Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сыныптарына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 13.12.2018 Сыныбы: 4 «Ә» Пән атауы: әдебиетттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақтың мақсаты:

Мақсаты:<<Жарық жұлдыздар>> тарауын қайталау арқылы осы тарау бойынша алған білімдерін анықтау,арттыру,тілін,сөздік қорларын дамыту; Оқушылардың тараудағы алған білімдерін қайталай отырып,білімдерін бекіту.

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі:Диалогтық оқыту, зерттеу, салыстыру, әңгімелеу,сұрақ-жауап,топтық жұмыс,жұптық жұмыс,жеке жұмыс

Дереккөздер: Оқулық,суреттер,ғаламтор желісі

Техникалық құрал:теледидар,,ноутбук,

Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық

Шеңбер құрып, бір-біріне жақсы тілектер тілейміз.

  • Мен саған бүгінгі күнге сәттілік тілеймін!

  • Деніңе саулық тілеймін!

  • Оқуда озат бол!

Сыныпты топқа бөлу

Топқа бөліну барысында тарауды тайталауға арналған тапсырмалардың алғашқы 3 тапсырмасы орындалады.

1-топ. <<<Батырлар>>

Қабанбай,Бөгенбай,Наурызбай, Райымбек,Б.Момышұлы,Мәлік Ғабдуллин

(Оқушылар қазақ батырларын атап,тақтаға топтастырады)

2-топ. <<Пырақтар>>

Тайбурыл,Байшұбар,Құлагер,Шалқасқа,Қызыл ат,Қарақасқа,Қубас

(Батырларға серік болған пырақтарды атап,топтастырады)

3-топ. <<Жарық жұлдыздар>>

Шоқан Уалиханов,Қаныш Сәтпаев,Кенен Әзірбаев,Шәкен Айманов,Т.Молдағалиев,Ақан сері.

(Қазақтың жарық жұлдыздары атап,топтастырады)

<<Ассоцация>> әдісі бойынша тақтаға топтастырып шығады

Оқушылар топ ережелерін атап шығады.

Мұғалім түсіндірмесі

Біз <<Жарық жұлдыздар>> тарауын аяқтап отырмыз.Бүгін сол тарауда алған білімдерімізді пысықтап мақсатында сайыс сабағын өткізгелі отырмыз.

(Тақтаға бүгінгі күн мен тақырып жазылады.)

Сабақ 3 бөлімнен тұрады.

1-бөлім <<Ойлы болсаң озып көр!>>

1. << Өзіңді тексер!>> әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау.

2. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

2-бөлім << Сырлы сұрақтар!>>

  1. Постер қорғау (топтық жұмыс)

  2. Кестемен жұмыс (жұптық жұмыс)

  3. << Жалғасын тап!>> ойыны

Еңбек және бақыт жайлы мақалдардың жалғасын тауып жазу.

3-бөлім <<Ой толғау>>

1.Сөзжұмбақ шешу

2.Тест тапсырмалары

2.Кері байланыс

Бағалау критериімен таныстыру.

Оқушыларға <<Өзін-өзі бағалау>> парақшалары таратылады.

Оқушылар әр тапсырма бойынша өздерін бағалап отырады,парақшаға соңғы қорытынды бағаны өзім қойып шығамын.

Топтық бағалаумен қатар жеке оқушыны бағалап отыру.

Жыл мезгілдері жайлы толық түсінік беріп,суретпен жұмыс жүргізу.

(Жылы сөздер топтың қорапшаларына жеке топтағы оқушылардың сабаққа белсенділіктеріне қарай беріліп отырады.Сабақ соңында қораптағы жылы сөздердің сандарына қарай жеңімпаз топ анықталады.

Бөлім бойынша берілген тапсырмаларымызды жарыса отырып орындайық.

Өткен сабақты пысықтау мақсатында

<<Өзіңді тексер!>> ойыны арқылы 10 сұрақ оқылып,оқушылар <<Жалған>>,<< Шындық>> кестесін толтырады.

1.Ту-Республика рәмізі (шындық)

2. <<Біздің ту>> өлеңінің авторы Т.Молдағалиев (шындық)

3. Туымыздың түсі сары түсті (жалған)

4. Егемендігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық (шындық)

5. Қабанбай,Бөгенбай желтоқсан құрбандары (жалған)

6. Әнұранның сөзін Жұмекен Нәжмеденов,Н.Назарбаев жазған (шындық)

7. Тәуелсіздік монументі- рәмізіміз (жалған)

8. 1-желтоқсан Президент күні (шындық)

9. Республикамыздың рәміздері 1993 жылы қабылданды (жалған 1992ж.)

10.Шәкен Ниязбеков тудың авторы ( шындық)

ІV.Жаңа сабақ.

<<Жарық жұлдыздар>>тарауы бойынша біз батыр,жазушы,зерттеуші,ақын,әншілер жайлы әңгіме,өлеңдермен таныстық.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасаймыз.

А В С деңгейіндегі балаларға арналған қосымша тапсырма

Әр оқушының деңгейіне қарай 3 түрлі тапсырма беріледі.

<<Ақпарат жәшігіне>> зерттеу-хабарлама жасалады.

1-деңгей тапсырмасы

Тараудағы жарық жұлдыздарымыз жайлы қосымша ақпарат іздеу.

2-деңгей тапсырмасы

Тараудағы мәтін тақырыптарын түзетіп жаз.

<<Жемісті ағаш>> - <<Миуалы ағаш>> М.Етекбаев

<<Ерасыл>> - <<Қабанбай>> Қабдеш Жұмаділов

<<Ұшқан жанұя>> - <<Ұшқан ұя>> Б:Момышұлы

3-деңгей тапсырмасы

Еңбек пен бақыт жайлы мақал-мәтелдердің жалғасын жаз.

1.Бақыт-қолға ұстаған.....................құс

Байлық қолға ұстаған ..................мұз

Желтоқсан құрбандарын еске алу.

(Экраннан Қайрат,Сабира,Ербол Ләззаттардың суреттері көрсетіліп тұрады.)

Сергіту мақсатында <<Көк тудың желбірегені>> әнін музыкаға қосылып хормен орындаймыз.

2-бөлім <<Сырлы сұрақтар!>> барысында 3топ тарау бойынша өтілген 3тақырып бойынша постерге түсіріп,қорғайды.

1-топ <<Қабанбай>>мәтіні бойынша

2-топ <<Қанышбұлақ>>мәтіне бойынша

3топ <<Республика рәміздері>> өлеңі бойынша

2-тапсырма кестемен жұмыс 3 топқа 3 түрлі кесте беріледі

Кестемен жұмыс Жұптық жұмыс.



Сұрақ

Жауап

1.Атақты батырларды жаз:



2.Ұлы Отан соғысының

батырларын жаз:






Кестемен жұмыс.Жұптық жұмыс



Сұрақ

Жауап

1.Атақты кино әртісін жаз:


2.Атақты әншіні жаз:











Кестемен жұмыс.Жұптық жұмыс



Сұрақ

Жауап

1.Бір ғасыр өмір сүрген ақынды жаз:







2.Атақты тары өсірушіні жаз:







Әр оқушы орындаған тапсырмаларын дәптерлдеріне жазып отырады.

3-бөлім <<Ой толғау>> бөлімі бойынша тақтада оқулықта берілген сөзжұмбақты шешеді.

<<Алтын>> сөзжұмбағын шеш.

1.Әдебиетте табиғаттың бейнеленуі? пейзаж

2. Жұмыла көтерген жүк қандай жеңіл

3. Бауыржан кім? батыр

4. Атақты тарышы Шығанақ

5. 90 жастағы тарлан Кенен

Тест тапсырмаларын оқушылар жеке орындайды.

Тест

Сұрақтары

Жауаптары

  1. Қазақ ордасының ханы?

а) Қабанбай

ә) Абылай + б) Қаныш

  1. Қабанбайдың шын аты?

а) Әбілмансұр

ә) Нұрмағанбет

б) Ерасыл +

  1. <<Атымтай Жомарт>>өлеңінің авторы?

а) Қадыр Мырза Али +

ә) Мұхаметжан Етекбаев

б) Базарбай Исаев

  1. Ақ күріштің атасы Ыбырай жайлы қай мәтінде айтылған?

а) <<Қанышбұлақ>> Т.Имантаев

ә) <<Құдайы қонақ>> Аян Нысаналин

б) <<Күріш туралы сыр>>Б7 Исаев +

  1. <<Балуан Шолақ>> өлеңінің авторы?

а) Әли Ысқабай

ә) Сәкен Сейфуллин +

б) Жұбан Молдағалиев

  1. Кеңес Одағының Батыры,

жазушы,ғалым Мәлік Ғабдуллин

жайлы қай мәтінде айтылған?

а) <<Кішіпейілділік>> Ж.Молдағалиев +

ә) <<Ұшқан ұя>> Б.Момышұлы

б) <<Жер идірген>> Өтебай Қанахин

  1. Атақты тарышы Шығанақ Берсиев

қай жылы дүниеден өтті?

а) 1941 ж. ә) 1944ж.+ б) 1942ж.

  1. Отанның адал ұрпағы боламыз,

өсиеттеріңізді әрқашан бұлжытпай

орындаймыз ата!-сөзі қай мәтіннен?

а) Миуалы ағаш

ә) Ананың алақаны

б) Тоқсан жастағы тарлан +

  1. Д.А.Қонаев қай жылы дүниеге келді?

а) 1912ж.+ ә) 1955ж. б) 1986ж

  1. Монумент дегеніміз не?

а) республика рәмізі

ә) үлкен ескерткіш +

б) Алты Алаш

Оқушының аты-жөні:

Сабақты қорытындылау

Кері байланыс

<<Табыс сатысы>> әдісі арқылы сабақты қорытындылау.



Үй тапсырмасын беру.

Әр топ өз атауларына байланысты шағын эссе жазып келеді.



Бағалау

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.





Тексерілді:































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
684
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі