Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы:Ұлттық ойындар байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын арқылы татулыққа, адамгершілікке баулу. Бір - біріне деген сыйластығын, достық қарым қатынасын нығайту. Ұлттық ойын арқылы салт - дәстүрлерді сақтай білуге тәрбиелеу. Бір - біріне деген шынайы достықты сезіне білу дағдысын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық ойындар байқауы

Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын арқылы татулыққа, адамгершілікке баулу. Бір - біріне деген сыйластығын, достық қарым қатынасын нығайту. Ұлттық ойын арқылы салт - дәстүрлерді сақтай білуге тәрбиелеу. Бір - біріне деген шынайы достықты сезіне білу дағдысын дамыту. 
Көрнекіліктер: Ұлттық киімдер

Балалар сылдырмақтың көмегімен 1 қатармен залға кіргізеді. Балаларды 1 қатарға сапқа тұрғызады. Амандасады. Тік тұрыңдар! Түзеліңдер! Оңға бұрылып, саппен жүріңдер! Нұсқаулықты орындатады. Аяқ ұшымен жүреміз, қол белде. Өкшемен жүреміз, қол желкеде. Саппен жүреміз. Жәй жүгіреміз, қатты жүгіреміз. Сапқа тұрғызады. 1 - 2 деп санатып, 2 қатарға бөліп тұрғызды.
Жалпы дамытушы жаттығуларын орындатады.
Ендеше бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Ұлттық ойындар байқауы» демекші, сендерге қазақтың ұлттық ойындарының түрлері - мен таныстырайын.
(Слайдтан ұлттық ойындардың түрлері көрсетіледі). 

Тәрбиеші: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық.
Ұлттық ойын түрлері:

«Соқыртеке»ойыны

«Тауық күрес» ойыны
«Арқан тарту» ойыны
«Күш сынасу» ойыны

«Көтермек» ойыны

Гир көтеру.
(Тосын сый). Есік қағылды. Балалар қонаққа Бай мен Алдар Көсе келіпті.
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Сәлеметсіздер?
Бай: Алдар Көсе екеуміз сендердің балабақшаларына қонаққа келіп едік. Осы балабақшада қазақтың ұлттық ойыны болып жатыр деп естіп едік халықтан. Бізде ұлттық ойындарына қатысып ойнағымыз келіп тұр. Бізді ойнатасыздар ма?
Алдар Көсе: Ендеше екеуміз бәс тігейік. Қай топ жеңетін болса, сол бәстескен заттарымызды қалдырып кетеміз. Жарайды.
Бай: Қойындағы дорбасын алып, ортаға қояды.
Алдар Көсе: Қолындағы домбырасын ортаға қояды. Балаларды 2 топқа бөлді.
1 - топ «Байдың» тобы, 2 -топ «Алдар Көсенің» тобы.

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі Соқыр теке ойыны.

Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады. Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ Қайда кеткен құлыншақ Соқыртеке бақ-бақ Мені ізден тап-тап Деп тақпақтайды. Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді.

«Арқан тарту» ойыны.
Ойын шарты: Арқанның ортасынан қызыл матамен байлайды. Арқанның 2 жақ шетінен балалар ұстап тартады. Қай топ арқанды өз жағына тартып алса, сол топ жеңіске жетеді. Арқанды тартқан кезде 1 бала құлап қалса, құламаған топ жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.

Көтермек 
Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 
Белгі бойынша кім бі\ріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің. 
Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады. 

Тауық күрес.
Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады. 
«Күш сынасу»ойыны
Ойын шарты: Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.

Гир көтеру ойыны.
Ендеше бүгінгі сайыста Бай мен Алдар Көсенің топтары ойынға жақсы қатысты. Алдар мен Бай бізбен қоштасқалы тұр. Олар тағыда осындай жарыстарға қатысуға асығып тұр екен. Сау болыңыздар балалар. (Екеуі қоштасты.)
Балалар енді тыныс алу жаттығуын орындайық.
Қанеки қолдарымызды 2 жаққа созып, жоғары көтере, мұрынымызбен терең тыныс алып, қолды төмен түсіре, ауызбен демді шығарамыз.
Бүгін бізге кімдер қонаққа келді.
Қандай ұлттық ойындармен таныстыңдар.
Қандай ұлттық ойындарын ойнадыңдар! Сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар! Осымен оқу қызметіміз аяқталды.
Сау болыңыздар




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.05.2020
1873
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12