Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыптық сабақ: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге, ұстаздарға керек деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«

Тақырыбы: «Елін сүйген, Елбасы»

Мақсаты :

Білімділік: Балаларға Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың Тұңғыш президент екені  туралы әңгімелеу, түсіндіру.

Дамытушылық: Балалардың  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтау қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік: Отанын,  елін, жерін  сүюге тәрбиелеу,  патриоттық  сезімдерін  ояту.

Көрнектіліктер: слайд, Елбасы суреті, ту, елтаңба

Билингвальды компонент: Отан-родина, елбасы - президент, ту-флаг,елтаңба- герб

Әдіс – тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық:
Тәрбиеші:

  • Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Кәне бәріміз қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбер:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз

Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып гимінді тыңдаймыз.

Тәрбиеші:

  • Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші  желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Қандай мереке екенін білесіңдер ме?

Балалар:

  • Тұңғыш президент күні

  • Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

Балалар:

  • Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші:

  • Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Балалар:

Ол біздің президентіміз!

  • Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Тәрбиеші:
1991 жылы  1-желтоқсанда халық өз таңдауымен  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты  президент етіп сайлады.
Н.Ә.Назарбаев 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы
Үшқоңыр  жайлауында  дүниеге келген.
Мектепте үздік оқыды. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.

Ол ата-анасын қатты құрметтеген. Міне әкесі Әбіш және анасы Әлжан

  • Ал мына суретте онын жұбайы, жары Сара Алпысқызы

Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар:

Астанада!

Тәрбиеші:

  • Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар

  • Астанада тағы да не бар?

Балалар:

Астанада Бәйтерек бар!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздіңелдің символы.

Балалар елбасы деген сөзді үш тілде айтайықшы: елбасы - президент – President

  • Балалар Елбасымыз жайлы тақпақпақтарымызды айтайқшы


Хасан:
Мақсатына жету үшін алдағы,
Әубастан-ақ, дұрыс жолды таңдады.
Сол азамат Нұрсұлтаның емес пе,
Орындаған бабалардың арманын.

Айару:
Күн өткен сайын құлпырып,
Жайнадың гүлдей Астана,
Елорда – менің Астанам,
Елорда-менің бас қалам.

Дилара:
Ер болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым  жасқанады.
Тәуелсіз  мемлекеттің  шежіресі,
Нұсұлтанның атымен басталады.

Нурали:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері  болмайды.



Інжу:

Ер болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады.

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады

Әрсен:

Отан деген - Атамекен

Отан деген - туған жер

Отан- ана, Отан -пана

Қазақстан – туған ел!

Тәрбиеші:

  • Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар:

  • Иә, білеміз. Олар: ту, гимн және елтаңба.

Тәрбиеші:

  • Балалар туға қарайықшы, не бейнеленген?

Балалар:

Күн, бүркіт, ою.

Тәрбиеші:

Дұрыс! Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

Балалар:

Көк!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Көк түс аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін

қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 дібілдіреді, ал сәулелері отыз екен.

Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген.

  • Ал, туымыздың жанында не бар екен?

  • Дұрыс айтасыңдар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.


  • Енді балалар Елтаңбамызға қараңдаршы. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар:

  • Шаңырақ!

  • Тәрбиеші:

  • Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,

  • Отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар:

  • Ат бар!

Тәрбиеші:

  • Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.

  • - Енді Қазақстан Республикасы, біздің отанымыз жайлы мақал-мәтел айтайықшы
    Біздің ұлтымыз  қалай  аталады? 
     -  ұлтымыз  қазақ.
    Ана  тіліміз  қай
     тіл?  қазақтілі.

  • Енді осы рәміздерді үш тілде айтайықшы: ту – флаг - flag

Елтаңба – герб - emblem

  • Балалар бізді бүгін мерекемізбен құттықтау үшін мектепалды даярлық тобының қыздары келіпті. Қазақ халқымыздың ұлттық биі «Асатаяқ» биін тамашалаңыздар!

  • Ал енді балалар туған жеріміз жайлы, отанымыз жайлы мақал – мәтел айтайықшы?


Отан туралы мақал – мәтел:

Жасмин :

Отан үшін күрес – ерге тиген үлес

Аңсар:

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл

Мейірлан :

Отан отбасынан басталады.

Нұрахмет:

Отанын сатқан оңбас

Диляра:

Ел іші – алтын бесік


Рефлексивті түзетушілік:

Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Балалар:

Нұрсұлтан Назарбаев туралы.

Тәрбиеші:

Ол кім?

Балалар:

Ол біздің елдің тұңғыш президенті.

Тәрбиеші:

Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:

Қазақстан!

Тәрбиеші:

  • Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.

  • Жарайсыңдар, балалар!

(Елбасы, ту, елтаңба сөздерін үш тілде айтқызу)

Осымен сабағымызды «Көгершін» тобы балаларының орындауында хор «Ожелтоқсан» әнімен аяқтайық.


Бір басында кемеңгерлік, даналық,

Елін сүйген елі үшін жаралып.

Сол кісідей болса - болсын әр алып

Адамдықтың аласармас үлгісі

Бір өзінен жатқаны шын таралып

Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне

Әсем әнді шырқата бір салалық

Хор: « Желтоқсан »  орындайтын № 10  ортаңғы тобы.

Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды. Орнымыздан  тұрып, келген қонақтарды шығарып салайық.

Күтілетін нәтиже
Біледі:
 Тұңғыш президент мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
306
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12