400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыптық сабақ"мейірімділікті табиғаттан үйренейік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатты аялайық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Құлыншақ»балабақшасы





Тақырыптық сабақ

«Мейірімділікті табиғаттан үйренейік»



























Орындаған:Жолдыбаева Г.

Тексерген:Танжарикова Ж.







Сабақтың тақырыбы: «Мейрімділікті табиғаттан үйренейік»

Мақсаты: «Табиғат»туралы түсінік беріп,табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: -«Қамқорлық» туралы түсініктерін кеңейту;

-Жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

-Туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: Табиғат суреттері.

Шаттық шеңбері:Балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталау:

Армысың, шапағатты күніміз!

Армысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, табиғат анамыз!

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.

Әңгімелесу:Балалар мен сендерге Ә.Ысқақ ағамыздың «Табиғат деген не?»ертегісін оқып берейін.

-Табиғат деген не?-деп сұрады кішкентай шабақ.

-Табиғат дегеніміз-телегей теңіз су,-деді бақа.

-Табиғат дегеніміз не?-деп сұрады аюдың қонжығы.

-Мен,талай жерде болғанмын,менде білемін, ол-орман,-деді енесі.

- Табиғат дегеніміз не?-деп сұрады бота енесінен.

-Ол көп құм,тікенек шөп.Талай жерде болған менде білемін.

-Табиғат деген не деп сұрады тоқылдақ қарлығаштан.

-Әрине,таза ауа,ашық аспан,дәнді дақылдар.

Әрине,бәріміздің асыраушымыз,анамыз-Жер-Ана,Табиғат-Ана,десті барлығы бір дауыспен.

Сонымен, балалар Табиғатқа не жатады екен?

Неліктен табиғатты Анаға теңейміз?

Тыныштық сәті: Үнтаспадан жағымды табиғат дыбыстары естіледі.

-Балалар,ыңғайлана отырып,көздеріңді жұмыңдар.Көз алдарына туған жерлеріңді оның әсем табиғатын елестетіңдер.Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс ауаларыңды бақылап,бақыт пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезесіңдер.

Енді көзімізді ашайық.

Ойын. «Мен табиғаттан не үйрендім?»

Балалар,мына «табиғат бөлшектері» көрсетілген суреттерге қарап,олардан не үйренетінімізді айтайық.(Күн, құс,көбелек,су,жер суреттері)

-Мен күннен мейірімділікті үйрендім.

-Мен құстардан ән салуды үйрендім.

-Мен көбелектен әдемілікті үйрендім.

-Мен жерден төзімділікті үйрендім.

-Мен судан тазалықты үйрендім.

Сергіту сәті: Жел гуледі: у-у,

Қайын келіп биледі: зу-зу,

Қатты-қатты жел соқты: гу-гу,

Жапырақтар қол соқты: ду-ду.

Дәйексөз: Табиғат жер бетіндегі барлық тіршілік атаулыны өз қамқорына алып,бізді мейірімділікке бөлейді.Біз мейірімділікті табиғаттан үйренейік.

Қорытындылау

-Бізді қоршап тұрғанның бәрі керемет жаратылыс,табиғат екенін танып білдік.Табиғаттың бар тіршілік иелеріне берері мол екнін түсіндік.Ал,ең бастысы-Табиғат-Ана бізге күш-қуат пен деңсаулық беретінін білдік.Табиғат бізді мейірімділікке,төзімділікке,үйлесімдікке үйрететініне көзіміз жетті.

Балаларды шеңберге тұрғызып,төмендегі өлең жолдарын қайталату.

Күніміз ашық болсын! Түніміз тыныш болсын! Ауамыз таза болсын! Суымыз мөлдір болсын!





























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
1517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі