жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы:Судың тіршілік үшін маңызы 3- сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ортақ тақырып: Заттар мен олардың қасиеттері
Күні: Сынып: 3 |
Мектеп: « Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі»КММ Мұғалім: Ерғалиева Зульфия Женисхановна Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақ тақырыбы |
Судың тіршілік үшін маңызы |
|||
Оқу мақсаттары |
3.3.3.3 Ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру; 3.3.3.6 Судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсінеді ,судың тіршілік үшін маңыздылығын анықтайды Көптеген оқушылар: Ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігімен,судың тіршілік үшін маңыздылығына ереже құрастырады және жарнама жасайды Кейбір оқушылар: Судың тіршілік үшін маңыздылығын, өз іс-әрекеттері арқылы суды үнемдеу керектігін өмірмен байланыстырып зерттейді,қорытынды шығарады.
|
|||
Бағалау критерийлері |
- Ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсінеді - Судың тіршілік үшін маңыздылығын анықтайды
|
|||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Ауызсу, үнемдеу,тиімді пайдалану. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қандай су пайдалануға жарамды? Суды қалай үнемдеуге болады? |
|||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу құндылығы негізінде суды үнемдеуге, таза сақтауға тәрбиелей отырып, экологиялық тәрбие беру |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану,Қазақ тілі, Математика |
|||
Алдыңғы меңгерілген білім
|
2 - сыныпта табиғат туралы өтілген білімдерін қайталау |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 4 минут
|
I.Ұйымдастыру кезеңі
-Сыныппен сәлемдесу
Психологиялық ахуал Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір,таза көңілмен Бүгінгі сабақты бастаймыз!
ІІ.Қызығушылықты ояту Оқушыларға судың дыбысын тыңдату. Бұл ненің дыбысы? -Су
дегеніміз не? - Өсімдіктерде су болады ма?
Топқа бөлу. Анықтамалар арқылы өз топтарын табу. Су Бу Муз
Жұмбақ Бірақ тыныш тұрмайды. Сақтамасаң-қорын тек, Барша тірлік қурайды. (Су) Сылқ-сылқ күледі Аяғы жоқ жүреді (Су) -Қалай ойлайсыңдар, сабақта не жайлы сөйлесеміз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
|
Презентация
Аудио,судың суреті
Анықтамалар, әр топтың суреттері
|
||
Сабақ ортасы
5минут
10м инут
2 минут
Сабақтың соңы
3 минут
|
(Т)1-тапсырма «Проблемалық сұрақ» әдісі Конвертке салынған тірек сөздер таратамын Тапсырма: берілген тірек сөздерді қолдана отырып, су туралы білетін ақпараттан постер құраңыз. 1-топқа «Судың адам өміріне маңызы» 2-топқа «Суды негізгі қасиеттері» 3-топқа «Ластанған судың зияны»
Дескриптор: 1. Әрбір топ постер құрастырады, ақпараттарымен өзара алмасады. 3. Топтар су туралы постерлерін тыңдалған ақпаратпен толықтырады ҚБ: Тапсырма орындалып болған соң, әрбір топ өз жұмыстарын ауыстырады, мұғалімнің нұсқауымен бірнеше оқушы тапсырманың дұрыстығын оқиды, дәлелдейді, ұжыммен тексереді. Инсерт әдісі «+», «-» арқылы топты бағалайды
(Т)2- тапсырма «Борт журналы» әдісі арқылы тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйрету мақсатында жүргізіледі 1-топқа Ауыз суды үнемді қолдануға жарнама жаса 2-топқа.Судың тіршілік үшін маңыздылығына ереже құрастыр 3-топқа. «Су-тіршілік көзі» шағын сахналық көрініс құрастыр. Дискриптор:
ҚБ: «Судың көлемі»әдісі арқылы бағалау Толған стакандағы су-тамаша Жартылай стакандағы су-жақсы. Толмаған стакандағы су-тырысу керек.
Сергіту сәті: Сыныптың әрбір бөлігінде 4 түске боялған әріптер орналасқан. Берілген әріптерді 1 минуттың ішінде сөз құрап шығу керек.
/Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхит, бұл мұхит атаулары, Себебі, бұл атаулар жалқы зат есімдер../
(Оқушылар мұхиттарды атайды,)
(Ж)3-тапсырма «Мен зерттеушімін»әдісі 1.Үй жағдайында суды үнемдеу 2.Өз іс-әрекетіміз арқылы суды үнемдеу керектігін зерттеу арқылы жеткізу 3.Судың тіршілік үшін маңыздылығын анықтау. 1.Оқушыларға алдын ала екі құмыраға бөлме өсімдігін салуды тапсырамын. Біреуіне су құйып отырады,екіншісіне су құймайды.Сол кездегі әрекетті суретке түсіріп бақылату.Сыныпта екі суретті салыстыртып зерттеу жүргізу. 2. Оқушыларға күніне тістерін неше рет жуатынын сұраймын.Екі оқушыны жуынатын жерге шығарып ,тіс жуғандағы әрекеттерін көрсетеді.Бірінші оқушы 1 минутта тіс жуғанда кранды ашық күйде ұстап жуынады. Екінші оқушы суды щетка жуар кезде және аузын шаяр кезде ғана қолданады. Екі жағдайдағы судың мөлшерін салыстырады. «Егер бірінші оқушының ауылында 600 адам тұрса,екінші оқушының ауылында 600 адам тұрса бір жылда қанша литр су кететінін анықта?Егер бірінші оқушының ауылындағы адамдар үнемдеп жуған оқушының ауылына көшсе қанша литр суды үнемдеуге болады?
Дескриптор: 1. Оқушылар суды үнемдеу жолдары анықтайды 2. Өз ойларын дәлелдейді 3.Судың тіршілік үшін маңыздылығын зерттейді ҚБ: : «Шартты белгілер» әдісі Күндей жылы, керемет топ! Найзағайдай жарық, ерекше топ! Бұлттай аппақ, еңбекқор топ!
Ойын. Табиғаттан нені үйрендім? - Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу) - Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу) - Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу) - Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті) - Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу) - Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу) - Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.
Үйге тапсырма: -Мәтінді оқу,мазмұндау
Кері байланыс «Аралдар әдісі» арқылы. Аралдар картасы тақтаға (қабырғаға) ілінеді және оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін «Түсінбестік аралына» , «Қуаныш аралына», «Шабыттану аралына»желкенді қайығымызды аралдарға ағызайық. «Қуаныш аралы»-Сабақ ұнады және тапсырманың барлығын сәтті орындадым. «Шабыттану аралы»-Керемет көңіл күйдемін,сабақ ұнады «Түсінбестік аралы»- Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болса, мұғалімнің көмегі қажет болса. Үйге тапсырма: -Мәтінді оқу,мазмұндау
Ең көп еңбек сіңірген топты атау |
плакаттар, түрлі түсті маркерлер Тірек сөздер: Су түссіз, көлемі жоқ, аққыштық қасиетке ие,қатты , газ, сұйық күйде кездеседі, тіршілік үшін маңызды, сусыз тіршілік жоқ/ суды үнемдеу, қоқыстар тастамау, судың жағасын ластамау, зиянды заттарды төкпеу, өнеркәсіп, шахта, көлік, шайынды, мұнай, кен орындары, адам ағзасының улануы, балықтардың азаюы, арал теңізі, өзен, көлдердегі су деңгейінің азаюы.
Флипчарт,маркерлер
Плакаттар,маркерлер,А4 беттер
Әртүрлі түсте боялған әріптер
Оқушылар аты жазылған қайықтар
Түсінбестік аралы
Қуаныш аралы
Шабыттану аралы
|
||
|
|
|
||
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық
және
қауіпсіздік
техникасының
сақталуы |
||
№1тапсырма саралау тәсілінің жіктеу әдісіне жатады. Берілген тірек сөздерді қолдана отырып «Судың адам өміріне маңызы», «Суды негізгі қасиеттері», «Ластанған судың зияны» тақырыбында деңгейлері әртүрлі оқушылар бірге топ болып жұмыс жасайды.
№2 тапсырмада «Борт журналы» әдісінде саралаудың «Қорытынды» тәсілі қолданылды, себебі, оқушыларға жарнама,шағын көрініс,ереже құрастыру бере отырып,олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйрету мақсатында жүргізіледі №3 тапсырмада
Қорытынды және бағалау тәсілі арқылы оқу мақсатына сәйкес өздерінен не күтетіндіктерін түсінгендеріне көз жеткізу мақсатында зерттеу жұмысы ұсынылды.
Топта жұмыс жасату арқылы Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беру. |
ҚБ: Тапсырма орындалып болған соң, әрбір топ өз жұмыстарын ауыстырады, мұғалімнің нұсқауымен бірнеше оқушы тапсырманың дұрыстығын оқиды, дәлелдейді, ұжыммен тексереді. Инсерт әдісі «+», «-» арқылы топты бағалайды
ҚБ: «Судың көлемі»әдісі арқылы бағалау Толған стакандағы су-тамаша Жартылай стакандағы су-жақсы. Толмаған стакандағы су-тырысу керек.
ҚБ: : «Шартты белгілер» әдісі Күндей жылы, керемет топ! Найзағайдай жарық, ерекше топ! Бұлттай аппақ, еңбекқор топ!
Кері байланыс «Аралдар әдісі» арқылы.
Қуаныш аралы»-Сабақ ұнады және тапсырманың барлығын сәтті орындадым. «Шабыттану аралы»-Керемет көңіл күйдемін,сабақ ұнады «Түсінбестік аралы»- Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болса, мұғалімнің көмегі қажет болса.
|
-Сабақтың барысында қауіпсіздік ережелері айтылады, «сергіту сәтінде», ойын түрлерінде, зертханалық жұмыс кезінде қауісіздік ережелері сақталады. Қолжетімді ресурстармен жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға көңіл бөлінеді. |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген