жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Таратылған ақпараттық жүйелерге арналған модемдердің жіктелуін қысқаша баяндау
Таратылған ақпараттық жүйелерге арналған модемдердің жіктелуін қысқаша баяндау
Наурыз Қ.Ж., аға оқытушы
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы, энергетикалық факультеті
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,
Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
«Модем» термині «модуляция» және «демодуляция» сөздерінен құралған, негізгі мақсаты деректер арнасы және байланыс жолдарының шеткі жабдықтарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін, атап айтсақ электр сигналдарын (кодтарды) түрлендіруге арналған құрылғы болып табылады [1].
Заманауи модемдер сигналды түрлендіру функциясымен қатар көптеген қосымша функцияларды орындайды және өте күрделі телекоммуникациялық құрылғылар тобына жатып, ақпараттық жүйелерді іске асыруда қолданылады [2].
Сонымен қатар, модемдер бір - бірінен басқа да ерекшеліктері бойынша жіктелуі мүмкін, мысалы, модуляция әдістеріне байланысты. Ең танымал үш модуляция әдістері, мысалы FSK (Frequency Shift Keying), PSK (Phase Shift Keying), QAM (Quadrature Amplitude Modulation). FSK - жиіліктік модуляцияның (FM) бір түрі, ал PSK - фазалық модуляция (PM) өкілі. Квадратуралы модуляцияда (QAM) сигналдың фазасы мен амплитудасын бір уақытта өзгереді, бұл үлкен ақпарат таратуға мүмкіндік береді. Қазіргі модемдерде торшалы кодтау қолданатын TCQAM (Trellis Coded QAM) модуляциясы немесе жай TCM модуляциясы қолданады [2,3].
Модемдерді басқа да белгілері бойынша ажыратуға болады, мысалы модуляция хаттамаларын қолдау, қателерді түзету және деректерді сығымдау, деректердің терминалды жабдықтарымен түйістіру интерфейстері және т.б. Өндірістен шығарылған модемдердің басым көпшілігі коммутацияланатын телефон арналарында пайдалануға арналған. Мұндай модемдер АТС – мен жұмыс істей білуі керек, яғни олардың сигналдарын ажыратып, нөмір терудегі өз сигналдарын беру/тарату болып табылады [2].
Заманауи модемдерді соңғы беделді басылымдарда келесідей де топтастыруда [3]:
-
Қолдану саласы бойынша: қысқа арақашықтыққа арналған модемдер (short range); дауыстық жолдарға арналған модемдер (voice grade - VG); кеңжолақты жолдарға арналған модемдер (wideband).
-
Байланыс жолы бойынша: коммутацияланатын; жалға алынған (бөлінген); жеке.
-
Жұмыс тәртібі (режимі) бойынша: жартылай дуплекс; толық дуплекс; симплекс.
-
Жылдамдығы бойынша.
Модемдердің тағы да бір соңғы кезде айтылып жүрген бағыты - PLC модемдері. Power line Сommunication (PLC) - бұл жаңа телекоммуникациялық технология, шет мемлекеттерде ХХ ғасырдың соңында бөлек технология ретінде қолдана бастады. ҚСРО - ның энергетика және темір жол салаларында жоғары кернеулі желілерінде аналогты ақпаратты таратуда қолданды. PLC жоғары жылдамдықты ақпарат алмасу үшін электр желілерін пайдалану. Деректер таратуды жүзеге асыру үшін PLC жүйелері жасалады, ал ондай жүйелердің ажырамас компоненттердің бірі арнайы PLC модемі болып табылады [4].
Жалпы қолданыстағы телефон желісіне (PSTN) арналған модемдер, өз дизайнына, конструкциясына қарамастан, міндетті түрде модемдік әр түрлі стандартты хаттамаларын қанағаттандыруы қажет. Сонымен қатар, модемдер бірқатар қатаң талаптарға жауап беруі керек, атап айтсақ модемдер қолданылатын арналармен электрлік және де басқа параметрлері бойынша үйлесімділікті (сәйкестілікті) қамтамасыз етуі тиіс. Заманауи модемнің жалпыланған құрылымдық сұлбасы келесі 1 - суретте берілген және келесілерден тұрады [2]:
-
арна порттары адаптері мен DTE - DCE интерфейстері адаптері;
-
PU - әмбебап процессоры мен DSP - цифрлы сигналды процессоры;
-
модемді процессоры мен тұрақты жад құрылғысы (ROM);
-
тұрақты энергияға тәуелді қайта бағдарламалана алатын тұрақты жад құрылғысы (ERPROM);
-
жедел жад құрылғысы (RAM) мен модем күйі индикаторы.

Сурет 1. Заманауи модемнің жалпыланған құрылымдық сұлбасы
Цифрлық модемдер өз функциялары бойынша аналогтық байланыс арналарына арналған модемдерге өте ұқсас. Ең қарапайымын есепке алмасақ, кез - келген цифрлық модемдер интеллектуалды функциялар және AT командаларының жиынтығын қолдайды. Біріншіден, бұл коммуттацияланатын жолдарда жұмыс істейтін цифрлық модемдер жатады, мысалы, ISDN желілеріндегі. Цифрлы модемнің үлгісі ретінде CSU/DSU құрылғысын айтуымызға болады [5].
Цифрлық модемдер деп әдетте цифрлық арна интерфейсі немесе С1 цифрлық түйіспесі бар DCE айтамыз. Осы қатарға терминальды адаптерлерді ISDN (немесе ISDN модемдері), DSL модемдерінің басым бөлігін және физикалық жолдарға арналған модемдерді (немесе қысқа қашықтыққа арналған модемдер Short Range Modem) жатқызуымызға болады. Көбіне олардың барлығы біріккен жалпы атаумен CSU/DSU (Channel Service Unit / Data Service Unit) аталады [2].
Соңғы жылдары жеке абоненттің әр түрлі мақсаттағы байланыс желілеріне қолжетімділік мәселелерін шешу тәсілдерінің бірі цифрлық абоненттік жолдардың (Digital Subscriber Line, DSL) технологиясы болды. xDSL жалпы атауы үлкен санды қамтитын нақты технологияларды білдіреді, атап айтқанда DSL, HDSL, SDSL, VDSL, G.Lite. 2 - суретте xDSL - тобына жататын технологияларды көруімізге болады [6,7].

Сурет 2. xDSL - тобына жататын технологиялар
Радио модемдерді пайдаланатын деректерді тарату желісін құру кез - келген географиялық аймақта жедел шешілуі мүмкін. Радио модемдер төмендегідей жіктеледі [5]:
- төмен жиілікті (ТЖ) арналар үшін төмен жылдамдықты:
- «нүкте – нүкте» байланысқа арналған радио модемдер;
- дестелік (пакеттік) радио модемдер;
- ISM диапазондарының жоғары жылдамдықты радио модемдері.
Радио модемдерде модуляция әдісі ретінде ең кең таралған OFM немесе KAM нұсқалары қолданылады және екі бөлек модульдер (ішкі, сыртқы) түрінде құрастырылады. Сонымен қатар, осы түрдегі радио модемдерде жетілдірілген мониторинг пен басқару жүйелері қарастырылған. Барлық радио модемдер желілік басқару хаттамасы SNMP қолдайды. Аталған ISM - диапазонындағы радио модемдер кең мүмкіншіліктерге ие, олардың көмегімен видео, телефон байланысы, қашықта орналасқан ЛЕЖ - не біріктіру сияқты шешімдерді орындауға болады [2].
Радио модемдердің қазіргі кезде кең тараған қолдану саласы қалалық коммунальды шаруашылығы, атап айтсақ әр түрлі өлшеу құрылғыларынан радио модемдер көмегімен дер уақытта деректер алу, соның бір мысалы келесі 3 - суретте берілген [8].

Сурет 3. «Невод - 5» радиомодемін «жұлдыз» топологиясы көмегімен ұйымдастырылған желі мысалы
Оптикалық модемдер электр сигналын оптикалық сигналға түрлендіреді және ақпаратты 10 км-ге дейін мультимодалы (көпмодалы) оптикалық - оптикалық кабель арқылы және 100 км қашықтыққа бір режимді (бір модалы) кабель арқылы тарата алады. Оптикалық модем байланыс желісінің терминалдық жабдықтарының функциясын орындайды. Бұл жағдайда алынған деректерді тарату және өңдеу үшін деректерді қалыптастыруды терминалдық жабдықтар жүзеге асырады, қарапайым жағдайда - модеммен жабдықталған дербес компьютер болып табылады [5].
Оптикалық модемді абоненттік қолжеткізім желісінде (GPON технологиясы мысалында) қолдану шешімі келесі 4 - суретте берілген [9].

Сурет 4. Оптикалық модемді абоненттік қолжеткізім желісінде қолдану шешімі
Қазіргі уақытта PLC - модемдер электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің (АСКУЭ) бөлігі ретінде сәтті қолданылуда. Бұл модем түрі тиісті қызметтерге қашықтықтан өлшеу құрылғыларымен байланысты қамтамасыз етуге арналған [4].
PLC технологияларының бірнеше түрлі бар: деректерді жоғары вольтты электр желілері бойынша тарату; телеметрия деректерін тарату; мәліметтерді төмен вольтты желілер арқылы кеңжолақты тарату [10].
PLC технологиясының артықшылықтарына жататындар: орналастыру және пайдалану шығындары өте төмен. Шындығында, егер электр желісі болса, онда есептегішпен байланыс арнасы да бар есептеуге болады. PLC ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуымызға болады: тұтынушының сапасыз жабдықтары тудыратын кедергіге сезімталдығы (электромагниттік үйлесімділік стандарттарына сәйкес келмейтін сапасыз қуат көздері, міндетті радио кедергілер сүзгілерін пайдаланбай жиіліктік сүзгілер және т.б.) [10,11].
Қазіргі уақытта ТМД елдерінің нарығында салыстырмалы сипаттамаларды ұсынатын стандартты деректерді таратудың PLC PRIME, G3PLC технологиялары бар, сонымен қатар стандартталмаған кейбір технологиялы жабдықтар да кездеседі, оларда негізінен жиіліктегі немесе қуаттағы сәулеленуі стандарттарына сәйкес келмейді. PLC технологиясын таңдау кезінде стандартталған жабдықтарға назар аудару керек [10].
Қолданылған дереккөздер тізімі
1 И.П. Норенков, В.А. Трудоношин. М.Ю.Уваров/ Телекоммуникационные технологии и сети. МГТУ им. Н.Э.Баумана (Электронный учебник). Қолжеткізім ресурсы: http://bigor.bmstu.ru/?cnt/?doc=215_Netwedu/Networks.cou. Қолданыстағы күні: 10.01.2021.
2 О.С. Когновицкий, Е.М. Доронин, В.Э Жигадло, В.И. Комашинский, О.И. Пантюхин. (Под общ. ред. О.С. Когновицкого). СПбГУТ им. проф. М.А. Бонч-Бруевича. Распределенные информационные системы. (Электронный учебник), Санкт-Петербург, 2008. Қолжеткізім ресурсы: http://doronin2004.narod.ru/trudy/ris/titul.pdf. Қолданыстағы күні: 12.01.2021.
3 Наливкин А.В. Периферийные устройства компьютеров. Электронный учебник по дисциплине: "Электроника и микропроцессорная техника." Версия: 1. (СПбГУ ИТМО, кафедра электроники). Қолжеткізім ресурсы: http://de.ifmo.ru/bk_netra/start.php?bn=28. Қолданыстағы күні: 14.01.2021.
4 Брылева О. А., Колбун В. С. PLC – модем // Сборник научных работ студентов Республики Беларусь "НИРС 2011". - Минск, 2012. - С. 92
5 Информационные сети и телекоммуникационные каналы. Модемы. [Электронды ресурс]. Қолжеткізім ресурсы: http://bourabai.kz/telecom/modems.htm. Қолданыстағы күні: 16.01.2021.
6 Саитов И. А., Миронов А. Е, Головачев В. Ю., Дворядкин В. В. Основы построения современных систем и сетей абонентского доступа. [Электронды ресурс]. Қолжеткізім ресурсы: https://webcache.googleusercontent.com/search?q=cache:5sRJtUYQuPsJ:https://bib.convdocs.org/v28725/%3Fdownload%3Dfile+&cd=6&hl=ru&ct=clnk&gl=kz.Қолданыстағы күні: 18.01.2021.
7 Вычислительные системы, сети и телекоммуникации. [Электронды ресурс]. Қолжеткізім ресурсы: https://siblec.ru/telekommunikatsii/vychislitelnye-sistemy-seti-i-telekommunikatsii/14-printsipy-postroeniya-setej-abonentskogo-dostupa. Қолданыстағы күні: 05.02.2021.
8 «Геолинк Ньютек» компаниясының ресми сайты. Қолжеткізім ресурсы: https://www.geolink.ru/blog/organizacija-radiosvjazi-mezhdu-priborami-s-2000-signal-20p-s2000-kdl-i-s2000-sp1-s-pomosch-ju-radiomodemov-nevod-5-versii-po-7-hh.html. Қолданыстағы күні: 15.02.2021.
9 Варианты совместного использования интернет-центра Keenetic и GPON-модема. [Электронды ресурс]. Қолжеткізім ресурсы: https://help.keenetic.com/hc/ru/articles/213966609. Қолданыстағы күні: 20.02.2021.
10 Технологии PLC. [Электронды ресурс]. Қолжеткізім ресурсы: https://www.incotexcom.ru/technologies/plc. Қолданыстағы күні: 25.02.2021.
11 «ИНКОТЕКС компаниясы тобы» ресми сайты. Қолжеткізім ресурсы: https://www.incotexcom.ru/technologies/plc. Қолданыстағы күні: 01.03.2021.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген