400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыптық сабақ: 7 мамыр "Біз - Отанның болашақ сарбаздары"

Материал туралы қысқаша түсінік
7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған тақырыптық іс-әрекеті.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұйымдастырылған іс-әрекеті.

Джайманова С

«11 «Теңге» бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі

Тақырыбы: «Біз - Отанның болашақ сарбаздары»

Мақсаты: Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балалрды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу.

Қызмет сатысы

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Кіріспе




Сөйлеуді дамыту












Қоршаған ортамен танысу
























Көркем әдебиет









































Дене шынықтыру







Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.

Шаттық шеңбері
Армысың, Алтын күн!

Армысың, Көк аспан!

Армысың, Жер ана!

Армысың, достарым!

Армысың, қонақтарым!


Тәрбиеші:7-мамыр Отан қорғаушылар күні. Әсіресе, бұл мерекені соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті ұжым және балалар!7 мамыр Отан қорғаушылар күні жәнеде келе жатқан 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек.

-Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен, бүгінгі «9 мамыр – Жеңіс күні » атты тақырыптық іс-әрекетіміз, бізге балалық шақ, бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады. Жыл сайын 7- 9 мамыр күні адамдар ескерткіштерге барады. Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүлшоғын қойып, батырлар есімін еске алады.


Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болсадағы қай ғасырды, қай күні.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғына.

( бір минут үнсіздік)


Тәрбиеші: Өз халқының батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың батырлар Бауыржан Момышұлы,  Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағулова.

(суреттерін көрсету)


Тәрбиеші: Батырлар туралы тақпақтарды кім біледі?


































1-тапсырма. «Спортшы»

Шарты:Балалар басына кітап қойып жаттығулап жасайды.Кімнің кітабы ұзағырақ тұрады,сол жеңімпаз атанады.

2-тапсырма. «Барлаушы»

Шарты:Балалар теріс қарап тұрады,сол уақытта тәрбиеші артында тұрған заттардың орнын ауыстырып қояды.Балалар сол заттардың орнын табуы қажет.

3-тапсырма. «Сақшы»

Шарты:Балалар сапта тұрады,тәрбиеші оңға және солға бұрыл ,тік тұр секілді бұйрықтарды дұрыс орындауы қажет.


Тәрбиеші:

Асқақ ән көңілді тербесін,

Тұтпасын күн қара пердесін.

Бақытпен көз ашқан балалар,
Бүлікшіл соғысты көрмесін,- деп Отан қорғаушылар күніне арналған тақырыптық іс-әрекетімізді аяқтаймыз. 




-Балалар қимыл қозғалыспен орындайды.











-Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
















-Балалар үнсіздік сақтайды.










1.Жаумен жалғыз алысты,
Түбінде Мәншүк соғыстың.
Бермеді қолдан намысты,
Жүректі қызы қазақтың.
Мәншүк апай батыр қыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.

2. Атам Отан қорғаған, 
Онда қорқақ болмаған.
Алтын жұлдыз кеуде де,
Нағыз батыр ол маған!

Батыр бопты бабамыз,
Біздер, әлі баламыз,
Күзетте тұр тұрағы
Әскердегі ағамыз.
Одан үлгі аламыз
Бізде сондай боламыз.

3. Айтамыз біз өлеңғып,

Айтамыз біз жыр етіп.

Әлия апай ерлігі,

Ұмытылмас мәңгілік.





-Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындайды.











Балалар қонақтармен қоштасады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
01.05.2024
910
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі