Тақырыптық оқу-іс әрекеті: «Тәуелсіз Қазақстан»
Мақсаты:Балаларға Тәуелсіздік күні жөнінде түсінік беру. Мемлекеттік рәміздерді
тануға үйрету. Ұсақ моторика, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері:
1. Амандасу:
Тәрбиеші:Балалар, барлығымыз бір-бірімізге қарап, сыпайы түрде амандасып
алайық.
«Сәлеметсіздер ме, балалар!»
Балалар: «Сәлеметсіз бе, апай!»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны.
Қысқа жылы әңгімелесу:
Тәрбиеші: Балалар көңіл-күйлеріңіз қалай?
Балалар:Күшті, керемет.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізге дайынбыз ба?
Балалар:Ия, дайынбыз.
2. Шаттық шеңбері:
Балалар қол ұстасып шеңберге тұрады. Тәрбиеші оқуымен бірге балалар қимыл жасап айтады:
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, Қазақстан,
3. Түсіндірме жұмысы:
Балалар , біздің еліміз-Қазақстан деп аталады. 16 желтоқсан- еліміздің туған күнін, Тәуелсіздік деп атаймыз. Тәуелсіздік күні-ліміздің үлкен мерекесі. Тәуелсіздік деген – өзіміздің ережемізбен өмір сүріп, өз тілімізді, өзіміздің жеріміз, дәстүрімізді, әнімізді, туымызды сақтап, өз бетімізше өмір сүру. Қазақстан – біздің Отанымыз.
Мемлекеттік рәміздермен таныстыру:
1. Ту:
– Көк түсті.
– Ортасында Күн мен Қыран.
– Ол – бейбітшілік пен ашық аспан белгісі.
2. Елтаңба:
– Ортада шаңырақ.
– Екі жағында тұлпар.
– Жоғарысында жұлдыз.
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: Біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар:Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Елордамыз қай қала?
Балалар:Астана қаласы.
Тәрбиеші:Біздің президентіміз кім?
Балалар:Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тәрбиеші:Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін атаңыз?
Балалар:Ту, елтаңба және әнұран.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңіздер. Келесі
4. Тақпақтар:
1-бала:Абдул-Хафиз.
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барған күн.
2-бала:Тілекші.
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік- ұлық той.
5. Дидактикалық ойын: «Рәміздерді құрастыр»
Мақсаты: рәміздерді бөліктері құрастыру, топтық жұмыс. Балалар екі топқа бөлінеді:
1-топ: «Ту» құрастырады.
Үстелде дайын элементтер: Көк фон, күн, қыран, өрнек. Балалар оларды дайын макетке жапсырады.
2-топ: «Елтаңба» құрастырады.Элементтері:Шаңырақ, екі пырақты ат, жұлдыз, өрнек. Балалар дайын макетке бөліктерді орындарына жапсырады.
Тәрбиеші бағыт береді:
– Қай бөлік қай жерге қойылады?
– Кім көмектеседі?
Зерттеу, салыстыру, есте сақтау іске қосылады.
6. Ән: «Отаным – Қазақстан».
7. Сергіту сәті: «Бәріміз бір шаңырақ астында»
Мақсаты: қимыл-қозғалысты арттыру.
Қимылдармен өлең:
Шаңырақтай биікпіз,
Қолымызды көтереміз! (қол жоғары)
Керегедей кең болайық,
Жайылып біз айналайық! (айналу)
Уық болып түзу тұрып,
Жоғарыға созылайық! (созылу)
Балалар шаттанып орындайды.
8. Шығармашылық жұмыс: «Торсық».
Фетден жасалған торсықты тесіктері арқылы бау өткізу әдісімен біріктіру.
Бұл әдіс дамытады:
✓ саусақ моторикасын;
✓ шыдамдылық;
✓ қол-жұмыс үйлесімділігі;
Тәрбиеші әр балаға көмек көрсетеді.
9. Мадақтау:
– Жарайсыңдар, балалар!
– Бүгін бәрің өте белсенді болдыңдар!
– Тамаша рәміздер құрастырдыңдар, торсықты жасадыңдар!
– Әрқайсың – кішкентай патриотсыңдар!
10. Қорытындылау:
Қысқа сұрақтар:
– Бүгін қандай мереке туралы білдік?
– Қазақстанның Республикасының рәміздерін атаңыз?
Осымен, бүгінгі тақырыптық оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
– Біздің еліміз – Тәуелсіз Қазақстан. Оны құрметтеп, жақсы көру – әр баланың міндеті!
Маңғыстау облысының білім басқармасының «№1 арнайы балабақшасы»КММ
Бекітемін:
№1 АБ директоры
Сырымбаева Н.Е_____
«___»_______2025 жыл
Тақырыптық оқу іс-әрекеті:
«Тәуелсіз Қазақстан»
№4 ересек топ тәрбиешісі:Оразова Ф
Сурет маманы:Эскуатова Ж
2025-2026 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз