400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Тақырыптық сабақ "Күй құдiретi"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыптық сабак "Күй құдіретi"
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық топ №12 «Балдырған»


Музыка жетекшісі:Актаева Ж.К.

Күні: 15.10.2025 Тақырыбы: Күй құдіреті Балалардың жасы: 5 жас

Мақсаты: 1.Білімділік:. Балаларға қазақтың күй өнері туралы мағлұмат беру,

күйдің ерекшелігін таныту, домбыраның үнін тыңдату арқылы, қазақ халқының ұлттық аспаптарына қызығушылығын арттыру. 2.Дамытушылық: Балалардың есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, музыкалық шығарманы тыңдап, көңіл-күйін сезіну мен

айта білуге үйрету.

3.Тәрбиелік: Күй өнері арқылы ұлттық мәдениетке, өнерді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Музыка арқылы елін, жерін сүю сезімін ояту. Көрнекіліктер: «Қазақ халқының ұлттық аспаптары» Лэпбук Қазақтың ұлы күйшілерінің суреттері (Құрманғазы, Дина, Нұрғиса Тілендиев) «Балбырауын» күйінің аудио нұсқасы лед экранда слайд


Оқу-іс-әрекетініңкезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балаларды шеңберге тұрғызып, көңіл-күй сұрайды. «Қайырлы күн, балалар! Бүгін біз «Күй әлеміне саяхат жасаймыз» деп жаңа тақырыпты хабарлайды.

Музыка аспабының сүймелдеуімен до нотасынан си нотасы аралығында әндетіп жаттығулар жасаймыз..


Марш әуені арқылы шеңбер арқылы жүреді.

Мұғліммен аспап арқылы амандасады.

Жаңа тақырыппен танысады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Домбыраны көрсетіп, оның шығу тарихы туралы қысқаша айтады. Қазақ халқының ұлы күйшілерімен таныстырады. Құрманғазының «Адай» , халық күйі «Аққу» күйін тыңдайық» деп күй тыңдатады. Лэпбук арқылы дидактикалық ойындар ойнатылады. «Бұл қандай аспап»деген ойын ұйымдастырады Сұрақтар қояды: Музыка қандай көңіл-күй сыйлады? Бұл күйде не бейнеленген деп ойлайсыңдар?

Балалар күйді тыңдайды, өз сезімдерін айтып күйді сипаттап береді және күй ырғағына сәйкес қимыл қозғалыстар орындайды.



Рефлексиялық түзетушілік

Сабақты қорытындылайды: «Күй — қазақ халқының жаны, рухы.» Балалардан не үйренгендерін сұрайды. Белсенді балаларды мадақтайды.

Балалар өз әсерлерімен бөліседі. Сабақ соңында күйдің әуенімен қол соғып қоштасады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қазақ халқының күй өнері туралы және домбыраның ерекшелігін біледі.

Игереді: Күй тыңдап, оның әуенін, ырғағын сезіне отырып, өз сезімін қимыл-қозғалыс

арқылы жеткізуді игереді.

Меңгереді: Музыканы тыңдай отырып, ұлттық өнерге деген құрмет пен қызығушылықты меңгереді.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
29.10.2025
78
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі