Материалдар / Тақырып: Delphi программасын оқып үйрену
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырып: Delphi программасын оқып үйрену

Материал туралы қысқаша түсінік
Delphi программасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
715
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

DrawObject4

Түркістан облысы

Кентау қаласы

10 жалпы орта мектебі








Delphi программасын оқып үйрену








Информатика пәні мұғалімі: Ж. Ширинбекова









2020-2021 оқу жылы

Тақырыптық күнтізбелік жоспар


Сабақ тақырыбы

Сағат

Мерзімі

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

2


Delphi бағдарламасы курсына кіріспе: Delphi 7 бағдарламасын пайдалана отырып, «Нотариат» пәніне арналған электронды көмекші құрал

2


Технологиялық бөлім. Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі

2


Бағдарламаның құрлымы

2


Бағдарлама интерфейсі

2


Жобалау бөлімі. Delphi бағдарламалау тілінің қысқаша сипаттамасы

2


Объекті бағытталған бағдарламалау

2


Delphi бағдарламалау тілі

2


Компонент қасиеттері

2


Embarcadero RAD Studio XE3

2


Компоненттердің сипаттамалары

2


Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері

2


Adobe Photoshop

1


Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері

2


Мәтінмен жұмыс істеу

1


HTML тэгтер тобы

1


Экономикалық бөлім. Әзірлеу мен енгізу шығындары есебі

2


Еңбекті қорғау бойынша жалпы қағидалар мен заңдар


1


Сынақ жұмысы

1


Қорытынды

1







Кіріспе


Қазіргі кезде білім беруді автоматтандыру процесінің жүргізілуіне байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі –электронды оқулықтар дайындау болып отыр. Ал оларды оқыту процесіне қолдану сапалы білім берудің бірден-бір құралы болып табылады. Осыған орай мен дипломдық жұмысымда Delphi 7 бағдарламасын пайдалана отырып, «Нотариат» пәніне арналған электронды көмекші құрал жасап шығаруды мақсат етіп қойдым.

Есептеу техникасы даму процесі нәтижесінде олар адам қызметінің барлық аймағында қолданудың сапалық жаңа кезеңіне келіп жетті. Бұл кезең жаңа ақпараттық технология түсінігімен сипатталады және ол есептеуіш техника құралдарын ақпаратты сақтау мен өңдеуге қолдану қажеттігін көрсетеді.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің барлық жақтарынан дер кезінде және толық мәлімет алып отыруға, шаруашылықты өркендетуге, ғылыми - техникалық прогрессті жеделдетуге, білім беру мазмұнын ізгілендіруге мүмкіндік беретін ақпараттандырудың маңыздылығымен ерекшеленеді. Ақпараттандыру үрдісінің әсерімен жаңа қоғамдық құрылым калыптасуда. Қоғамды ақпараттандырудың маңызды бағыттарының бірі - білім беру ісін ақпараттандыру, яғни білім беру процесі - ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан - жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты. Сондықтан бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғарғы оқу орындарында қолданылады. Электронды оқулық, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жүмыстар, автоматтандырылған тестілеу - бұларды оқытушылар, тіпті болашақ мұғалім - бүгінгі студенттердің дайындай білгені жөн.

  1. Орындалатын жұмыстың мақсаты


Жұмыс бірнеше бөлімдерге бөлінген. Әр бөлімнің өзіндік түсініктері қарастырылған.

  • Borland Delphi бағдарламалау ортасында құрылған, ғылыми және тоериялық тұрғыда негіздеп, оның практикада пайдаланудың тиімділігін көрсету және Delphi программасы курсын үйрету, қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру.


- Кіріспе;

  • Техникалық бөлім;

  • Жобалау;

  • Экономикалық бөлім;

  • Тезникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс шаралар қауіпсіздігі.

Олар:

«Кіріспе» бөлімінде есептеу техникасының даму процесі көрсетілгені туралы қысқаша мағлұмат көрсетілген.

«Технологиялық» бөлімінде негізгі электрондық оқулықпен танысу. Оқулықтың қыр сыры осы бөлімде қарастырылады.

«Жобалау» бөлімінде электрондық оқулықты жасау барысында қолданған бағдарламалар туралы қысқаша мағлұматтар.

«Экономикалық» бөлімінде электрондық оқулықты енгізуге және өңдеуге кеткен шығын есептелді.

«Техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар кауіпсіздік» бөлімінде негізгі қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау туралы ережелер қарастырылды.


  1. ТЕХНОЛОГЯЛЫҚ БӨЛІМ


DELPHI – бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.

Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену , түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым , әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған.Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері , сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.

Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB –парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.

Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды.Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды.Delphi – де шамамен 200 – ге жуық дайын компоненттер бар.

Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді.

DELPHI – бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.

Delphi 7 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 7 ерекшелігі: көптеген Delphi 7-да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.

Delphi қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.

Delphi XE3 ортасында құрылған программа Windows-қосымшасы болады. Ол проект файлынан және бір немесе бірнеше модульдерден тұрады.

Проект файлы (кеңейтілуі .dpr) – Object Pascal тілінде жазылған проектінің басқару программасы. Оның көлемі өте аз (бірнеше жолдан тұрады), Delphi оны автоматты түрде құрады және ол проектінің негізгі формасын іске қосады. Оны өңдеуге болмайды.

    1. Бағдарламаның құрлымы



DrawObject1
































    1. Бағдарлама интерфейсі

Бағдарламаның бастапқы көрінісі. Бұл көрініс көптеген интерфейстер негізінде жасалған. Embercadero RAD Studio XE 2 бағдарламасының көптеген ынғайлы компоненттері негізінде жасалған. Бұл бағдарламаның алғашқы бетінен біз TadvSmoothSlideShow компоненті негізінде жасалған түстердің сан алуандығын көре аламыз.


2.2.1 сурет Бағдарламаның бастапқы көрінісі


Сондай- ақ, 3 батырма осы біздің Электронды оқулығымызға сеп болатын батырмалар. Олар арқылы келесі бетке өте аламыз, қалаған батырманы таңдай аламыз. Студенттер мен мұғалімдерге ынғайлы етіп жасалған бұл электронды кітаптың мүмкіндіктері мол.

Бағдарламанын негізгі мәзірі

  • Дәрістер

  • Видеотека

  • Автор жайлы

  • Галерея

  • Бағдарлама туралы


Негізгі терезе:

2.2.2 сурет Басты терезе

Дельфи бағдарламалау ортасында жасалған бағдарламанын негізгі терезесі осы басты терезе. Мұнда тақырып пен келесі бөлімдердің түймешіктері көрсетілген. Әр бетке өту үшін арнайы кодтар жазылды.


Оқулық:

2.2.3 .сурет Дәрістер терезесі

Дәрістер терезесінде «Нотариат» пәнінен барлық лекциялар, жалпы ережелер және пәнге қатысты сұрақтар берілген. Сондай ақ, арнайы түйме сол беттен артқы бетке оралу үшін орналасқан.


2.2.4 .сурет Оқулық терезесіндегі дәрістердің ашылуы

Оқулық бөлімінде қосымша компонеттер пайдаланылды. Эффектісі бар FAQ interaction пайдаланылды. Бұл компонент пайдаланушыға шынайы кітап оқып отырғандай әсер туғызады. Және баағдарламаның орындалу барысында жады дампын тудырмауға көмектеседі. Пайдаланушы кітап оқу кезінде мейлінше ыңғайлы болу үшін қосымша баптаулар орналастырылған, олар бет көлемін үлкейту және кішірейту және экрандық лупа бар.

Кітап беттерін ауыстыру үшін басқару тақташасын немесе пернетақтадағы келесі батырмаларды пайдалануға болады:

  • PG UP – бір бет кері;

  • PG DN – келесі бет;

  • HOME – бастапқы бет;

  • END – соңғыы бет;

  • DrawObject2келесі бет;

  • DrawObject3кері;







Видео:

2.2.5 .сурет Видео терезесі

Видео терезесі. Мұнда 3 видео түймелері орналасқан. Бейнебаяндамада бөлімінде осы салаға байланысты видеосабақтар қарастырылған.

Автор жайлы:

2.2.6 сурет Автор туралы терезесі

Автор терезесінде аты жөні және электронды парақшамның сайтына кіруге арналған компонент орналасқан.


Галерея:

2.2.7 сурет. Галерея терезесі

AdVSmoothSlideDown компоненті суреттермен слайд-шоу жасауға таптырмайтын батырма. Сол батырма арқылы суреттерді өздігінен жылжитындай етуге де мүмкіндік болды.

Бағдарлама туралы:

2.2.8 сурет. Галерея терезесі

Delphi объектілі бағытталған бағдарламалау ортасында жасалған туралы ақпаратты көруге болады. Сондай ақ, SpeedButton компоненті арқылы icon суреттерін қойдым.

3. Жобалау бөлімі

3.1 Delphi бағдарламалау тілінің қысқаша сипаттамасы

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!