400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы:Үрмебұршақты отырғызу

Материал туралы қысқаша түсінік
Үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің көбеюі туралы алғашқы білім беру.Тұқым отырғыза білу дағдыларын игерту.Еңбекқорлыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

» 2 сәбилер то

Білім беру саласы: Әлеуметік орта

Бөлімдері: Экология негіздері.

Тақырыбы:Үрмебұршақты отырғызу..

Мақсаты:Үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің көбеюі туралы алғашқы білім беру.Тұқым отырғыза білу дағдыларын игерту.Еңбекқорлыққа баулу.

Көрнекіліктер:бала снына қарай алжапқыш және топырақ салынған стақан,піскен үрмебұршақ,қорапшадағы үрмебұршақ,өсімдік суреттері,аламан ойыншығы,стекалар.

Сөздік жұмыс:тұқым.

Билингвальды компонент:үрмебұршақ-фасоль,отырғызу-посадить.

Іс-әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық



Педагог сабаққа аламанның (тышқанның бір түрі) келгенін хабарлап айтады.

-Балалар,аламан сендерден үрмебұршақ отырғызуға көмектесулерінді сұрайды.Бірақ оны қалай отырғызу балалар,аламанға көмектесеміз бе?


Балалар сабаққа белсенді қатысады ,алжапқыштарын киеді.

-Көмектесеміз.


Ұйымдастыру-

іздестіру




Білімді өзектендіру.

Үрмебұршақтың суретін көрсетеді.

-Бұл ненің суреті?

Үрмебұршақ туралы түсіндіру.

-Үрмебұршақ –жылу сүйгіш өсімдік.Сондықтан ол ыстық жақтарда өседі.Үрмебұршақ біздің елімізде де өсіріледі.Үрмебұршақты суық топыраққа отырғызбайды.Сондықтан оны күн жылынған кезде отырғызады.

Үрмебұршақ өсу үшін жылу,су,жарық және ауа қажет.Біз бүгін үрмебұршақты қалай отырғызу керектігін үйренеміз және аламанға оны қалай отырғызу керектігін көрсетеміз.Педагог қорапшадан үрмебұршақтарды алып,балаларға таратады.Оның тұқымы екенін айтады.

-Балалар,үрмебұршақты алақан арасына салып есіп көрейік,қолға қалай сезіледі?

Түсі қандай?

Билингвальды компонент:үрмебұршақ-фасоль,отырғызу-посадить

Саусаққа арналған жаттығу:

Шақ-шақ-шақ,

Отырғызайық бұршақ.

Суретті қарап,үрмебұршақ туралы білетіндерін айтады.









Көру арқылы үрмебұршақты зерттейді,әсерлерімен бөліседі.

-Қатты сопақша тәрізді.



Қайталайды.

Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.


Ұйымдастырушылық-ізденісті

Өс-өс-өс,

Алақаныңды тос!

Үрмебұршақ отырғызу.

Педагог балаларды бір-бірден шақырып,қолдарына үрмебұршақтың дәнін таратады,балалар орнына жайғасқан соң отырғызу реттілігін айтады.

Стекамен шұңқыр жасаймыз.

Шұңқырға үрмебұршақтыңдәнінің өсімі бар жағын жоғары қаратып саламыз.

Топырақпен көмеміз.

Су құйғышпен аздап су құямыз.

Балалардың алдына отырғызу реттілігі көрсетілген үлгіні ұсынады.балаларға керекті құрал-жабдықтарды таратып береді.Үрмебұршақты отырғызу барысында педагог әр баланың еңбегін қадағалап,мадақтап отырады.

Жеке жұмыс өткізу.


Педагогті тыңдап үрмебұршақты отырғызу реттілігін естеріне сақтайды.





Бұршақ отырғызады..

Рефлек

сивті-түзетуші

лік


Сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдерін қорытындылайды

Балалардың

жауаптары.

.


Күтілетін нәтиже:


Нені біледі: Үрмебұршақты отырғызуға берілген тапсырмаларды.

Қандай түсініктерді игерді: үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің қалай көбейетінін,яғни олардың өсіп-жетілуі үшін топырақ,су,жарық,жылу қажеттілігін..

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: үрмебұршақ отырғыза білу дағдыларын.






Тәрбиеші:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі