400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырып: Бірлігі жарасқан халықпыз

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі:

Тақырып: Бірлігі жарасқан халықпыз

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Достық,бірлік, ұйымшылдық

Мұғалiм:

сынып:3 оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: - Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру; - өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту; - ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) плакаттар, түрлі – түсті қаламдар,ақ парақ

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Оқушыларды түрлі – түсті стикерлер алу арқылы топтастыру. Құрал жабдықтарын түгендеу. 5 «Т» ережесін еске түсіру. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсынОсы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер. 2.Үй тапсырмасын тексеру: Бата жаттау

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйек сөз. Бірлігі жоқ елтозады, Бірлігі күшті ел озады. Халық мақалы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? Дәйексөздің мағынасын ашу, түсіндіру. Дәйексөзді ер балалар мен қыз балалар жеке – жеке айтады (дәйексөзді бірнеше рет хормен қайталату) - Біздің Отанымыз Қазақстан елін бүкіл дүние жүзі орындап отыр. Мұнда тұрып жатқан адамдар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тұрады осының бәрі ауыз біршілікте .


4.(Әңгiме ) Мұғалімнің сыйы Қалай еткенде бірлік болады (Өсиет әңгіме) Төле би жас кезінде талай жасы үлкен абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» деп сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады: - - Балам, мынаны сындырып көрші. Төле буылған шыбықты олай – бұлай иіп сындыра алмайды. - Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортансынан буылған шыбықты шешіп, бірбіндер оп – оңай сындара береді. Әлібек би : Бұдан не түсіндің, балам ? – дейді. Сонда Төле бала: - Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да ала алмайды. “Саяқ жүрген таяқ жейді”демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да , дау да оп – оңай алады дегеніңіз ғой. – - Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбіршілікке, ынтымаққа шақыра біл. - “Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын” дегенінің мәнісі осы, - депті. Сұрақтар. - Төле бидің әкесінің аты ? - Әкесі баласына қандай ақыл айтты? - “Саяқ жүрген таяқ жейді” мағынасын қалай түсінесіңдер? - Төле жас кезінен кімдердің батасын алып өсті ?


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

әуен жайлап қосылып тұрады. Әр адамның өз елі өзінің керемет мекені сондықтан «Менің елім бақытты» тақырыбында әңгіме құрастырыңдар. Өз жазған жұмыстарыңды сыныпта оқып жариялаңыздар.


6.Ойын – жаттығу Оқушылардың басқа халықтардың тілі мен дәстүрлеріне сыйластық қарым – қатынастарын дамыту мақсатында топтық ойын ойналады. Балаларды үш топқа бөлемін. - Бірінші топқа үш түрлі ұлттың тілінде Отан туралы тақпақ айту және оның мағынасын түсіндіреді. - Екінші топқа үш түрлі ұлттың бала тәрбиелеудегі бір рәсімін айтып беру тапсырылады. - Үшінші топқа үш түрлі ұлттың туындаған символдарын атау олардың мығынасын түсіндіру. 7.Топпен ән айту: «Әрқашан күн сөнбесін» әнін балалар топпен орындайды.


8.Үй тапсырмасы: Дәптердегі ашық хатқа бір ұлттың дәстүрін жаз


9.Сабақтың соңғы қорытынды сәтi. (Баяу әуен қойылады)  Балалар, бүгінгі сабақтан қандай мағұлматтар алдық. Халықтар достастығы, ынтымақтастық жайында не түсіндіңіздер болмаса нені түсіне алмадыңыздар алдарыңызда тұрған күннің суреті басылған стикерлерге өзіңнің нені білгің келеді, нені түсіне алмағандықтарыңда жазып, түсіндім, түсінбедім парағына жапсырыңыздар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!!!.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі