Материалдар / Тақырыптық оқу қызметі "Қыс келді"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыптық оқу қызметі "Қыс келді"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларды қыстың қызықты көріністерімен,белгілерімен таныстыру.Жыл мезгілдерінің құбылыстарын атай білу,сурет бойынша әңгіме құрастыра білуге жаттықтыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2022
343
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі:  Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қыс келді»

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілі туралы білім беру.

Білімділік:Қыста табиғатта болатын құбылыстар жайлы түсінігін кеңейту.

Дамытушылық:Байқампаздық қабілетін, жыл мезгілдеріне қарапайым себеп-салдар байланысын анықтау қабілетін дамыту. Жыл мезгіліне байланысты суретпен әңгіме құрастыра білуге үйрету.

Тәрбиелік:Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктерқар Ұлпақарлар,қар,қыс мезгілінің тақырыпқа сай суреттері,дидактикалық ойындар суреттері.

Билингвалды компонент: Қыс-зима, ұлпақар-снежинка,

Суретте қай жыл мезгілі?-Какое время года на картине?,қар-снег

Мотивациялық-қозғаушылық
Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жайнай түсті қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Сәтті болсын күніміз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар менің сендерге айтар жұмбағым бар,кәне тауып көріңдерші.

Жұмбақ

Шанамен зырғып желетін

Шаңғы, коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс мезгілі)

Терезеге жақындап,ұлпа қардың біреуін алып көрсетеді

-Балалар мынау не?

Балалар ;Ұлпақар

Ұлпақар-снежинка

-Ұлпақар бізге қай жыл мезгілін алып келді?

Балалар:Қыс

Қыс-зима

-Балалар қыста ауа райы қандай болады? (күн суық,қар жауады,боран ,аяз,)

-Балалар қыс қандай түсті бояуды ұнатады?

Балалар; Ақ түсті

Дұрыс айтасыңдар қыста айналаның бәрі аппақ,ағаштарды бұтақтарды,жерді де аппақ қар басқан.Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

(сырғанақ,шана,шаңғы,коньки тебеміз,аққала жасаймыз,қар лақтырып ойнаймыз)

Балалар ұлпақар жай емес сыйқырлы,қыс бізге жіберген екен ұлпақардың сендерге тапсырмалары бар ,жұмбағы бар екен шешіп көрейік.

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тонады.Бұл не?(қар)-снег

(Балаларға қарды көрсетіп)

Қардың түсі қандай?

Қар тағы қандай? (суық,жұмсақ,мамық)

Менің қолымдағы қарға қараңдаршы.

Қар еріп неге айналды?(суға)

Балалар неге қар еріп кетті (жылы жерде ериді)

Дұрыс айтасыңдар қар жылыда еріп суға айналады.


Балалар ұлпақардың сендерге тағы тапсырмалары бар.

2.Дидактикалық ойын «Жыл мезгіл»

Жыл мезгіліне қатысты суретті тор көзге тауып қой

Балалармен жекелеме жұмыс

Қандай суретті тор көз ішіне қойдың?

1.Бала Қыста балалар шана тебеді.

2. Бала Қыста балалар қар лақтырып ойнайды.

3. Бала Қыста балалар аққала соғады.

4. Бала Қыста балалар шаңғы тебеді.

5.Бала Қыста жаңа жылды қарсы аламыз

6.Бала Қыста қар жауады

Ұлпақар біздің балалар тапсырманы дұрыс орындады ма?

Ұлпақар:ия

Балалар денемізді сергітіп алайық кәне тұра қалыңдар.

Сергіту сәті:

Қар жауғанда топ бала

Соқты келіп аққала

Мұрны сәбіз үп-үшкір

Көзі көмір қап-қара


Көне шелек басында

Сыпырғышы қолында

Мұз айдынға ойнауға

Келгендей ақ ол мұнда.

Балалар ұлпақардың тағы тапсырмасы бар екен,орнымызға жайғасып отырайық

.(тақтада Қыс қызықтары»картинасы)

Балалар мына суретке қараңдаршы.

- Суретте қай жыл мезгілі?-какое время года на картине?

Балалар: Қыс-времено года зима

-Қыс екенін қалай білдіңдер?

Балалар:Дала аппақ,қар

Суреттен кімдерді көрдік? (балалар)

Балалар не істеп жүр?(сырғанақ теуіп жүр,аққала жасап,қар лақтырып ойнап жүр)

Балалар қалай киінген?(жылы қысқы киім киген)

Балалардың көңіл күйлері қандай? Көңілді ме?(көңілді)

Жеке балаларды тақтаға шығарып әңгіме құрастырылады.

Ұлпақар балалардың жауабына ризасың ба?

Балалар ұлпақар сендердің жауаптарыңа риза енді мен қайтуым керек,қыс мезгіліне сендердің қыс туралы көп білетіндеріңді айтып барамын дейді.

Балалар ұлпақарды қыс мезгіліне ұшырып жіберейік,

Балалар біз жел болып ұлпақарды үрлейіміз.

Ал сендер дұрыс үрлеу білесіңдер ме?

Терең тыныс алып,иықты көтеріп,ауыз жабық дем шығарып үрлейміз.

Тыныс алу жаттығуы.

Балалар ұлпақарды үрлейді.

Балалар ұлпақар әдемі билеп жүр.Сендерге ұнай ма?

Қорытындылау (балаларды шеңберге шақырып)

Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?Балалар есімізге түсірейікші не туралы айттық?Балалар өз ойларын жеткізеді.Кім қыс туралы тақпақ айтқысы келеді.

Айқын:

Қыстың күні көңілді

Көп қызықты көреміз

Шығып алып далаға

Сырғанақты тебеміз

Қандай керемет тақпақ,рахмет саған .

Бүгін керемет ақылды әрі сұрақтарға жақсы жауап айттыңдар.Балалар ұлпақар қорапша тастап кетіпті,қарап көрейік.Қараңдар балалар сендерге сыйлықтар екен.сыйлықтар таратылады.






















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!