Тақырыптық оқу қызметі "Бауырсақ"ертегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыптық оқу қызметі "Бауырсақ"ертегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауырсақ ертегі желісімен балалардың білімдерін бекіту.Сөздік қорларын,логикалық ойларын жетілдіру.Сұрақтар қою арқылы толық жауап айта білуге дағдыландыру.Өз ойын жеткізе білу,тапсырманы толық орындау,аяғына дейін орындау қабілетін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы:»Таным» «Қатынас»

Бөлімі:Сенсорика ,Сөйлеуді дамыту.Құрастыру.

Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі

Мақсаты:Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлері туралы қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.Негізгі төрт түстерді ажырату,үй жануарлары мен олардың төлдерін атау,заттарды салыстыру,геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту.
Жанашырлық сезімге қиындық туған кезде бір біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер.Бауырсақ ертегісі бойынша слайд,үй жануарлары,төрт түсті доптар мен шелектер,үлкен кіші сәбіздер мен себеттер,геометриялық пішіндер.

Кейіпкер:Әже.

Балалар, бүгін ерекше күн, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Ал келіңдер шеңберге кеп тұрайық

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Қонақтарды құрметтеп

Иіліп сәлем береміз.

Балалар ,біреу бізге келе жатқан сияқты,байқап қарайықшы кім екен.

Бізге әже келе жатыр.

Сәлеметсіз бе әже, балалар әжемен амандасайық (балалар амандасады)

Әже :сәлеметсіңдер ме,балалар мен аталарыңа бауырсақ пісіріп қойып едім,бауырсағымды жоғалтып алдым.(әже жылайды)орманда адасып кетті ме қалай тауып аламын.

Балалар әжеге көмектесіп бауырсағын тауып береміз бе?(балалар жауабы)

Әже біз сізге бауырсақты тауып береміз.

Балалар бауырсақ орманға домалап кеткен екен бізде оның артынан барып тауып алайық.

Релаксация :

Орманға жету үшін ортаға шеңберге тұрайық көзімізді жұмайық айналайық көзімізді ашайық міне орманға да жеттік.

Балалар қараңдар бауырсақ домалап барады.(слайд бойынша)

Бауырсақтың түсі қандай? (Балалар жауабы сары)

Пішіні қандай? (домалақ)

Неге ұқсайды? (күнге,допқа,алмаға)

Бауырсаққа қоян жолығыпты.

Қоян:Бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ қоян мені жеме мен саған ән айтып беремін.

Қоян: ал айта ғой.

Бауырсақ:Мені ұннан иледі,мені майға пісірді терезенің алдына суытуға қойды.

Терезеден секіріп,орманға қарай домалап кеттім,атадан да құтылдым,әжеденде құтылдым.

Қоян сенен құтылу қиын емес оп оңай

Қоян: жоқ тоқтаааа.

Балалар бауырсақты қояннан құтқарайық,қоян бауырсақты қоя берші.

Қоян:Алдымен сендер менің тапсырмамды орындасаңдар ғана босатамын.

Мен сәбіздерімді шашып алдым,тезірек маған жинап берсеңдер,бауырсақты жіберемін

Балаллар,қараңдаршы сәбіздер бірдей ме? Дұрыс айтасыңдар үлкен кіші сәбіздер.

Ал себеттер ше? Үлкен кіші.дұрыс

Үлкен сәбіздерді қандай себетке салайық?

Кіші себетке қандай сәбіздерді саламыз?Тапсырманы орындадық қояннан бауырсақты құтқардық.

Бауырсақ әрі қарай домалап кетті.

Балалар бауырсақтың алдынан не шықты? (қасқыр)

Қасқыр:Бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ:мені жеме мен саған ән айтып беремін.

Қасқыр: Ал айта ғой.

Бауырсақ:Мені ұннан иледі,мені майға пісірді терезенің алдына суытуға қойды.

Терезеден секіріп,орманға қарай домалап кеттім,атадан да құтылдым,әжеденде құтылдым.

Қояннан да құтылдым,қасқыр сенен құтылу қиын емес оп оңай.

Қасқыр:Жоқ бауырсақ тоқта.

Балалар бауырсақты қасқырдан құтқарайық.

Қасқыр:Менің тапсырмамды орындасаңдар мен бауырсақты босатамын.

Қасқыр: мына алаңқайда үй жануарлары жүр,маған соларды атап,төлдерін тауып беріңдер.

Ал ендеше қасқырдың тапсырмасын орындайық.

Ойын «Төлін тап»

(балалар үй жануарларын атап төлдерін тауып қояды)

Тапсырманы орындадық қасқырдан құтқардық.

Бауырсақ әрі қарай домалап кетті.

Балалар бауырсақтың алдынан не шықты? (аю)

Аю: Бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ :Жоқ аю мені жеме мен саған ән айтып беремін.

Аю: ал айта ғой.

Бауырсақ:Мені ұннан иледі,мені майға пісірді терезенің алдына суытуға қойды.

Терезеден секіріп,орманға қарай домалап кеттім,атадан да құтылдым,әжеденде құтылдым.

Қояннан да құтылдым,қасқырдан да аю сенен құтылу қиын емес оп оңай.

Аю: Тоқта қоян.

Балалар қоянды аюдан құтқарайық.

Аю:Менің тапсырмамды орындасаңдар бауырсақты босатамын.

Менің үйшігімді құрастырып берсеңдер мен қоянды босатамын.

Балалар аюдың үйшігін құрастырайық.

Мынау қандай геометриялық пішін? (төртбұрыш,үшбұрыш,дөңгелек)

Үйшіктің қабырғасын қандай пішіннен құраймыз? (төртбұрыш) Шатырын қандай пішіннен құрастырамыз (үшбқрыш) Есігін ше?(дөңгелектен)

Міне балалар аюдан бауырсақты құтқардық

Бауырсақ әрі қарай домалап кетті.

Балалар денемізді сергітіп алайық

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз

Қалтамызға саламыз

Алдынан не шықты? (түлкі)

Түлкі :Бауырсақ қандай дәмдісің иісің қандай,мен сені жеймін.

Бауырсақ мені жеме мен саған ән айтып беремін.

Түлкі: Әніңді айта ғой.

Бауырсақ:Мені ұннан иледі,мені майға пісірді терезенің алдына суытуға қойды.

Терезеден секіріп,орманға қарай домалап кеттім,атадан да құтылдым,әжеденде құтылдым.

Қояннан да құтылдым,қасқырдан да аюдан да құтылдым түлкі сенен құтылу қиын емес оп оңай.

Түлкі: Тоқтай тұр бауырсақ.

Балалар бауырсақты тезірек түлкіден құтқарайық.

Түлкі:Менің тапсырмамды орындасаңдар ғана бауырсақты жіберемін.

Менің балаларым түрлі түсті доптармен ойнағанды ұнатады.Бірақ доптарды шашып тастапты ,мында түрлі түсті шелектерім бар,доптарды түстеріне қарай шелекке салып жинау керек.

Түлкінің тапсырмасын орындайық.

Доптардың түстері қандай? (қызыл,көк,сары,жасыл)дүрыс айтасыңдар.

Шелектердің түстері қандай? (қызыл,сары,жасыл,көк)

Ендеше балалар доптарды түсіне қарай шелектерге салыңдар.

Түлкі:Рахмет сендерге мен бауырсақты босатамын.

Балалар бауырсақты әжеге алып барайық.

Келіңдер шеңберге көзімізді жұмып айналамыз,көзімізді ашамыз тобымызға келдік.

Әже : Балалар сендерге көп рахмет бауырсақты тауып бердіңдер менің де сендерге сыйлығым бар.

Әже қорапша береді ішінде кәмпит.

Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Бауырсақты кім пісірді?Бауырсақ қайда домалап кетті?

Бауырсақ нелерге жолықты?Сендер қандай тапсырмаларды орындадыңдар?

Балалар сендер керемет жақсы әрі тапсырмаларды орындадыңдар.

Қонақтармен қоштасайық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2022
563
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі