жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырып: Көліктің қауіпсіздік ережелері
Қысқа мерзімді жоспар
|
Сабақ Қазақ тілі |
|
|
|||||||||
|
Күні |
Мұғалімнің аты – жөні |
|
|||||||||
|
Сынып 1 Тақырып: Көліктің қауіпсіздік ережелері |
Қатысқандар |
Қатыспағандар |
|
||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асыратын оқу мақсаттары |
1.3.3.1.Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажырату 1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерді тауып алу 1.4.1.1. Берілген суретке зат қатысты сипаттау сөздерін жазу 1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескере отырып, сөздерді дұрыс жазу 1.5.2.2. Мұғалімнің көмегімен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтау және жазу. |
|
|||||||||
|
Бағалау критерийлері |
1.Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажыратады 1. Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерді тауып алады 1. Берілген суретке зат қатысты сипаттау сөздерін жазады 1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескере отырып, сөздерді дұрыс жазады 2. Мұғалімнің көмегімен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтау және жазады. |
|
|||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: 1.Суреттермен жұмыс істей алады. 2.Берілген сұрақтарға жауап береді. 3 |
|
|||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 1.Өз ойларын жеткізе алады. 2.Берілген суретке қатысты сипаттама сөздерін жазады |
|
||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: 1.Ребусты шеше алады. 2.Сабақта қолданылған барлық әдістермен жұмыс жасай алады. |
|
||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: 1.Сабақта не түсінгендерін айта алады. 2. Төртінші артықты таба алады. 2.Өтілген тақырып жайында өз пікірін білдіреді. |
|
|||||||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Бағдаршам – светофор – traffic light, көлік – машина – a car,жол – дорога – road |
|
||||||||||
|
Диалог құруға\шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Жаяу адамдар, жол қиылыстары, көліктегі жолаушы. |
|
||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар 1.Бағдаршам дегеніміз не? 2. Бағдаршамның неше түрі бар? |
|
||||||||||
|
Не себепті ...........деп ойлайсыз? Оқушылардың өз ойларын айтуға үйрете отырып, өтілетін тақырып бойынша қаншалықты хабардар екенін білу. Қосымша ақпараттар беру. |
|
||||||||||
|
|
|
||||||||||
|
Алдыңғы оқу. |
Отбасында, балабакшада |
|
|||||||||
|
Жоспар |
|
||||||||||
|
Жасалған уақыты |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Стратегиялар мен жұмыстың жүргізілуі |
Ресурстар |
|
|||||||
|
Басы 5мин 2мин 7мин |
Ұйымдастырушылық кезеңі 1.Сәлемдесу 2.Шаттық шеңберін құру. Қол алысып қана біз, Достасайық бәріміз. Қайырлы күн жер Ана! Қайырлы күн достарым. |
Шаттық шеңбері |
|
|
|||||||
|
Топқа бөлу Көлік сүреттерін пайдалана отырып топты 4-ке бөлемін 1. Жер көліктері (машина) 2. Әуе көліктері (ұшақ) |
Топтарға біріктіру |
Сурет Тер |
|
||||||||
|
Үй тапсырмасы Көліктер жайында өлең жаттап келу. Көлікке байланысты пойыз терезелеріндегі сұрақтарға жауап беріңіздер. 1. Көлік не үшін керек? 2. Көліктің түрлерін айтыңыз? |
Білім бұтағы (сұрақ-жауап). Топтық Жұмыс |
Сурет тер |
|
||||||||
|
10мин 7 мин |
Жаңа сабақ Әр топ өз топтарыңыздың атауына сай көліктердің суретін салыңыздар. Мәтінмен жұмыс Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Оның себебі көптеген жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер көлік қауіпсіздік ережелерін сақтамауында. Көлік қауіпсіздік ережелері – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін заң. Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көлік ережелері енгізілген. Бұл ережені жүргізушілерде, жаяу жүргіншілерде бұлжытпай орындауы керек. Қаламыздың көп көшелерінде бағдаршам орнатылған. Бағдаршам жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жүргізушілерді және жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Бағдаршамның үш көзі болады: қызыл, сары, жасыл. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар ақ жолақтармен өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. - Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Осылайша бағдаршам жолдан өту тәртібін реттейді.
|
Суреттерді көру Топта ойласып, жауап береді |
Сурет- тер |
||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Дескриптор |
|
|||||||||
|
1. Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерді табады. 2. Мұғалімнің көмегімен суреттерді ажыратады.
|
- Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды таба алады - Мәтіннен берілген суреттерге байланысты мәтіндерді таба алады - Мұғалімнің көмегімен суреттерді ажыратады. |
|
|||||||||
|
3 минут |
2 тапсырма. Өлең, жұмбақ, ертегілерді ажыратыңыз. Арманға алда күткен асығамыз Біз қалай толқын атпай басылармыз Жол жүру ережесін жақсы біліп Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз Үш көзі бар қаз-қатар, Кезек-кезек ашады. Үшеуінен байқасам, Үш түрлі нұр шашады. (Бағдаршам) Жол бойында көңілді бағдаршам болыпты. Жолдан көптеген көңілді көліктер және адамдар өтеді екен. Олар әрқашан бағдаршамға көңіл аударады екен, өйткені ол ән айтқанды ұнатады екен. Жасыл түс жанғанда, ол жүру керек екендігі жайлы көңілді ән айтады.....
|
Миға шабуыл |
Таратпалар, смайликтер |
|
|||||||
|
Бағалау критерийлері 1. Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажыратады |
Дескриптор - өлең жолдарын мәнермен, қатесіз оқиды - жұмбақты түсініп шешімін таба алады - ертегіні тыңдайды, сұраққа не туралы екенін жауап бере алады - өлең, жұмбақ және ертегілерді салыстырып, бір-бірінен ажырата алады |
|
|||||||||
|
5 минут |
3 тапсырма. І. Суретке қарап сұраққа жауап беріңдер. ІІ. Көлік, бағдаршам сөздеріне қатысты сипаттама жазыңдар. «Жазылым кезіндегі саяхат» стратегиясы |
Миға шабуыл Суретпен жүмы арқылы жұмыс жүргізеді |
Суреттер. Смайликтер. |
|
|||||||
|
Бағалау критерийлері 1. Берілген сұраққа жауап береді. 2.Суретке қатысты сипаттау сөздерін жазады. |
Дескриптор - берілген сұраққа жауап бере алады - берілген суретке қатысты сипаттау сөздерін жаза алады |
|
|||||||||
|
Соңы |
Қорытынды сұрақ Көліктің бізге келтірер зияны қандай? Көлікте отырғанда нелерге назар аударуымыз керек? Бізге бағдаршам не үшін қажет? Үйге тапсырма Үйге көлікке байланысты мультик көріп келу, мультикті айтып беру. Өз біліміңді бағдаршам арқылы зертте. 1.Бүгін сабақта не түсінгендеріңізді стикерге жазып бағдаршамның жасыл түсіне жазыңыздар 2.Бүгінгі сабақты түсінбегендеріңізді стикерге жазып бағдаршамның сары түсіне жазыңыздар 3.Мүлдем түсінбегендеріңізді стикерге жазып бағдаршамның қызыл түсіне жазыңыздар. |
Мультик көру |
|
||||||||
|
Қорытынды бағалау 1.Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
Суреттер бойынша сипаттама беруі. 2.Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді. (оқыту мен оқуға қатысты) Суретттерді салғызып, өз ойларын көркемсөз арқылы жеткізу. 3.Осы сабақтың барысында барлық сынын немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым. Жекелеген оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуіне және сыныптастарымен топта бірлесе отырып қызу жұмыс істеуіне мүмкіндік беру үшін алдымен жеке ойланатын, кейін жұптаса ойланатын, кейін топтаса отырып пікір бөлісетін тапсырма әзірлеу, ЖАДА қалыптастыру. |
|
||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген