Оқу
бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
1.1.5.2 сөйлеу
барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау,
ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.2.1.2* оқу түрлерін
(буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу)
қолдану;
1.2.5.1* мұғалімнің
қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою,
сұраққа жауап беру;
1.3.6.1
жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын
сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем
жазу
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Сөйлеу барысында да
дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтайды, ойды
ым-ишара, қимыл арқылы жеткізеді. Буындап тұтас түсініп оқиды
оқиды. Мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексереді, қатені
түзетеді. Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі
сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен
байланысын көркем жазады.
Сөз,
сөйлем, мәтінді тексереді. Қатені түзетеді. Тұтас оқиды және
мазмұнын түсіндіре алады.
|
Сабақтың
басы
(1–7
мин)
|
(Ұ) Ұйымдастыру
кезеңі:
-
Сәлемдесу.
-
Оқушыларды
түгендеу.
Психологиялық ахуал
орнату.
– Балалар, бір-біріміздің
қолымыздан ұстап,
алақан арқылы жүректің
жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай
қуаныш!
Сабақтың күтілетін
нәтижесімен таныстыру:– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша
әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа
үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге
дыбыстық талдау жасайсыңдар. «К» дыбысының айтылу ерекшелігін
білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға
ажыратасыңдар.
«К к»
дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар. «К к» әрпін көркем
жазып үйренесіңдер.
|
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның
баласындай.
|
Қолдау
|
|
Білу.
Түсіну
Сабақтың
ортасы
(26
мин)
Талдау
Жинақтау
|
1-критерий. Сюжет
бойынша әңгіме құрайды.
Сурет бойынша әңгіме
құрау.
-
Әңгімені сөйлемдерге
талдау. Сөйлем санын анықтау.
-
Бір сөйлемді сөздерге
талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
-
Өтілетін жаңа дыбысы
бар «кеме» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
-
Сөзді буынға бөліп,
жаңа дыбыстың орнын анықтау.
-
«К» дыбысының айтылу
ерекшелігімен танысу.
-
«К» дыбысының таңбасы –
оның әрпімен танысу.
Дескриптор
-
берілген
сөйлемдерді сөздерге талдайды.
- сөздерге дыбыстық
талдау жасайды.
2-критерий.
Оқулықтағы сөздерді оқиды.
Оқылым.
-
Оқулықтың 56-бетінде
берілген сөздер мен мәтінді (мақалды) мұғалімнің оқушылармен бірге
буындап, тұтас оқуы.
-
«К» дыбысының сөз
алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына
мүмкіндік жасау.
-
Сөз мағынасымен жұмысты
берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (кесе – кезек), сөз
ортасына (ескек – екеу), сөз алдына (кеме – керек) тиісті дыбысты
қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.
-
Сөздікпен жұмыс
ұйымдастыру.
Мақалды түсініп оқып,
беретін мәнін айту.
Дескриптор
-мәтінді
буындап,
тұтас оқиды
- - мәтіннің мәнін
айтады.
Сергіту
сәті
3-критерий.
Каллиграфиялық талаптарға сай жазады. Жазылым
-
Оқулықтағы «К» әрпінің
таңбалануына назар аудару.
-
«К» әрпін тақтаға жазып
көрсету.
-
«К» әрпін ауада жазып
көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты
ұйымдастыру.
Дескриптор
-әріпті көркем
жазады
-сөздерге дыбыстық
талдау жасайды.
Бекіту және
саралау
Ребусты
шешпес бұрын оқушылардан мойны ең ұзын жануар туралы білетіндерін
сұрау.
|
Күтілетін нәтижені
мұқият тыңдайды.
-
Оқушылар сюжетті сурет
бойынша әңгіме құрайды: «Анау – кеме. Кеме үлкен. Кемемен адамдарды
және жүк тасиды».
-
Әңгімені сөйлемдерге
талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады?
(3).
-
Осы сөйлемдердің
ішіндегі бір сөйлемді (Анау – кеме) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде
2 сөз бар.
-
Өтілетін жаңа дыбысы
бар «кеме» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «ке-ме» деп
буынға бөледі.
-
«ке» бірінші буынындағы
«к» дыбысын созып айтып, «к» дыбысын анық естиді.
-
«К» дыбысының айтылу
ерекшелігімен танысады.
-
Әр буындағы дыбыстарды
тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға
қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
-
Буындарды жеке тұтас
сөздегі айтылуымен оқиды.
-
Әрбір дыбысты естіп,
әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
-
Оқушылар жазу
дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу
арқылы «К» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер
мен сөйлемдерді жазады.
Ребустың
шешуін табады. Керік туралы әңгімелейді.
|
Қолдау
Қолдауды қажет ететін
оқушыларға көмек беру.
Оқушыларға әріпті
жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
|
Суреттер,
оқулық
Сызба
|