-ақ асады.
(қоян,
заяц, rabbit)
Ерді
намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.
3.Отыз
екі батыр, Екіге бөлініп, қамалып жатыр.
(тіс,
зубы, tooth)
Отыз
тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
Маржандай
тіс денсаулықтың белгісі.
4.Аспаннан
домалап, көп моншақ төгіледі,
Бусанып
жон-алап терлейді, керіледі.
(Жаңбыр,
дождь, rain)
Жаңбыр
бір жауса, терек екі жауады.
Жаңбыр
жауса жер ырысы, Батыр туса ел ырысы.
5.Білімнің
дәнін тереді,
Балаға
тәлім береді.
(Ұстаз,
учитель, teacher)
Ұстазы
жақсының ұстамы жақсы.
6.Желден
желігеді,
Судан
шегінеді.
(От,
огонь, fire)
Отан
оттан да ыстық.
7.Әуре
болма теріп бекер, ұстай қалсаң еріп
кетер.
(Қар,
снег, snow)
Қалауын
тапса, қар жанар.
8.Өзі
дана үні жоқ, сөйлемейді тілі жоқ,
Қолыңа
алсаң –шешен, ақылы асқан көсем.
(кітап,
книга, book)
Кітап-
білім бұлағы,
Білім-өмір
шырағы.
2-
кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр». Тұрақты
тіркесті тауып, мағынасын ашу.
1.
Ілінбеу
– беті, көзі, аузы, қолы
Көзі
ілінбеу – ұйықтамау
2.
Отыру
– қарға, суға, мұзға, буға
Мұзға
отырғызу – алдау, арбау
3.
Асу
– құлақ, бет, жақ, ауыз
Құлақ
асу – тыңдау, назар аудару
4.
Сындыру
– қол, ағаш, тіл, ыдыс
Тіл
сындыру – сауатын ашу
5.
Жету
– қолы, құлағы, мақсатқа, көзі
Көзі
жету – анық білу
6.
Тістеді –
қолын, білегін, бармағын, тырнағын
Бармағын
тістеді – өкінді
7.
Тасу –
ажар, көңіл, бой, қол
Көңілі
тасу – қуану, шаттану
8.
Жанды –
құс, ит, балық, ән
Ит
жанды – көнбіс, момын
3
– кезең. «Ойлы болсаң, озып көр». Қызықты
сұрақтарға жауап беру.
1.Кім
барлық тілде сөйлей алады? (жаңғырық)
2.Қай
жолмен адам ешуақытта жүре алмайды?
(құсжолымен)
3.Сағат
22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан
кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
(жоқ, себебі ол кезде түн болады.)
4.Ағаш
үстінде 30 торғай қонып отыр еді, сотқар
бала біреуін атып түсірді, ағаш басында
қанша торғай қалды?
5.Бір
қарын майды шірітетін не? ( құмалақ)
6.
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы оның
біреуін атып алды, нешеу қалды?
(түйеқұс
ұшпайды)
7.Екі
баланың біреуі оңтүстікке, екіншісі
солтүстікке қарап отыр. Досым, мен сені
көріп отырмын дейді, біреуі, олар
бір-бірін қалай көреді? (олар бір-біріне
қарама-қарсы отыр)
8.Айран
сұраушының жасырмайтын ыдысы не? (шелек)
Ұлы
ғұлама Пифагор: «Қандай да болсын
халықтың әдет-ғұрпын үйренгің келсе,
алдымен оның тілін, дінін үйрен» – деген
екен, міне біз бүгін «Сөзмерген» атты
қазақ тіл білгірлері сайысын өткіздік.
Ендігі
сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Сөз
соңында:
«Біздің
тіл- өткірлігімен бой балқытып, тамыр
шымырлатып, жан –жүйеңді жадыратып,
жүрегіңе тиімді, қысылтаяң, қатал
жағдайда қайрап, егеп, «сөз тапқанға
қолқа жоқ» дегендейін, ерге, елге медет
болатын тіл», -деп даңқты атамыз Бауыржан
Момышұлы айтқандай, тілді құрметтеу,
елді құрметтеу, ұлтыңды қастерлеу болып
табылады.
Ана
тілінің құдіретін ұмытпай, оны келешек
ұрпаққа таза күйінде жеткізу – біздің
міндетіміз. Ана тілінің мөлдір әлемін
лайлатпай, тұнық күйінде қолданайық,
жас достар!