Тәрбие-тал бесік.
Баланың жақсысы-қызық. Баланың
жақсысы –әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы.
Жаманы-қайғысы, азап-соры. Бұл
пікірді атақты педагог В.Сухомлинский айтқан . Демек бала
тәрбиесінде мектеп пен отбасы міндеттерін күшейтеді. Қазіргі кезде
жеткеншектерге жүктелер міндет те ерекше үлкен. Өйткені
Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашары да, арқасүйері
де осынау жас ұрпақ арасынан шықпақ.
Ата-ана тарапынан бала тәрбиесінде қателіктерге
жол бермеу, әрбір балаға ата-ананың өміріндегі алар маңызды орнын
ұұғындырып, оларды қадірлеуге баулу және мектеп пен отбасы
қарым-қатынасын нығайту осы мақщсаттарды жүзеге асыруға ықпал
етеді.
«Тәрбиенің ең тамаша
мектебі-отбасы».Баланы бес жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін
құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң-досыңдай
сырлас.
Адамға ең бірінші білімнен
бұрын тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі-деп Әл-Фараби бабамыз
айтқандай, білім берудің негізгі саласының бірі тәрбие. Оқу мен
тәрбие егіз. Рухани адамгершілігі мол бала тәрбиелеу мектептің де,
ата-ананың да міндеті. Өйткені тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы.
Тәрбие тағдырын алдымен отбасы мүшелері шешеді орындалу тәсіліне
қарай тәрбиені беруді былай бөлеміз: ақыл айту (мақтау, тыйым
салу,түсіндіру)-ісімен жөн сілтеу (бірге жасау, үйрету,
көрсету)-жанала тәрбие (ұрандар, жарнамалар,телерадиохабарлар)т.б.
Көбінесе ата-ана ақыл айту әдісіне бой алдырады. Көзің ашқалы
естігені өйтпе-бүйтпе болған бала еейе келе оған қолды бір-ақ
сілтейді. Тәрбие жас мөлшеріне қарай берілгені
абзал.
Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйелі
заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге
байланысты. Әрине бұл жерде отбасы маңызды орын алады. Отбасы
адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы ата-анасы».
Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын тылсым дүниенің
жұмбақтарын танытып, тағылым-талғамға, әдептілікке баулиды. Себебі,
отбасы-таным бесігі, отбасы-үлгі өнеге бастауы. Ата-ананың үйдегі
қарым-қатынасы, киім киюі, мінез құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.
Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны
іледі». Бала отбасында «Әкеден-ақыл, анадан-мейір алады». «Әке
асқар тау болса, ана бауырындағы бұлақ, ал бала жағасындағы құрақ».
Осы бір үш сөз әке,ана, бала-отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.
Бала тәрбиесі-бесіктен, яғни «баланы бастан».Ертеде бір кісі балалы
болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді
қашан қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6
айлық болса, онда сен тәрбиелеуді бастауға 6 ай кешігіпсің деген
екен». Кейде кейбір ата-аналар баласы кішкентай кезінде дегенін
беріп, айтқанына көніп, «өскенде өзі-ақ біледіге» салады, яғни
кейін тәрбиеде жіберген қателігін кеш түсініп, опық жеп жатады.
Адамды 3 нәрсе қайғыға салады екен.
1-шісі кәрілік, оны өзгерте алмайсың, ол табиғи
құбылыс.
2-шісі өлім оны да өзгерте алмайсың, ол Алланың
бұйрығы.
3-шісі жаман бала, одан құтылуға болады, тек
жақсы тәрбиенің арқасында ғана.
Сондықтан ата-аналардан өз міндеттеріне өте
жауапкершілікпен қарап, ұрпақ тәрбиесін тек мектепке ысырып,
қоймағандарын қалар едік.Бұл үшін төмендегідей міндеттерді тағы бір
еске салып қойсақ артық болмас деп ойлаймын. Олар:
-ата-ана мектеп ұжымымен тығыз байланыста
болып,өз баласының әрекетін бақылауды қамтамассыз ету;
-балаға жанұяда қалыпты жағдайдың сақталуын,
оқуына қажетті материалды қамтамассыз ету;
-мектеп жарғысын орындау;
-баланың уақытында тұрып,кешікпей сабаққа келуін,
себепсіз қалмауын, сырт көрінісін талап бойынша орындауды
қамтамассыз ету.
Қазір заманымыз жақсарып, халықтың әл ауқаты
артқан кез. Дегенмен де әртүрлі діни көзқарасты адамдардың үгіт
насихатына балалардың еріп кетпеуңн қадағалағанымыз жөн.
Ата-аналар балаларының немен шұғылданатынын,
мектепке қалай барып келуін, күнде қанша сабақ болып,қаншада
қайтатынын біліп отырулары керек.
Мектеп пен ата-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе,
балаға тиісті көңіл бөле білсе, олармен санаса білсе келекшектің
шын жанашары, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары
сөзсіз.
Бала тәрбиелеуде ата-ананың
ықпалы зор.Барлық жасыл желектер күннің көзіне қарап бой түзейді.
Олар көлеңкені сүймейді. Артық бұтақтар мен арам шөптерді қырқып,
атап отырсаңыздар, еккеніңіз түзу, алқабыңыз жайнап тұрады. Бала да
сол. Оған ақыл кеңес, өнегелі әңгіме, мейірім керек. Келе-келе
инабатты, зейінді тындырымды, жақсыға жаны құмарболып қалыптасатыны
сондықтан. Олай болса, бала тәрбиесіі тек отбасы да ата-аналық
парызымыз ғана емес, Отан алдындағы борышымыз екенін естен
шығармаймыз!
Нурмухамбетова Г.А.