Тақырып: Дос болайық, бәріміз!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырып: Дос болайық, бәріміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалiм:Хасенова Е. М.

Мектеп: Астана қаласы №32 мектеп-гимназиясы

Тақырып: Дос болайық, бәріміз!

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: батылдық,достық, жанашырлық

Сынып : 3 Оқушылар саны:21



Сабақ мақсаты:

Дұрыс әрекет құндылығын негізге ала отырып батылдық,достық, жанашырлық қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1. Достық көмек туралы түсінік беру;

2.Өзара достық қарым-қатынасын дамыту;

3.Бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

Достық өлкесінің заңы.

М.Шаханов үнтаспа,сыйлық суреттер,жағдаяттар жазылған қимақағаздар,музыка


Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi.

1.Тыныштық сәтi.

«Достық аралына» саяхат

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз «Достық аралына» дем алуға барамыз. Елестетіңіз, 52 кабинеттен шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Біз теңізге қарай келе жатырмыз. Теңіз жағалауында бізді үлкен кеме тосып тұр. Бәріміз кемеге ыңғайланып отырып«Достық аралына» жүзіп барамыз.Таза ауамен терең-терең тыныс аламыз.Қоңыр салқын самал бетімізді желпіп өткендей.Су сыбдырлары, толқын тербелісі бізді ерекше жақсы сезімге бөлейді.Біз ойша бір-біріміздің қолымыздан ұстап,бірге екендігімізге мақтанып қоямыз.Міне, теңіз ортасына да жеттік. Бізді әрі қарай «Достық аралына» жеткізуге көмекке дельфин келді.Дельфин бізді «Достық аралына» жеткізді. Аралда «Достық туы»желбіреп тұр.Тудың жанында тұрған таңбалы тасқа бәріміздің армандап жүрген бір тілегімізді жаза алатынымызға қуанып, ризашылығымызды білдіріп,мен бақыттымын,менің достарым көп, менің жан дүнием тыныш.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, гимназяға қарай аяңдаймыз. 52 кабинетке келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

2.Үй тапсырмасын тексеру

14«Ұл мен қыз достығы» 7 сөйлемнен құралған эссені тексеру.

Сабақ барысын талдау:

3.Дәйексөз.

Жақсы дос- өзін сөзбен емес, іспен көрсетер.

Халық мақалы

3.1.Дәйексөзді оқып, жаттау.

3.2. Дәйексөзді жатқа жазу.

3.3.Дәйексөздің мағынасын ашу.

- Досыңның қандай іс-әрекетіне қарап жақсы дос деп айтуға болады?



4. Мұғалім сыйлығы

Достық өлкесінің заңы. Мұхтар Шаханов

Алдымызда қанша сауал тосылды,
Өмір бізді ерте үйірді биіне.
Сәби кезім.
Бірге ойнайтын досымды
Ертіп бардым нағашымның үйіне.
Сәбилік шақ!
Сүттей аппақ кезең бұл,
Аңғал, бейқам балбұлақтай сыңғырлы.
Досым "киіп көремін" деп әжемнің
Аңдаусызда көз әйнегін сындырды.
Енді қайттік, амал-айла азайып,
Құтылуға өткел іздеп тарықтық.
Досым менің ұяң еді ғажайып,
Әжем өте қатал еді, жарықтық.
- Бала мұнша бола ма екен мазасыз,
Қане, қайсың көзәйнекті сындырған? –
-деді әжеміз, - қалдырмаймын жазасыз,
Сындырған кім?
Алдыма кеп тұр жылдам
Енді қайттік, кім ұсынбақ көмегін?
Бұл қырсықтан құтқармақ боп досымды:
- Мен сындырдым, кешіріңіз... мен едім..
Дедім үнсіз төмен салып басымды.
Бір ерекше дүлей мінез тосып ек,
Шіркін, адам табиғаты-ай сан қырлы.
Қанша ашулы болғанымен осы рет
Әжем мені жазалаусыз қалдырды.
Лезде кайта көтеріліп еңсеміз,
Көңіліміздің айдынынан күн күлді.
Сол сәтте інім сыбыр етті:
"Сенбеңіз,
Көзәйнекті қонақ бала сындырды".
Әжем кенет ашу буып күйгелек,
Ашу буып аң-таң болып қалды да:
- Жүр бері, - деп құлағымнан сүйрелеп
Ертіп барды нағашымның алдына.
"Қой, бәйбіше, дау тудырма бекерге,-
Деп нағашым әңгімесін жалғады, -
Айып па екен, өзін беріп қатерге,
Ер жігіттің досын қорғап қалғаны.
Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!"




Сұрақтар:

1.Өлең не туралы?

2.Досы қандай әрекет жасады?

3. Бұл әректті қалай түсіндірер едің?

4. Досыңа көмекті, қамқорлықты қалай жасар едің ?


5.Шығармашылық жұмыс.Топтық жұмыс

5.1.Топқа бөлу

Топтарды суреттер арқылы бөлу.

Жұлдыздың суреті-Батылдар тобы,жүректің суреті-Жанашырлар тобы,достық белгісі-Достық тобы,көгершіннің суреті-Татулық тобы

5.2.Тапсырма

1-Достық тобы: Жағдаят шешу.

1-жағдаят: 3-сыныпта үздік оқитын, әдемі Әсем деген қыз болыпты.Ол оқудағы жетістігіне, әдемілігіне масаттанып,сыныптағы оқушылармен қатынаспапты.Оқушылар оны қанша достыққа шақырса да, тәкаппар Әсем әрқашан олармен араласудан бас тартыпты.

-Әсемнің мінезін сипаттап беріңдер.

-Балалардың іс-әрекетінен достықтың қандай ережесін шығарар едіңдер?

2-Татулық тобы: Жағдаят шешу.

2-жағдаят: Бір күні Әсемді дәлізде үлкен сыныптың оқушысы соғып кетті.Әсем еденге құлады.Оның аяғы қатты соғылып,жылағаннан беті беті қызарып кетті.Осыны көрген оқушылар Әсемді аяды. Болат оны тұрғызды.Алма оның бетін сүртіп, басынан сипап жұбатты.Екі бала қолтықтап дәрігерге баруға көмектесті.

-Көмекке келген оқушылар туралы не айтасыңдар?

--Балалардың іс-әрекетінен достықтың қандай ережесін шығарар едіңдер?

3-Батылдар тобы: Коллаж жасау. Досыма сыйлық

Сыйлық суреттері беріледі.

-Ұл бала мен қыз балаға арналған сыйлықтарды таңдау ерекшеліктеріне тоқталып, айтып беріңдер.

4-Жанашырлар тобы: 5жолды өлең құрастыру.Достық

Тапсырмаларды қорғау. Қортындылау


6.Үй тапсырмасы.

Сен күштісің.Ө. Тұрманжанов өлеңін мәнерлеп оқу,1- сұраққа жазбаша жауап беру.

16-сабақ

Достық туралы 5 мақал жаттау


7.Топпен ән айту

Дос болайық , бәріміз!

Сөзі: Х. Талғаров

Әні: И. Нүсіпбаев


Әрқашан дос , біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қ-сы

Дос боламызбәріміз

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.


Қайраттанып құрышта,

Озып шыққан жарыста,

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік , алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған



  • Соңғы тыныштық сәтi.

(Ақырын баяу әуен қосу)

Көзімізді жұмып,еркін жайғасайық.

Енді,бүгінгі өткен сабағымыздан нені үйрендік, не білдік сол жөнінде ойланып,достық ережелерін ішімізден қайталап айтайық.Досыңды ренжітпе.Әрдайым тату бол.Досыңның басына іс түскенде көмектес.Досыңа жиі қошемет көрсет.Адал да, шынайы дос бол!

Осы ережелерді жүрегімізден өткізіп,көкейімізге түйіп алайық.

Жайлап көздеріңізді ашуға болады.Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
516
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі