Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыптық сабақ. Ынтымағым-ырысым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ынтымақтастыққа, татулыққа үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыптық сабақ: «Ынтымағым-ырысым»

Мақсаты: 1). Қазақстан Республикасында тұратын барлық ұлт өкілдерінің өмірі мен мәдениетіне қызығушылық қалыптастыру.Ұлы Жеңіс туралы түсіндіру.

2). Тіл байлығын,сөйлеу қабілетін,ойлау дағдысын қалыптастыру.

3). Балалардың өз туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:тақырыпқа байланысты суреттер.

Әдісі: көрсете,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру,сабаққа даярлау.

Сәлемдесу шеңбері: Жарық болса күніміз,

Жарқын шығар үніміз.

Біз болашақ гүліміз,

Қайырлы таң балалар!

Бір-бірін құшақтап амандасады.

Тәрбиеші: - Балалар қазір жылдың кай мезгілі?

Балалар: Көктем.

Иә,балалар көктем мезгілі.Міне мамыр айы да келіп жетті.Осы айда біз

1-мамыр достық күнін және 7-мамыр Ұландар күнін, 9-мамыр Ұлы жеңіс күнін тойлаймыз.

Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.Қазақстан Республикасында көп ұлт өкілдері тұрады.Олар әр түрлі тілде сөйлеседі.Сонымен қатар олардың салт-дәстүрі,ұлттық киімдері және тағамдары бар.Біз осы ауылда екі ұлт өкілінен тұрамыз.Қазақ және ұйғыр.Олар бір-бірімен тату-тәтті ,туыс,бауыр болып өмір сүріп келеді.Біздің ұлттық тағамымыз,киіміміз бар.

Тағы бір мереке Ұландар күні.Бұл күнді барлық Отан қорғаушы азаматтар тойлайды.Сендер үлкен болғанда Отанын сүйетін,қорғайтын,гүлденуіне,көркеюіне үлес қосатын азаматтар болып өсулерің керек,ол үшін жақсы оқып,тәртіпті болу керек.

Тағы бір мереке-Ұлы Жеңіс мерекесі.Біздің бұл мерекеге 70жыл толып отыр.Біздің ата,әжелеріміз жаудан елді қорғап,осыдан 70 жыл бұрын соғыста болған.Міне,сол кісілердің жеңісі бізге бейбіт күн сыйлады.(,барлық мерекелерге қатысты суреттер көрсетіп,әңгімелеу). Өздері білетін тақпақтар айтқызу.

Елтаңба

Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ.

Көмкерген оны қос пырақ,

Төбесінде жұлдызы,

Тұр ғой әне жарқырап.

Ту

Көк аспанда арайлы күн,

Көк аспанда жас қыран.

Естілгендей біздің үн,

Сол ғарыштың астынан.

Сергіту сәті:Алақанмен жылуды,

Айналаға таратайық.

Бір-бірімізбен қол ұстасып,

Бақыт,күлкі сыйлайық.

Жүректі біз алайық,

Бақыт нұрын шашайық.

Барлық жақсы тілекті,

Балаларға арнайық.

Сұрақтар қойып,жауап алу.

1)Қандай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында.

2)Елбасы кім?

Н.Ә.Назарбаев.

3)Қазақстан Республикасының елордасы қандай қала?

-Астана қаласы.

4)Қандай мерекелерді тойлаймыз?

-(Балалардың жауабы)

Сабақты қорытындылап,бағалау,аяқтау.



Cадыр орта мектеп мемлекеттік мекеме













Ынтымағым - ырысым







Т ә р б и е ш і:

Шаяхметова Гүлнар Валиқызы









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12