жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыптық сабақ «Жасыл шырша жанында» , №6 "Дәстүр" тобы
Кейіпкерлер:
Аяз ата, Ақша қар, Мыстан кемпір, Алдар Көсе, қоян, қасқыр, түлкі,доңыз,ит
Ақшақар :
Ал канекей, ақша қыздарым, шыршамызды безендіріп,шамын жағайық.Тойды көңілді өткізейік.
(Ақша қар шыршаны безендіріп жатады. Қолында сиқырлы таяғы болады. Сол таяғын шыршаға тигізген кезде, шамдар жанып ,шыршаға көрік береді)
Мыстан кемпір:
Осының бәрін сырттай Мыстан кемпір карап тұрады. Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғына қызығып, өз айласын асырып, таяғын ұрлап алып кетеді. Осы кезде Ақшақар сиқырлы қасиетінен айрылып, күші жойылып, шыршаның түбіне әлсіреп, отырып қалады. Қолына сиқырлы таяқ тиген Мыстан кемпір «Шайтандар» биін билеп кетеді.
Қасқыр және қоян: (қоян)
Қасқыр:
(Алдынан Қоянды қуып келе жатқан Қасқыр кездеседі. Қасқыр Мыстан кемпірден жөн сұрайды.)
Қасқыр:
Тым көңілді көрінесіз. Себебі бар шығар?
Мыстан кемпір:
Әрине, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды.
Ха-ха-ха. Себебі ,Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды.
Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда ( алақайлап, қарқылдап күледі.)
Қасқыр: (Қасқыр біраз ойланып тұрады да, Қоянды қасына шақырады. )
Қоянжан-ау,қоянжан, келші менің қасыма . (Қоян Мыстан кемпірдің артына тығылады.)
Қоян: Қасқыр ағай, маған тиіспейсіз бе? Мен сізден қорқамын. Алдап мені жеп қоймайсыз ба?
Қасқыр:
Жоқ, Қоянжан ағалық уәдемді берем. Екеуіміз бір-бірімізді қуалап жүргенде Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғын ұрлап кетіпті. Кел, екеуіміз көмектесейік.
(Қоян қорқа-қорқа қасқырдың қасына барады. Қасқыр мен Қоян ақылдасады).
Қасқыр:
Мыстан, сен неге олай жасадың? Біз бұл Жаңа жылды асыға күтіп жүр едік.
Сен бәрінің шырқын кетірдің ғой. Үшеуміз бір шешімге келейік. Біз саған жұмбақ жасырамыз. Сен осы жұмбақтың шешуін тапсаң сиқырлы таяқ өзіңде қалады, ал шеше алмасаң сиқырлы таяқты бізге бересің.
Мыстан кемпір:
Жақсы, келістік. Өз сөздеріңнен айнып кетіп жүрмеңдер!
Қоян : (Қоян жұмбақ жасырады.)
1.Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына,
Бip-ақ рет келіп кетеді.
Қызы мен ұлына,
Сыйлық алып келеді.
/Аяз Ата/
2.Суды елекпен қалай тасуға болады? Жауабы: мұз қылып қатырып
3.Патша кімнің алдында тәжін шешеді? Жауабы: Шаштараздың
Мыстан кемпір:
(Мыстан кемпір оқушыларды қорқытып, үркітіп жүріп, жұмбақтың шешімін тауып алады. )
ХА-ХА-ХА.Тапсырмаларыңды орындадым.
Қасқыр және қоян: (Өздерінің жеңілгенін білген Қасқыр Қоянға ашуланып, өкпесі қара қазандай болып, уәдесінен айнып, Қоянды қуа жөнеледі. Қоян одан әрмен қашады.)
Би «Қояндар»
Мыстан кемпірМыстан кемпір әндетіп, жолға шығады. Жолшыбай тамаша көңілді жүрген түлкіге жолығады.
Мыстан кемпір:
Алақай, мен бәріңді қатырдым. Қоян мен Қасқыр да менен айласын асыра алмады.
Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда.Ха-ха-ха ( қарқылдап күледі)
Түлкі:
Әже, осындай әурешілікті қайтесіз. Осындай жаман қасиеттеріңнен арылып, Ақшақардың таяғын қайтарғаның дұрыс болар.
Мыстан кемпір:
Жоқ. Бұл не дегенің. Жыл сайын Жаңа жылды менсіз өздерің өткізесіңдер. Мені жаман кемпір деп менсінбейсіңдер. Енді қалай болар екен, бәлем!
Түлкі (мыстан кемпірге қарап):
Біздің сізге қояр бір шартымыз бар.
Мыстан кемпір:
Шарт дейсіндер ме?! Ха-ха-ха /қарқылдап күледі/
Жолда Қасқыр мен Қоянда Ақшақарға көмектеспекші болып, жұмбақ жасырып еді.
Енді сен не істемексің?
Түлкі жарыса сөйлеп:
Би билеп жарысайық, жеңсең, Жаңа жылдан үмітімізді үземіз.
Біз жеңсек, сиқырлы таяқшаны иесіне қайтарасың.
Мыстан кемпір: Жаман емес, бірақ бәрі-бір мен жеңемін
«Түлкілер» биі .
/Мыстан кемпір балаларды қорқытып, әлімжеттік жасап өзін жақтауды талап етеді/.
Мыстан кемпір:
Қәне-е-е айтыңдар, кім жақсы биледі?
(Мыстан кемпір әр баланың қасына барып, қорқытып өзін жақтауды талап етеді. Алайда қорыққан балалар Мыстан кемпірді жақтап шығады.)
Балалар: Мыстан кемпір
Түлкі:
(Әділ шешімін ала алмаған түлкінің көңіл күйі түсіп, өз жөніне кетеді.)
Балалар,мүмкін мен керемет билеген шығармын ?
Балалар:
Жоқ-жоқ. Мыстан кемпір
Мыстан кемпір:
Алақай, мен бәріңді жеңдім,қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі ,Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Ха-ха-ха.
Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда. (Күшін көрсетеді)
«Алдар Көсе» биі
Алдар Көсе:
Елдің бәрін шулатып жүрген сенсің бе?
Мыстан кемпір:
Сен Алдармын деп мақтанасың. Жолымда кездескендердің бірде-біреуі менен айласын асыра алмады. Керім болсаң, мына менің қолымдағы құдіреті күшті сиқырлы таяқты алып көр.
Алдар Көсе:
Әлемді аузына қаратып, ел-жұрттың бәрін алдап, тыныштығын бұзып келе жатқан ең сұлу,
ең ақылды жан сіз сияқтысыз,Мыстан әже-еееее
(Ақшақарды алдаған Мыстан кемпірден айласын асырып, қайырымды халықтың қамын ойлайтын Алдар Көсе таяқты қолға түсірудің амалын жасайды,- деп мақтауын жеткізіп, Мыстанның қалтасындағы таяқты байқатпай суырып алады.
Мыстан кемпір:
(Мақтау сөз естіген Мыстан кемпір ,Алдардың қармағына түскенін байқамай қалады. Мыстан кемпір Алдар Көседен ұтылып, екеуі шыршаның жанына келеді.
Мұңайып отырған Ақшақарды көріп, Мыстан кемпір кешірім сұрап, Алдар Көсе сиқырлы таяқты Ақшақарға береді.
Алдар Көсе: Ақшақар қызым-ау, жаңа жыл тойын тойлайық.Ау ,Мыстан кемпір сен не дейсің?
Мыстан кемпір: Ақшақар ,мен қателесіппін.Қателігімді түсіндім. Мені кешіресің бе ?
Ақшақар :
Жарайды! Бір жола кешіріп, шырша шамын жағайық.
(Ақшақар таяқпен шамдарды жандырады)
Алдар Көсе: Барлығымыз бірлесіп,Аяз атамызды шақырайық
Хормен : Аяз ата (3 рет)
Музыка : САҒАТТЫҢ ДЫБЫСЫ
Сағаттың дыбысы естіледі
Аяз атаның сөзі:
Амансыздар ма, ардақты
ұл-қыздарым, бүлдіршін балаларым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Жыл сайын сендердің жарқын жүздеріңді көріп, мен жасарып, бақыттан бал-бұл жанып тұрмын. Бір жыл бұрын Итке үлкен үміт артып, сеніммен сендердің алдарыңа Доңыз досымды ала келдім.Өнерін тамашалаңыздар !
«Доңыз» биі. ( Барлық кейіпкерлер осы биді билейді.)
Ақша қар: Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.Ендеше, жұптасып ойын ойнасақ қалай қарайсыздар ? Ойын ойнайық па ?
Қоян : (ойын ойнатады )
«Күлдіргіш»
Әрбір ойыншы бір есімнен алады.Мұз, ойыншық, қар, шырша,Аяз ата,
т.б.
Қоян барлығын айналып жүріп, түрлі сұрақтар қояды:
«- Сен кімсің? - Шырша.
- Бүгін қандай мейрам? - Мұз.
- Мынауың не? (мұрнын көрсетіп) – Ойыншық.
-Жаңа жылда не болғың келеді?
Әрбір ойыншы барлық сұраққа өзіне берілген «есіммен» жауап беруі тиіс, және де ол сөзді қажетінше септеуіне болады. Оған қоса, жауап бергенде, күлуге тыйым салынады. Кім күліп жіберсе, ойыннан шығады.
(Аяз ата тәттілер
таратады)
Аяз ата:
Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.
Хоровод: «Тоғайда туды жас шырша»
Санта Клаус лоторея № 1 ойынын өткізеді .
Аяз ата:
Ал енді балалар сендердің бізге дайындаған әндеріңді тыңдайық.
Ән шашу : «Jingle bells» хор
Сыйлықтарды таратады.
Санта Клаус лоторея № 2 ойынын өткізеді .
Ән шашу : «Жаңа жыл» хор
Санта Клаус лоторея № 3 ойынын өткізеді .
Ән шашу : «Жаңа жыл»
Санта Клаус лоторея № 4 ойынын өткізеді .
Аяз атаның қоштасу сөзі:
Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді).
Балалар: Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген