Тақырып: Менің талпыныстарым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырып: Менің талпыныстарым

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары. 5 сынып өзін-өзі тану. Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Сенім, табандылық, мақсатқа жете білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Мичурин жалпы білім беретін мектебі

Мерзiм: 24.09.2021

4 сабақ

Тақырып: Менің талпыныстарым

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Сенім, табандылық, мақсатқа жете білу.

Мұғалiм: Сартаева Алуа Олеговна Сынып: 5

Сабақ мақсаты:

әр оқушының өзіндік мүмкіндіктеріне сеніп, оларды қабілеттеріне орай дұрыс іс-әрекет етуі және талпыныс арқылы мақсатқа жету туралы түсініктерін тереңдету.

Міндеттері:

  • Адам бойындағы күш-жігері мен қабілеттеріне сенім білдіру туралы

түсініктерін тереңдету;

  • Әр оқушының өз мүмкіндігіне сенуіне, табандылық қасиеттерін дамытуына ықпал ету;

  • Өз бойларындағы мүмкіндіктерін бағалай білуге және дұрыс іс-

әрекет ету арқылы мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

Ресурстар



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.    Нұрға бөлену

  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сұрақ:

Қандай сезімді бастан кешірдіңдер?

Баяу музыка

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы: «Мен қандай адам болғым келеді?» сұрақтарға жауап беру

Оқушылардың «Менің қалауым не? Мен нені жақсы көремін?

Мені не қызықтырады ? Сұрақтарына жазған жауаптарын оқыту


  1. Дәйексөз.

  2. «Ізденген жетер-мұратқа». Халық нақылы

  3. Сұрақтар:

  4. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Әңгімелеу. «Бүркіттің досы-сұңқар»

Құстарға ерекше қасиеттері қалай көмектеседі?

Жақсы адам болу үшін қандай қасиеттеріңді дамытар едің?

 Оқулық

17 бет

Шығармашылық жұмыс

5-тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып өлеңді оқыңдар.

Оқулық, 16 бет

Жоба күнделігін толтыру.

Менің қандай қабілеттерім бар?

Мен достаса аламын ба?

Мен достарыммен бірге не істегенді ұнатамын?

Жұмыс дәптері

1 оқушыға оқыту

Адам алдына мақсат қоя білуі керек. Мақсаты айқын адам оған қол жеткізуге талпынады. Мақсатқа жетуге талпыныс-адамды сенімді, жігерлі, күшті етеді.

«Жаңаны білеміз» айдары

Топпен ән айту Өлеңі: Н.Баймұхамедов

Әні: Б.Байқадамов

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында

Кемерінен шалықтап,

Асып шатқан шағында

Ойын ойнап, ән салмай

Өсер бала болар ма

Күміс күлкі көрмей ол

Кемеліне толар ма.

Қ-сы:

Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп.


Асыл сөздің ұстасы-

Ақын болар ұрпақпыз

Өнер, білім, еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз,

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп


Үй тапсырмасы

«Қожа Ахмет Йассауи» Аңызды оқу.

 Оқулық, 20 бет

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.Баяу әуен қойылады.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2021
558
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі